60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет15/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

сайқ-
сайқ, қадақ-құдақ сияқты бірен-саран сөздерді мысалға келтіріп, аталмыш сөздер 
тобының осы сипаты туралы да пікір қалыптастыра алды. Әрине, бұл пікірінің жал-
ғастық тапқаны, ойының қарымдылығы, ой-пікірдің материалдардың молдығымен 
дәлелденгені аймақтық сөздер сөздіктерінде жинақталуымен сөзсіз дәлелденді. Ал 
ғалымның 
қос сөздер туралы ізденістері – жеке қарастыруға лайықты және бүгінгі 
таңда өзектілігі тіптен артып отырған грамматиканың аса қызықты мәселесі. Сон-
дықтан бұл мақалада қос сөздер туралы сөз қозғамай-ақ болашақта пікір білдіру 
жөн деген ойдамын. 
Қорыта келгенде, белгілі ғалым, белгілі түрколог, алтайтанушы академик Ш. Ш. 
Сарыбаев қазақ тіл білімінің ең өзекті деген мәселелеріне қалам тартты. Ірі ізденіс-
терге барды, зерттеулер жүргізді. Тілші-ғалым ретінде Шора Сарыбаевтың диалек-
тология, лексикология, терминология, лексикография, грамматика, әдеби тіл және 
тіл тарихына байланысты жазған еңбектері, зерттеулері аса айшықты. Тілдегі жаңа 
қолданыстарды теріп, екшеп отыратын қасиеті БАҚ тілінің тазалығы, тіл мәдениеті 
мәселелерін қозғағандығының айғағы. Оның «Бұқаралық ақпарат құралдарында-
ғы жаңа қолданыстар»; «Спорт терминдері»; «К вопосу о нормализации дублет-
ных вариантов»; «Әдеби тіл діттеген мүдде» т.б. ондаған ғылыми туындылары 
оны тілдегі әр құбылысқа үн қосқанын байқатады. Әсіресе лексикографияға байла-
нысты «Отражение и подача диалектной лексики в толковом словаре казахского 
языка», «О новом типе словаря» сынды еңбектері түсіндірме сөздік түзуде нұсқау-
лық қызметін, сөздіктің түзілу принципін негіздеудегі маңызы барын білдіреді. 
Ғалым зерттеулері тіл білімі мәселелері бір-біріне сабақтасып жататыны сияқты, 
көпаспектілі болып келеді. Көпаспектілік бағыт адам білімінің кешенділігінің бел-


32
гісі, ғалымның ізденімпаздығының көрсеткіші. Өйткені тілде бір-бірімен сабақтас-
пайтын, бірі-біріне әсер етпейтін проблема болмайтыны тілдегі иерархия, тілдегі 
парадигматикалық қатынастар арқылы дәлелденген. Бірақ бұрын-соңды қазақ ға-
лымдары бара алмаған, бәлкім елеп-ескермеген, қазақ тіл білімінің библиография-
лық көрсеткішін құрастыруды алғаш қолына алып, ұзақ жылдар ерінбей-жалықпай 
жүргізген ғалым екенін айрықша атап өту керек. Өйткені бүгінгі таңда өзін ғалым 
санап, республикаға танылып жүрген аға, орта және кейбір жасамыс ғалымдар ті-
зімге ілініп, қай сала маманы екенін өзгелер біліп жатса, ол академик Ш. Ш. Сары-
баевтың өзгелер үшін жасап кеткен қажырлы еңбегінің, қазақ тіл білімінің библиог-
рафиялық көрсеткішінің нәтижесі. Академиктің осы іске бармауына да болатын еді, 
бірақ нақ осы арада ғалымдығына қоса адамгершілігі сөйлегені ақиқат, әкесі Шам-
ғали Сарыбаевтың үлгісі ықпал еткені де – шындық. Ал Шора Шамғалиұлы ғалым-
дар отбасының ерекше дәстүрі болатынын қазақ тіл білімінің тарихында дәлелдей 
алған бөлек тұлғаға айналды, дәстүр, ғылыми дәстүр, ұрпақ жалғастығы осылай 
қалыптасатынына ғалым атаулының көзін жеткізді. Шағын мақалада академик Ш. 
Сарыбаевтың ғылымдағы жолының бір үзігінен хабар беру мақсаты ғана болды. 
Бірақ әр мақала сайын ғалым еңбегінің ғұмыры ұзаратынына, еңбектерінің мәні 
ұрпақ ауысқан сайын арта беретініне сенім көп. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет