60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет11/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

күн мен түн
ақ пен қарақараңғы мен жарық, т.б. бір грамматикалық разрядпен бір сөз табы-
ның аясына енеді. Ал осылардан туындайтын, бір қарағанда ұқсас сөздер 
күндік 
(ақы) пен 
түндік (сапар)ақтық (тары) пен қаралық (ойын), қараңғылық (сәт) 
пен 
жарықтық (сәт) сын есімдер (синтаксистік функциясына қарай ғана) болып 
кетеді. Күн, түн, жарық, т.б. сөздерді зат есімдерге жатқыздыртып тұрған сөздер-
дің заттығы немесе субстанционалдығы болса, күндік, түндік т.б. сын есім ретінде 
көрсетіп тұрған осы сөздердің атрибутивтілігі екені белгілі, тағы сол сияқты сөздер 
қимыл мен әрекетті білдірсе, олардың процессуалдығы немесе динамикалығы, се-
мантикасы олардың қай сөз табына жататынын нақтылайды. 
А. А. Шахматов сөз таптарының семасиологиялық негіздерінде лексикалық не-
месе семантикалық мағына жатыр деп түсіндіреді. Сондықтан да ол сөз таптарын 
лексика-грамматикалық категория деп таниды, себебі оның пікірінше, сөздерді сөз 
таптарына біріктіретін сөздердің лексикалық негізгі мағыналары болып табылады. 
А. А. Шахматовтың бұл пікірін толық мойындамағанмен, В. В. Виноградов грам-
матикаланған категориялардың, зат яки заттық категория, сапа мен сапалық, зат-
тың қимылын, күй-қалпын білдіретін психологиялық тұрғыдан барынша абстрак-
тіленген категориялардың болатынын, олардың мағынасын грамматикалық мағына 
ретінде қабылдайтынын айтады. Н. С. Поспелов сөз таптарын «лексика-грамма-
тикалық категорияға» жатқыза отырып, заттық, сын-сапалық, т.б. категорияларды 
үзілді-кесілді таза грамматикалық категорияға жатқызады. Сөз таптарын сөздер-


29
дің лексика-грамматикалық разрядтары деп, ал олардың жалпыланған лексикалық 
мағыналарын абстрактіленген грамматикалық заттық, сапалық, т.б. мағыналарға 
ауысудың нәтижесіне жатқызады. Дегенмен максимальды түрде жалпыланған лек-
сикалық мағыналар абстрактіленген грамматикалық мағыналарға ауысса, осыған 
сәйкес сөздердің түрлену формасы да грамматикалық болса, неліктен сөз таптарын 
лексика-грамматикалық деп атайтынын түсіндіре алмайды. Ғалымдардың бірқата-
ры грамматикалық мағынаны сөздің негізгі мағынасына қосымша мағына деп түсі-
неді [3]. 
Грамматикадағы логикалық бағытқа байланысты сөз таптарын ерекше лингвис-

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет