60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет14/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

-аң, ең, -ң «қоспасы» жалғанып жасалатынын [5, 339-б.] атап өтеді. Неге 
екені белгісіз, 
-аң, ең, -ң-ді «қоспа» деп атайды, бірақ неге олай атағанын ашып 
бермеген. 
Ш. Ш. Сарыбаев – байқампаз ғалым. Ол еліктеуіш сөздердің бірнеше функция 
атқаратынын, олардың көпмағыналылығын байқай алды. Мысалы, қарқ-қарқ сө-
зінің тек қарғаның қарқылы емес, қарқылдап күлген дыбысты да бере алатынын 
мысалдармен дәлелдеу барысында олардың көпфункциялылығы мен көпмағына-
лылығын аша алды. 


31
Ду сөзін талдағанда, оның: 
ду-ду әңгіме; 
дененің ду қызуы; 
екі беті ду ете қалу; 
ду қол шапалақтау сияқты әлденеше мәнмен жұмсалатынын келтіреді. Мысал-
дарда келтірілген сөздердің көбі ым-ишаратты жеткізетін тілдегі бейвербалды эле-
менттер екені мәлім. Сондықтан бұл арада өз тарапымыздан қосатынымыз – елік-
теуіш сөздердің ым-ишараттардың вербалдануын қамтамасыз ете алатын әлеуетті 
сөздердің тобы болып табылатынын атап өту. Бұл мәселе жеке зерттеуге лайық, 
себебі әр сөздің мәнін, жұмсалым кезіндегі семантикасын ашу барысы олардың 
коммуникациядағы қызметін жете түсінуге мүмкіндік береді. 
Еліктеуіш сөздердің грамматикалық сипаты өзге сөз таптарына қарағанда өте 
болмашы. Соған қарамастан Ш. Сарыбаев олардың өзге сөз таптарына ауысуы 
(трансформациялануы) барысында, өзге сөз таптарының грамматикалық сипатын 
иемденуін, сөйтіп тек түбір тұлғада ғана емес, ауыспалы мағынада қолдануының 
себебін нақты мысалдармен, тілдік фактілермен дәлелдеген. Әрі қарай тереңдей қа-
рағанда, сөздердің конверсиялануы процесі жайында өзі атап айтпағанмен, ой сала 
алғаны сезіліп тұрады. 
Ш. Сарыбаев белгілі диалектолог ретінде кейбір еліктеуіш сөздердің облыс не 
аудан көлемінде ғана қолданылып, говорлық, диалектілік сипатта болатынын 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет