60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет16/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Момынова Б., Саткенова Ж. Қазақ тілінің морфологиясы. Есімдер. – Алматы: 
Арыс, 2007, 29-б. 
2. Суник О. П. Общая теория частей речи. – Москва, 1966. 
3. Савченко А. Н. Части речи и категории мышления. – М., 1980. 
4. Момынова Б. Тілдегі жаңа бағыттар мен типтік қатынастар. – Алматы: Арыс, 
2010. 
5. Сарыбаев Ш. Қазақ тіл білімі мәселелері. – Алматы: Арыс, 2000. – 613б. 
АКАДЕМИК Ш.Ш. САРЫБАЕВТЫҢ ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ
ҚАЗАҚ ДИАЛЕКТОЛОГИЯСЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
Үдербаев А.
Сәтбаев Университетінің ассистент-профессоры, филол.ғ.к.
Қазақ тіл білімінде диалектология саласындағы алғашқы зерттеулер Ж.Аймауы-
товтың мақаласынан бастау алып, Ж.Досқараев, С.Аманжолов, Н.Сауранбаев ең-
бектерімен жалғасты. Бұдан кейінгі жылдары да өзге де тілшілердің диалектоло-
гияға байланысты бірқатар мақалалары республикалық және одақтық баспасөз бет-
терінде жарық көрді. Бұл саладағы ғылыми зерттеулер 1952 жылдан бастап жан-
дана түсті. Сол кездерде ғылымға келген жаңа толқын, жас зерттеушілер, бүгінде 
қазақ диалектологиясының көрнекті өкілдері Ш.Ш.Сарыбаев, Ғ.Қалиев, С.Омарбе-


33
ков, Ә.Нұрмағамбетов, Ж.Болатов, О.Нақысбеков, Т.Айдаров сынды ұстаз-ғалым-
дарымыз жалғастырып, кеңестік түркі тілдерінің ішінде қазақ диалектологиясын 
алдыңғы қатарға шығарды. Ғалымдар қазақ диалектологиясының өзекті бағытта-
рын белгілеп, күрделі проблемалары бойынша, атап айтқанда, Ш.Ш.Сарыбаев қа-
зақ тілінің аймақтық лексикографиясы, Ж.Болатов қазақ тілінің шығыс сөйленістер 
тобы, Ә.Нұрмағамбетов батыс сөйленістер тобы, О.Нақысбеков оңтүстік сөйленіс-
тер тобы, С.Омарбеков қазақ тілі сөйленістерінің дыбыстық жүйесі, Ғ.Қалиев қазақ 
тіліндегі диалектілік сөз тудыру, Т.Айдаров лингвистикасы география мәселелерін 
тереңдеп зерттеп, докторлық диссертациялар қорғады, монографиялар жариялады. 
Ғылыми ізденістер жалғасын тауып, диалектология жөнінде басқа да кандидаттық 
диссертациялар жазылды. Ғалымдар қазақ диалектологиясында тың жаңалықтар 
ашты, негізгі ғылыми проблемалардың шешімін тауып, қазақ тілінің сөйленіс топ-
тарын белгілеуге негіз болатын фонетикалық, морфологиялық, лексикалық ерек-
шеліктерді айқындап, олардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын, жұмсалу 
ерекшеліктерін көрсетіп, жергілікті тілдегі ішкі және сыртқы факторлардан бола-
тын құбылыстардың шығу төркінін анықтап, негіздеп берді. Бұл еңбектер қазақ 
диалектология саласының дамуына, кемелденуіне зор ықпал етті.
Шора Шамғалиұлы Сарыбаевтың қазақ диалектология ғылымына қосқан үлесі 
зор. Бұл турасында академиктер Ә.Қайдар, Ө.Айтбаевтың «Шөкең өзінен бұрын-
ғы диалектологиялық зерттеулерге шолу жасап, баға беру арқылы, осы мәселеге 
арналған одақтық конференцияларға қатысып, өз пікірін ортаға салу арқылы аз 
жылдың ішінде үлкен «диалектологиялық мектептен» өтті деуге болады. Қазақс-
тандағы Ж.Досқараев пен С.Аманжоловтан кейінгі бірегей диалектолог-маман ре-
тінде қалыптасты» [1, 7] деп баға берген сөздерін келтіргіміз келеді. Ғалымның 
еңбектерін саралай келе, зерттеулерінің негізінен диалектілік лексикографияның 
теориялық және практикалық мәселелері, қазақ лингвогеографиясы, қазақ диалек-
тологиясы бойынша оқулықтар жазу, диалектологиялық далалық зерттеулерге қа-
жет экспедициялар ұйымдастыру, диалектологиялық (аймақтық) сөздіктер шығару 
ісі, сондай-ақ әдеби тілді диалектизмдермен байыту, т.б. мәселелермен байланысты 
бағыттарда жүзеге асқанын көруге болады. 
Мақаламызда академик Ш.Ш.Сарыбаевтың екі-үш еңбегі туралы сөз етпекпіз. 
Ғалымның диалектологиялық зерттеулерінің ішінде «Казахская региональная лек-
сикография» атты (1976) еңбегінің орны бөлек [2]. Бұл кітап – түркі тілдерінің 
лексикографиясы бойынша жарияланған алғашқы теориялық еңбектердің бірі, ға-
лымның көп жылғы еңбектерінің, ізденістерінің қорытындысы ретінде 1973 жылы 
«Қазақ аймақтық лексикографиясының проблемалары» деген тақырыпта қорғал-
ған докторлық жұмысының негізінде жарық көрді. Сол кезге дейін түркі тілдерінде 
әзірбайжан тілінің түсіндірме сөздігі бойынша А.А.Оруджеваның және түркі-орыс 
сөздіктерін түзу принциптері бойынша А.А.Юлдашевтің ғылыми еңбектері ғана 
белгілі болатын [3]. Ал қазақ лексикографиясындағы зерттеу мақалалардан басқа 
еңбектер жоқтың қасы еді. 
Ш.Ш.Сарыбаевтың бұл кітабында орыс тіл білімі, түркі тілдеріндегі диалектоло-
гиялық сөздіктерді түзудің теориялық мәселелері, қазақ диалектілік лексикасының 


34
типтері мен оның кәсіби, ескі кітаби, қарапайым лексикалық бірліктерге қатына-
сы зерделенеді. Сондай-ақ әдеби және диалектілік лексикографияның өзара байла-
нысы, әсіресе диалектологиялық сөздіктерге енетін жергілікті сөздерді таңдаудың 
принциптері, көпмағыналы диалектілік, диалектілік-әдеби, диалектілік-кәсіби сөз-
дердің, омонимдер мен омоантонимдердің, этнографизмдердің лексикографиялық 
ресімделуіне ерекше назар аударылады. Аймақтық сөздіктің құрамы мен ондағы 
сөздік мақалаларының құрылымы, жергілікті тілдегі кірме сөздердің (орыс, араб-
парсы, түркі тілдерінен енген) түрлері, шығу төркіні, лексикографиялану тәсілдері, 
сөйленіс иелерінің тілінен, мерзімді баспасөз, көркем әдебиет беттерінен жиналған 
иллюстративтік материалдарды сөздікте орналастыру жолдары, шартты белгілердің 
құрамы, оларды пайдалау ерекшеліктері сынды мәселелер жан-жақты зерттеленді. 
Сонымен қатар еңбекте диалектологиялық сөздіктердегі диалектизмдердің бері-
лу ретін қарастыру барысында әдеби тілді байытуға жарарлық сөздердің түсіндірме, 
екі тілді сөздіктердегі көрінісін, лексикографиялану жолдарын санамалап көрсете-
ді. Ғалым диалектілік лексиканы әдеби тілдің сөздіктеріне қамтуда төмендегідей 6 
принципті [2, 112-113] ұсынады: 
1. әдеби тілді байытатын жергілікті сөздерге а й м. белгісі қойылған жөн;
2. диалект сөздің әдеби тілде баламасы болған жағдайда мүмкіндігінше ондай 
сөздерді аз қамтыған жөн;
3. диалектілік-әдеби дублеттің жиі жұмсалатын нұсқасы түсіндірме сөздікте не-
гізгі етіп беріледі, келесі нұсқасының түсіндірмесінде негізгі нұсқаға сілтеме жаса-
лады;
4. диалектілік-кәсіби лексика құрамындағы жалпы қолданысқа ие сөздерді кеңі-
нен таныстыру мақсатында әдеби сөздіктерге енгізген жөн;
5. жергілікті сөздердің әрі диалектілік, әрі әдеби тілдегі мағынасы қатар жұмса-
латын болса, әдеби сөздіктерге тек соңғы мағынасын енгізіледі
6. белгілі бір сөздердің (там, леген, пияла) бірнеше мағынасы болып, баспасөз 
тілінде олар жарыса қолданылса, әдеби сөздіктерге барлығы қамтылады. 
Бұл принциптер ғалымның жауапты редакторлығымен жарық көрген «Орысша-
қазақша сөздікте» және кейінгі түсіндірме сөздіктерде жергілікті сөздерді лексиког-
рафиялауда басшылыққа алынды. Бір ескерерлік жайт – Ш.Ш.Сарыбаев еңбегінде 
ғалымдар мен әдебиетшілердің назарын аударарлық, әлеуеті жоғары диалектизм-
дер ретінде көрсетілген зембіл, айлақ, арасан суы, дәке, қыша, ашкөк, пендір, жең-

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет