294
Қарым-қатынастағы бейвербалды амалдар қол қимылдары арқылы, баспен бе-
рілетін қимылдар, дене қимыл-әрекеті және түрлі таңбалар арқылы жүзеге асады.
Бейвербалды амалдардың қандай мағына беріп тұрғандығын
біз тек коммуника-
ция кезінде анық байқай аламыз. Олай деуіміздің себебі бір ғана бейвербалды амал
бірнеше мағынаны білдіруі мүмкін. Мысалы: тілдік қарам-қатынас барысындағы
«үнсіздікті» алайық.
Ғалым Б. Момынова «Үнсіздік коммуникациядағы көмекші құрал» – деп пікір
білдіреді. Ал Ш. Зекенова «Ешбір әрекет істелінбей, адам немесе коммуникативтік
актіге қатысушы тарапынан дыбыс болмай, үн шығарылмаса да ақпарат алуға яки
бір нәрсені түсінуге, адамның эмоциясынан, тілегінен хабардар болуға мүмкіндік
беретін сәт – үнсіздік» деп шартты түрде атайды. Коммуникативтік акт кезіндегі үн-
сіздіктің орны кідірістен (пауза) мүлде бөлек болғандықтан, ол сөйлеу үдерісіндегі
күрделі катигорияға жатады. Үнсіздік сұрау, кінәлау, келісім, қарсылықты білдіру,
коммуникациядан бас тарту секілді мәнде қолданылады. [3, 118б].
Үнсіздіктің ақпарат жеткізудегі орны мен маңызын қазақ тіліндегі: «үнсіз ұғыс-
ты», «ымды түсінбеген дымды түсінбейді», «сөзссіз ұғынысты», «айтпай-ақ ұқты»,
«айтпасада түсінікті болды», «сөзссіз ақ түсінікті болды», «сөздің керегі жоқ»,
«сөздің өзі артық, үнсіз ұғынысты», «үнсіз қалды», «үндей алмады», «үндемей құ-
тылды» деген т. б қолданыстар білдіреді. Жоғарда айқанымыздай үнсіздік көпқыр-
лы семантикаға ие. Үнсіздіктің нақты мән-мағынасы тек мәнмәтінде анықталады.
Үнсіздіктің тілде бекітілген немесе қалыптасқан позитциясы, тұрақты қалыптасқан
вербалды түрі болмайды. Алайда, көбінесе үнсіздік «келісу» немесе «қарсылықты»
мәнді көбірек үстейді. Мысалы : Айғыз Сұмағұлдың қолынан ұстап, Ұлжанға біраз
қадалып тұрды да, үндей алмай шығып кетті. (М. Әуезов. 3т., 107б); Құнанбай ше-
шесіне қарап, үндемей бас изеді. (71б) Абай шеше сырын іштей танығанмен айтар
жауап таба алмай, үндемей сырт айналып кетті. (108б). Бірінші мысалдағы үнсіздік
болған іске амалсыз мойынсынуды білдірсе, екінші мысалда коммуникаттың ай-
тылған сөзді құптап, келісіп отырғанын білдіреді. Ал үшінші сөйлемдегі үнсіздік
түбегейлі қарсылықты мәнді анақ көрсетіп тұр.
Коммуникативтік жағдаятқа қарай қарсылықты үнсіздік бірнеше мағынада жұм-
салады: а) сөйлесуден, қатысымға түсуден бас тарту; ә) пікірін жасырын ұстағысы
келу; б) ашу-ыза буғандықтан, сөйлей алмай булығу; в) басқа бір нәрсеге яки адам-
ға алаңдағандықтан, үнсіз қалу; г) тілдесуші адамды ұнатпағандықтан; д) менсін-
беу т. б. [3, 123б].
Қазақ тілінде үн шықпайтын кездерді
үнсіз, үнсіз қалу// үнсіз қалушылық, үнде-
меу//үндемеушілік, үнсіздік, үні шықпады, үн-түнсіз//үн-түнсіздік, үндей алмау//
үндей алмаушылық, үндесестен кету,
үнсіз отыру, үн шығаруға қорқу т. б. қолда-
ныстармен жеткізумен қатар сөйлемеді,
сөзін іштей айтты, сөзін шығын қылғысы
келмеді, жақ ашпады, бір ауыз сөз айтпады деген қолданыстар вербалданатынын
көрсетеді. Мысалы: Осыдан кейін бір жанға бір ауыз сөз айтқан жоқ. (М. Әуезов.
3т., 196-б). Үнсіздік қазақ табиғатында
жым-жырттықпен, жым-жырт бола қа-
лумен, жым-жырт тына қалумен де жеткізіледі. Мысалы: Абайдың ажарынан қат-
ты сескенген Айгерім бастаған үй іші үнсіз қыбыр етпей, жым-жырт бола қапты.
(М. Әуезов. Жиырма томд., шығ. 6-т., 178б). [3, 124б].
295
Адам қимыл-әрекеттері – коммуникациядағы мәнді көмекші құрал болып табы-
лады. Қазақ мәдениетінде тіпті әр бір дене қозғалысы қандайда бір мән мағынаға ие.
Қимыл-әрекеттер көңіл күйді, адамның мәртебесін де білдіреді. Соған байланысты
«мұрнын көкке көтеріп жүреді», «еңсесі түсіп кетіпті», «басын салбыратып», деген
секілді тіркестер пайда болған.
Коммуникация кезіндегі « қарсы барып тұру» қимыл-әрекеті – қарсылық таныту,
қарама қарсы қозғалып келе жатқан адамның әрекетіне қарсы тұру, жолын бөгеу
ишараты. Осы кезде Әбді мен Сержан, Асқар үшеуі «Е» дескендей ытқып барып,
орақшылардың жолына қарсы басып тұрыса қалды (М. Әуезов. Жиырма томд., 21-
бет). Сондай-ақ, орнынан тұрып қарсы алу – құрмет көрсету ишараты.
Қарсылық мәнді үстейтін қимыл-әрекеттердің түрлері: шыға жөнелу, шығып кете
бару.
Бұл екі іс-әрекет ренжіу, келіспеу, қарсы екенін білдіреді.
Шыға жөнелу – отырған адамның орнынан тез тұрып, шапанының етегін сілкіп
тастап, үнсіз сырт айналып шыға жәнелуі- көңіл қалғандықтың, үй иесіне өкпесі
барды
айғақтайтын, қарсы екенін білдіретін ишарат: Осы сөзді аяқтай бергенде,
Тәкежан мен Майбасар шыға жөнелді (М. Әуезов. Жиырма томд., 130-б.).
Шығып кете беру –
ренжудің белгісі, мәлімеге келе алмағандықты білдіретін
ишарат: Әйтеке шалт қозғалып орнынан тұрды да, әмірмен қоштаспастан дік-дік
басып, қарағайдай еңсесін тік ұстаған беті сарайдан шығып кете барды (Есләмға-
лиұлы М. Әйтеке би, 374-б.); Шұбар енді жауап қатқан жоқ, қатты құлшынып атқып
тұрды да, шыға жөнелді (Әуезов М. Жиырма томд., 334-б.). [3, 318б]
Б. Момынова мен С. Бейсенбаевалар «Қазақ тіліндегі ым мен ишараттың қазақ-
ша-орысша түсіндірме сөздігінде «бас шайқау» ишаратының үш түрлі мағынасын
көрсетеді: «ренжуді, көңілі толмағандықты аңғарту», «таң қалу, таң-тамаша болу,
таңырқау», «біреудің ойымен, пікірімен үзілді- кесілді келіспеуді»[1]. Зерттеуші-
лердің еңбегінде айтылмағанмен, шағын топ мүшелерінің арасында келісімге келу
ишаратын білдіру мақсатында қолданылады. Мысалы:
Ербол төреші болғандық-
тан, енді жұрттың бәрі жаттап алған төрелікті өзі тағы бір айтып, өзі ойла-
нып, бас шайқады (М. Ә
уезов).
Жұмекен: «Әй, балам, балам! — деп басын шай-
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: