60х84 1-8 Сарыбаев indd


қап аз тұрды да. – Ал, жолың болсын, ендеше! — деп қолын ұсынды (С. Ерубаев).  Айдын теріс бұрылғанда, Алма Асанға басын шайқады


бет146/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

қап аз тұрды да. – Ал, жолың болсын, ендеше! — деп қолын ұсынды (С. Ерубаев). 
Айдын теріс бұрылғанда, Алма Асанға басын шайқады (С. Ерубаев). Мұнысы ке-
лістік дегені еді. Келтірілген мысалдың алғашқысында «бас шайқау» ишараты ар-
қылы отырғандармен келіспегендікті білдірсе, екіншісінде «реніш пен көңілі тол-
мағандық», үшінші сөйлемде екі адамның келісімге келу ишараты байқалады. [6] 
Бейвербалды амалдардың астарындағы мағына мен мәнді шеше алмаса, ол өзгелер 
үшін құпия, жасырын болып келеді. Бейвербалды амалдардың астарындағы хабар-
ды толық түсіну үшін адресат пен адресанттың қолданылған құрылымдар жөнінде-
гі білім дәрежесі тең болуы қажет. Яғни, бұл дегеніміз, қолданыстағы бейвербалды 
амалдардың жалпыға түсінікті болуы. 
Жоғарыда атап өткеніміздей, бейвербалды амалдар қол қимылдары арқылы, бас-
пен берілетін қимылдар, дене қимыл-әрекеті және түрлі таңбалар арқылы жүзеге 
асады. Ендігі тоқталатынымыз қол қимылдары арқылы жүзеге асатын қарсылық 
мәндегі ишараттар. Қолды жоғары көтеру – сөз таластырып отырғандарға тоқтау 


296
салу, қарсылығын білдіру, екінші бір адамға сөз кезегін беру. Мағынасы алшақ бол-
са да, бұл тұста да қарсылық мән бар. Бұл ым-ишаратты көне ишараттарға жатқы-
замыз. Себебі хандар, билер қолдарын жоғары көтеру арқылы сөзге тоқтау салып, 
қарсылығын немесе сөз кезегін берген. Құнанбай шыдай алмай оң қолын жоғары 
көтеріп «Доғар!», деп айқай салды. (Әуезов М. Жиырма томд., 2т., 168-б.). Ғалым 
Б. Момынова қолды жоғары көтеру ишаратын «тиым, тоқтау салу ишараттарына» 
жатқызады. 
Оң қолды көтеру – тиым салу мағынасында, сөз біткенін, сөзден тиылуды сұрап 
орындалатын ишарат. 
Би оң қолын көтеріп, екеуіне тыю салды. 
-Болды! Жетті! Ұқтым көмейлеріңді! (Есләмғалиұлы М. Әйтеке би, 366-б.). [3, 
168-б.]
Қол қимылдары арқылы жүзеге асатын ишараттың тағы бір түрі – қолды айқас-
тыру. Ишараттың бұл түрі бірден қарсылық мәнді білдіреді. Яғни екі қолды кеуде 
тұсына әкеліп бір біріне айқастыра көрсету «жоқ», бармаймын, дұрыс емес, мен 
емес, сөйлемеймін т. б секілді үзілді кесілді қарсылықты білдіретін ишарат. Бұл 
ишараттың басқаларынан ерекшелігі бірнеше мән мағынаны білдірмейді. 
Адам баласының қарым-қатынас жасау қажеттігінен пайда болған дене тілі ту-
ралы түрлі пікірлер бар. Мәселен, тілші-ғалым Қ. Жұбанов: «Дыбыстап сөйленген 
сөздің олқысы, көбінесе ыммен толады. Тіпті бірінің тілін бірі білмеген я болмаса 
бірінің тілі мүлде жоқ болған уақытта да, ыммен ылаждап түсінуге болады» [8]. 
Бұл пікірден сөйлеу әрекеті кезінде айтылмай қалған немесе түсіп қалған сөйлемді 
тыңдаушыға бейвербалды құрылымдар арқылы толықтыруға болатындығын аңға-
рамыз. Бұл пікірді басқа да ғалымдар құптайды: «Ым-ишара — санамен ұғыны-
латын көнеден келе жатқан әмбебап сигнал. Ол ақпараттың дұрыс қабылдануына 
көмектеседі», [6]
Бейвербалды амалдардың өзі көп мағыналыққа ие болғандықтан, кей тұстарда 
ақпарат алмасушылардың арасында түсініспеушілік туғызады. Мақаланы жазу ба-
рысында байқағанымыз бейвербалды амалдарды топтастыруда бірізділік жоқ, әр 
ғалым өз түсінігіне қарай топтастырған. Мақала Б. Момынованың еңбектеріне сү-
йене отырып жазылды. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет