28
бірнеше грамматикалық формалардың қиылысу нүктесі болып саналады. Бірақ бұл
әр тілдер семьясында әр түрлі болып келеді. Білім алушылар грамматикалық кате-
гориялар парадигмасы мен сөз таптары парадигмасының өзара қатынасы туралы
толық түсінік алуы тиіс. Аталған екі парадигма да тіл жүйесінің парадигматикалық
иерархиялық қатынастағы абстрактілі-грамматикалық деңгейіне жатады. Бұл дең-
гейлерді жан-жақты зерттеген морфолог А. В. Бондарко «сөз таптары парадигма-
сы» деген терминді қолданбағанмен, «сөз таптарын сипаттайтын морфологиялық
категориялардың кешені» деген күрделі терминмен атайды.
Грамматиканы зерттеуші О. П. Суник сөз таптары ұғымын сөз ұғымына қараған-
да әлдеқайда тар мәнді деп санайды [2, 42-б.]. Өйткені сөз таптары грамматикалық
құрылыстың бір бірлігі ғана, яки сөзді грамматикалық құрылыстың бірлігі деп қа-
рауға мүмкіндік туғызатын бір аспектісі ғана. Кез келген сөз табы сөздерді жал-
пыграмматикалық мағынасына қарай ғана сөз табы деген ұғымға біріктіреді. Тіпті
жалпы алғандағы сөз таптары деген ұғымның өзі сөздің бүкіл құрылымдық-семан-
тикалық және функционалды қатарын («разрядын») бірден көрсете алмайды, сон-
дықтан сөз бен сөз таптары тепе-тең бола алмайды. Әр түрлі сөздер бір сөз табына
топтастырылғанмен де, әр түрлі сөздер болып қала береді. Сондықтан, сөз табы
дегеніміз – сөздің ең маңызды жалпыграмматикалық мағынасын көрсететін катего-
рия ғана. Жалпыграмматикалық категорияларға сөз таптары, сөйлем мүшелерінің
категориялары т.б. жатса, жекеграмматикалық категорияларға септік, көптік, жақ,
шақ т.б. категориялары жататыны, сондықтан.
Сөз таптары дегеніміз – категориалды жалпы грамматикалық мағынасы бар сөз-
дер класы. Тіпті бір-біріне қарама-қарсы мағыналы сөздер, айталық,
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: