297
6. https: //articlekz. com/kk/article/16251
7. Исабеков Д. Гауһар тас. – Алматы, 2012
8. Жұбанов Қ
. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. - Алматы: Ғылым, 1999. - 26-б.
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ҚАЛЫП ЕТІСТІКТЕРІНІҢ
ЖҰМСАЛУ ЖҮЙЕСІ
Жағымғазиева Ж.
Алматы обылысы, Ұзынағаш ауылы Абай атындағы мектеп-гимназиясының
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Тілімізде адамзаттың амал-әрекеті, табиғи күй жағдайлары
тұр, жатыр, жүр,
тұр етістіктері арқылы беріледі. Олар тіл ғылымында қалып етістіктері деп ата-
латыны белгілі. Олар өз алдына жеке-дара қолданылып, лексикалық мағынаға ие
болумен қатар, көсемше тұлғасында келген негізгі етістіктермен тіркесіп, оларға
грамматикалық мағына үстейтін көмекшілік қызмет те атқара береді. Осы төрт
етістіктің
формаларындағы, функцияларындағы, семантикалық реңктеріндегі нә-
зік айырмашылықтарды, бәріне ортақ бірыңғай ерекшеліктерді қазақ тіл білімінде
Қ. Жұбанов, А.
Байтұрсынов, Н. Т. Сауранбаев, С. Аманжолов, Ы. Маманов,
А. Ысқақов, С. Исаев, М. Оразов, Т. Қордабаев, Н.
Оралбаева, З. Оспанова т. б.
белгілі ғалымдар өз еңбектерінде көрсетіп, айтып кеткен. Сондықтан біз қарасты-
рып отырған тақырып бұрын соңды айтылмай, зерттелмей келген тың мәселе емес,
оның негізгі белгілері, ерекшеліктері анықталған. Біздің мақсатымыз қалып етістік-
терінің тіркесімділік қасиетін көрсету.
Қ. Жұбанов қалып етістіктерінің әрқайсысының беретін лексикалық, семантика-
лық мағыналарына қарай оларды дәл осы шақтың төрт түріне бөліп қарастырады.
А. Байтұрсынов қалып етістіктерін көмекші етістіктер қатарында қарап, оның бо-
лымды түрінің жіктелуі басқа етістіктерден өзгеше екендігін, яғни жіктік жалғауы
оларға
тікелей жалғанатынын, ал болымсыз формада келдгенде қалып етістікте-
рі басқа етістіктер сияқты жіктелетінін, яғни тікелей жіктелмейтінін байқаған [12,
244-245 б.].
Н. Т. Сауранбаев «Қазақ тіліндегі көсемшелердің семантикасы мен функциясы»
еңбегінде (1942) күрделі етістіктердің жасалуына тоқталады. Толымды, толымсыз
көмекші етістіктерді нақты атамағанмен,
жатыр, отыр етістіктерінің көсемше
формалы негізгі етістікке тіркесіп, көмекшілік қызмет атқаратынына бірнеше мы-
салдар келтірген.
С. Аманжолов негізінен шақтық мағына осы төрт етістіктің өз ішінде, бүтін тұл-
ғасында болатындығын айтса (1994), аталған төрт етістіктің грамматикалық мағы-
наларын орыс тілімен салыстыра зерттеген ғалымдарымыздың бірі. А. Ысқақов
пікірлерін сараласақ (1991), басқа авторлар пікірінен онша алшақ еместігін байқай-
мыз. Ғалым қалып етістіктерінің негізгі мағыналары мен қызметтерін атқарумен
298
бірге, амал-әрекеттің даму кезеңін (фазасын), өту сипатын білдіруге дәнекер болса,
екінші жағынан, етістіктің нағыз осы шақ категориясын құрауға негіз болады дейді.
Бірақ ғалымның өзіндік көзқарасы да жоқ емес. Оған сыпат категориясының синте-
тикалық түрін атауға болады. Сондай-ақ ғалымның сыпат категориясын үшке бөліп
(қимылдың басталуы, жүріп жатуы, аяқталуы), олардың формаларын көрсетуі ғы-
лым үшін жаңалық деп білеміз.
Тілтанымда іс-әрекеттің уақыт бойындағы ішкі өту ағымын сипаттайтын катего-
рияны деңгейлік грамматикада
қимылдың өту сипаты,
функционалды грамматика-
да
аспектуалдылық (семантикалық категория) деп атау қалыптасқан [1].
Амал-әрекеттің, қимылдың белгілі бір қалпын білдіретін етістіктер қалып етіс-
тіктер деп аталады.
Оларға жатыр, жүр, тұр, отыр етістіктері жатады.
Біріншіден, бұл етістіктер, негізгі етістік есебінде қолданылады: ол отыр, ол ән-
гіме айтып отыр.
Екіншіден, бұлардың лексикалық мағыналары басқа, көмекші етістік ретінде
аналитикалық формант құрағандағы беретін реңктері де әр түрлі.
Үшіншіден, қалып етістіктері жіктік жалғауды тікелей қабылдап, нақ осы шақ
қызметін атқара береді.
Төртіншіден, тіліміздегі өзге етістіктерге етіс жұрнағы қосыла береді, ал қалып
етістігінен өзге
етіс форманты жасалғанымен, өздік етіс жасалмайды.
Бесіншіден, тіліміздегі басқа етістіктің негіздеріне толымсыз көмекші етістіктер
тіркеспейді, ал қалып етістіктері негізіне тіркеседі: тұр еді, жүр еді. [2].
Сөйленімнің дұрыс ұйымдастырылуы сөздердің тіркесу заңдылығын сақтаумен
тікелей байланысты. В. Г. Гак сөздердің өзара тіркесімділігінің негізі болып табы-
латын семантикалық үйлесімділіктің (семнатическое согласование), синтагмема
қызметін атқара алатын семантикалық компоненттің (а – ортақ сема) үш түрлі жағ-
дайда жүзеге асатындығын көрсетеді. Олар:
а) тіркес құрайтын екі сөздің бойында да ортақ синтагмеманың болуы;
б) тіркес құрайтын сөздің біреуінің бойында екіншісімен мағыналық үйлесімді-
лікте айтылуға
қарсы келетін семаның болмауы;
в) тіркес құрайтын сөздің біреуінің мағыналық құрамындағы екінші сөзбен мағы-
налық байланыста айтылуға кедергі келтіретін семаның жойылуы, не болмаса бір
семантемадан екіншісіне жетіспейтін семаның ауысуы [3, 384 б.]. Біз жетекші етіс-
тік пен көмекші етістік тіркесімділігін қандай негізде жүзеге асатындығын көрсету
үшін жетекші етістікті әр лексика-семантикалық топ бойынша алып қарастырамыз.
Қалып етістіктері тілде әрі жетекшілік әрі көмекшілік қызмете жұмсала келе, өзі-
нің аты айтып тұрғандай сөйлемде түрлі мағынаға ие болады. Қалып, амал-әрекет,
бір жерде ұзақ болу, созылыңқылық, сөйлеу, хабар беру сияқты мағынарға құрыл-
ған етістік модельдерін төмендегі мысалдардан көруге болады. Яғни тіркесімді-
лі қасиеті өте жоғары. Мысалы: Нұрдәулет таласа түсіп, сауытты күшпен
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: