60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет149/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   179
Пайдаланылған әдебиет: 
1. М. Жолшаева «Қазақ тіліндегі аспектуалды семантика: форма және мазмұн: 
филол. ғыл. док... . автореф. - Алматы, 2009. 
2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1974. – 112 б. 


300
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ТІЛ ҮЙРЕТУДЕ ГРАММАТИКАЛЫҚ ДАҒДЫ 
ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Рауандина А.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 
қауымдастырылған профессоры, педаг. ғ. к.
Рауандина Г.
Қарағанды мемлекеттік техникалық универсиетінің аға оқытушысы, магистр
Қасен М.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің 2 курс магистрі
Кез келген екiншi тiлдi меңгеруде грамматиканың орны ерекше, өйткені онсыз 
ойыңды жинақтап сөйлемге айналдыру, байланыстырып жеткiзу мүкiн емес. Грам-
матиканың қатысынсыз бейтарап сөздер жай ғана бытыраңқы жеке-жеке ұғымдар-
ды бiлдiретiнi сөзсiз. Демек, грамматиканы толыққанды тiлдесiмге жетудің құралы 
деп қарастыруға болады. Бiрақ үйренетiн тiлдiң ауқымындағы грамматикалық жүйе 
туралы бiлiм, ережелер, категориялар, ұғымдар туралы бiлiмдер сол тiлдi меңгер-
гендiктiң көрсеткiшi бола алмайды. Үйренiп отырған тiлде шынайы коммуника-
циялық тiлдесiмге түскенде ғана сол тiлде сөйлеу сауаттылығына жетуге болады. 
«Лингвистикалық заңдылықтар мен грамматикалық ережелерді үйренбей тұрып, 
адам өз ойын дұрыс жеткізе алмайды, сол тілде сөйлей алмайды. Бір-бірімен бай-
ланысқа түспесе, белгілі бір сөздердің тобы қаншама көп болғанымен, ой түсінік-
сіз болады. Айтайын деген ой ұғынықсыз болса, оны екінші адам түсінбесе, тілдік 
коммуникация да іске аспайды» [1, 30]. 
Грамматканың тiл үйренудегi негiзгi және шешушi фактор. Грамматика – 1. тіл-
дегі сөздердің өзгеруі мен түрленуін, сөздердің тіркесуі және сөйлем құру заңды-
лықтарын зерттейтін тіл білімінің саласы; 2. тілдің дыбыстық жүйесін, сөз құрылы-
мын, олардың байланысу ережесін үйретеді. 
Қазақ тiлiн үйренуде грамматика маңызды рөл атқарады, қазақ тілін қарым-қаты-
нас құралы ретінде оқытуда грамматика сөйлеуді үйретуге қызмет етеді және қол-
данбалы мәнге ие болады. Себебі ол оқушылардың: 
1. өзге тілде сөйлесімді дұрыс құрастыра алуына; 
2. айтылған сөзді дұрыс түсінуіне; 
3. қажет болғанда сөйлесімнің құрылымын саналы түрде бақылап, талап етілген 
грамматикалық форма мен құрылымды саналы түрде таңдай алуына керек. Тiлдiк 
материал оқыту мақсаты мен оқушылардың бiлiм деңгейiне байланысты ұсыныла-
ды. Орыс тілді мектеп оқушыларына қазақ тiлiн меңгертудiң негiзгi мiндетi – сөй-
лесім әрекетiне үйрету. Коммуникативтiк қарым-қатынасты тудыруға бағытталған 
тiлдiк бiрлiктер жиынтығы мен олардың қызметi туралы бiлiмдерсiз бұл мiндеттiң 
орындалуы мүмкiн емес. Ф. Оразбаева: Қазақ тілін оқытуда ұзын-сонар күрделі де 


301
қиын ережелерді жаттаудан аулақ болып, сөйлесім мен тілдесімді жүзеге асыратын 
тілдік қатынастың негіздерін меңгерткен жөн. Кез келген ереже сөйлеуді үйретуге 
қызмет етіп, тілдесу, пікірлесу үшін оқытылғанда ғана басты мақсат орындалады 
[1, 145]. Грамматиканы күрделі лингвистикалық құбылыс ретінде оқытпай, қазақ 
тілінде сөйлеуге жетудің құралы ретінде оқыту қажет. 
Қазақ тiлiн оқытудың мақсаты – шынайы коммуникациялық жағдайда тілдік қа-
рым-қатынас тудыру және оны қабылдау процесі. 
Бүгінгі қазақ тілін оқыту әдістемесінің обьектісі – өзге тілді оқушыларға қазақ 
тілі пәнін оқытудың мақсаты мен заңдылықтары, мазмұны, формасы мен оқыту 
әдістері болып табылады. Тілді оқытудың мазмұны тілді үйрету барысында нені 
оқыту керек, қандай мәселеге басты назар аудару керек екенін анықтайды. Ғалым-
дар мен әдіскерлерді толғаныдырып келе жатқан алдымен тілді үйрету керек пе, 
әлде сөз бен сөйлеуді үйрету керек пе? – деген сұраққа тілден бұрын сөйлеуді үй-
рету керек деп тұжырымдайды. «Өйткені өзге бір тілді меңгерту – үйренетін тілдің 
лингвистикалық ережелерін жинақтап білу емес, ол екінші тілдің сөйлеу құралдары 
мен әрекетін, тұлғаларын дұрыс пайдалана білу, сол арқылы сөйлесетін дәрежеге 
жету. Сондықтан алдымен сөзді, сөйлеуді негізге ала келіп, содан соң тілді үйретуге 
көшкен жөн. Яғни бүкіл оқыту жүйесі тілмен түсінуді қамтамасыз етуге бағыттал-
ған сөйлесімді үйретуге қатысты жүруі керек» [1, 145]. 
Пассивті грамматика тілдің сыртқы формасының құрылымдық бөліктерінің (эле-
менттерінің) қызметін, мәнін зерттейді. Активті грамматика осы формалардың қол-
данылуын үйретеді. Пассивті грамматикаға сәйкес тілдің грамматикалық құрылы-
мын сипаттаудың алғашқы тәсілі – грамматикалық формалар жүйесінен олардың 
өз сөзін құрастыру функциясына дейін сипаттау. Дәстүрлі мектепте қазақ тілінің 
академиялық грамматикасы осылай құрылған. Қазақ тілін орыс тілді мектептер-
ге үйретуде академиялық, теориялық грамматиканы қолдануға болмайды. Тілдегі 
грамматикалық құрылымды сипаттаудың тағы бір тәсілі – мазмұннан сол мазмұнды 
білдіру құралдарына қарай сипаттау. Онда бір мағынаны бірнеше грамматикалық 
формалар жүйесімен беруге болатыны белгілі. 
Қазақ тілін үйретуде грамматика оқыту сатысына сәйкес айқындалған тілдік ми-
нимумға негізделуі тиіс. Қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде оқыту әдістемесі линг-
вистикамен тығыз байланысты. Дегенмен грамматиканы ұсынуда лингвистикалық 
және әдістемелік талаптар бір-бірімен сәйкес келмейді. Лингвистикада теориялық 
ережелер берілсе, дидактикалық грамматикадағы білімдер оқушылардың жас және 
психологиялық ерекшелігін, әлеуметтік тәжірибесін және басқа да ерекшеліктерін 
ескере отырып сұрыпталады [2, 145]. Сондықтан лингвистика оқытудың тиімділігіне 
тікелей әсер ететін грамматикалық материалдарды жүйелеуге, терминдерді қолдану-
ға және оқытудың барлық деңгейіне бірдей грамматикалық ережелерді, әмбебап заң-
дылықтарды ұсына алмайды. Оқытудағы грамматиканың рөлі лингвистика теория-
сының дамуына, қазақ тілін меңгерту тәжірибесінің нәтижелеріне, мемлекеттің білім 
беру саласында жүргізіп отырған саясатына байланысты өзгеріп отырады. 
Лингвистикалық әдебиеттерде грамматикалық құбылыстарды іріктеудің мына-
дай жалпы ұстанымдары беріледі: 


302
а) әдістемелік мақсатқа сәйкестігі; 
б) коммуникативтік қажеттілік; 
в) грамматикалық форма мен құрылымның тақырыптық-жағдаятқа сәйкестігі 
(осы талаптар негізінде іріктелген 5-6-сыныптарда меңгерілетін грамматикалық 
минимумдардың тізімі қосымшада берілген). 
Қатысымдық әдіс тұрғысынан алдымен ойды, пікірді (коммуникативтік тип, пре-
дикативтілігі, т. б.) жеткізуге тікелей қатысты грамматикалық категорияларды ұсы-
ну көзделеді. Оқушыларға танысуға ұсынылатын мәтін қарапайым әрі тиянақтал-
ған ойды білдіруі тиіс. 
Сөйлесімде кез-келген пікір ойдан туындайды, ал ол ойда сөйлемге айналуы 
мүмкін хабарлама, не сұрақ, я болмаса кеңес болады. Сондықтан грамматиканы 
меңгерту барысында сөйлем негізгі бірлік ретінде танылады. Нақты бір ойды білді-
ретін сөйлемнің құрылымдық сызбасы пайдаланылады. 
Грамматикалық құбылыстарды тілдің деңгейлерімен ұсыну тиімсіз. Граммати-
калық құбылыстар бірден толық көлемде емес, оқу материалын біртіндеп кеңей-
ту арқылы жинақталып, нақты кезеңнің мақсатына сай шағын көлемде меңгертуге 
ұсынылады. 
Грамматикалық дағды ұғымына тоқталмас бұрын жалпы дағды ұғымының мәнін 
ашамыз. Ұлттық психология ғылымының негізін салушы Ж. Аймауытов «Психо-
логия» атты еңбегінде (ғалым дағдыны «әдет» деп алады): «Әуелде қиын көрінген 
нәрсе қайта-қайта істеле берсе, жүре оңайланып кетеді. Тіпті көп дағдыланса, ой-
ланбастан, машина тәрізденіп істейтін боламыз» дейді [3, 133]. Ал, М. Мұқанов 
дағдыларға оқушы жұмысын орындау кезінде төселеді және дағдыланудың салда-
рынан, бұрын қиын деп саналатын істер үйреншікті іске айналады. Міне, осы қа-
сиетті дағды деп атайды» деп, тұжырымдайды [4, 35]. Сонымен «дағды – саналы 
іс-әрекетті орындау процесінде оның жекелеген құрамдарының автоматтанылуы. 
Дағдыда әуелі саналылықпен орындалатын операциялар, кейін оның қатысуынсыз 
жүзеге асып отыратын болады» [4, 37]. 
Қазақ тілін меңгертуде грамматикалық дағыдыны дамыту басым бағыттардың 
бірі болып табылады. Грамматикалық дағды – сөйлесімді морфологиялық-синтак-
систік жамылғымен қамтамасыз ететін синтезделген әрекет. 
Грамматикалық дағды жағдаятты дәл сипаттайтын сөйлесімнің үлгісін таңдау 
мен сөйлесім бірліктерін дұрыс үлгіге салу (грамматикалық үлгі) әрекеттерін бірік-
тіреді. Яғни сөйлеушінің мақсатына қарай сөйлесімнің құрылымын таңдау (нақты 
жағдаятқа байланысты); сөзді тілдік нормаларға және белгілі бір уақыт өлшемде-
ріне сәйкес келетін жамылғымен қамтамасыз ету; осы әрекеттердің дәлдігі мен дұ-
рыстығын бағалау жатады. 
Сөйлесімнің құрылымы адам санасында пайда болатын белгілі бір коммуника-
тивтік міндеттермен тығыз байланысты, себебі сөйлер алдында әр міндетке сай 
құрылым таңдалады. Сонымен қатар сөйлеушінің өз пікірін жеткізу үшін белгілі 
бір құрылымды таңдауы: пікірлесушімен қарым-қатынасына, оның көңіл-күйіне, 
мәдениетіне және т. б. байланысты іске асады. 
Сөздің құрылымын таңдауды дағдының функционалдық жағы деп айтуға бола-
ды. Сонымен қатар оның екінші жағы бар, ол – сол тілде дұрыс әрі жылдам сөй-


303
леуге тікелей әсер ететін грамматикалық формаға салу дағдысы. Бұл лексикалық 
дағдымен – сөз және сөз тіркесін таңдаумен тығыз байланысты. Сөйлесімді белгілі 
бір құрылымға салу осы лексикалық дағдыға негізделеді әрі оны меңгеру деңгейіне 
байланысты болады. Демек, оқушылар жеткілікті деңгейде меңгерген лексикалық 
бірліктер негізінде ғана грамматикалық дағдыны қалыптастыруға болады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет