60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет150/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Пайдаланылған әдебиет: 
1. Оразбаева Ф. Ш. Тілдік қатынас. 2 том. Шығармалар жинағы. - Алматы: Ан 
Арыс, 2019. -584 б. 
2. Рауандина А. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. ЖОО-ға арналған оқу құралы. -Ал-
маты: Абай ат. ҚазҰПУ. ЖК «Балауса». – 2018. – 128 б. 
Аймауытов Ж. Псиқология. – 
Ташкент
, 1927. 
Мұқанов М. Психология. Жас ерекшелік және педагогикалық психология. – Ал-
маты: Мектеп, 1990. 
ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІН БАСҚА ҒЫЛЫМ САЛАЛАРЫМЕН 
ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ 
Ерхожина Ш. 
Сулейман Демирел атындағы университет, педаг. ғ. к., СДУ профессоры
Кубесова М. 
Сулейман Демирел атындағы университет докторанты 
Білім берудің жаңашыл талаптарына сәйкес оқытуды интеграциялау мәселесі – 
өзінен-өзі туындап отырған мәселе. Қазіргі білімді жаңартылған үлгіге салудағы 
контент әртүрлі ғылым салаларын кіріктіре беру болса, мақсаты – бәсекеге қабілет-
ті жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Тұлғаны жан-жақтылыққа жеткізудің 
негізгі педагогикалық болжамы осы интеграциялай оқытудан көрініс таппақ. Ин-
теграция үдерісі–психологиялық және педагогикалық тұрғыдан дұрыс жүйелеуді 
қажет ететін күрделі құбылыс. Сабақты басқа пәндермен кіріктіре оқыту оқушы-
лардың оқу-танымдық және дүниетанымдық қабілетін арттырып, олардың психо-
физиологиялық ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік тудырады. Интеграция – тек 
қана жеке бөлшектердің тұтасқа бірігуі ғана емес, сандық және сапалық көрсеткіш-
терге жетелейтін әртүрлі деңгейі бар жүйе. Сондықтан олардың қарапайым оқу-
шылық деңгейін саналы түрде альгоритмдік, эвристикалық және шығармашылық 
деңгейге көтере отырып, олардың санасында әлем жайлы біртұтас көріністі қалып-
тастыру мүмкіндіктерін жан-жақты ашуға берері мол. 
Интеграция ұғымы педагогикада XX ғасырдың 80-жылдарының бірінші жар-
тысында пайда болды. Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, интеграция мәселе-


304
сімен алғаш айналысқан да педагогтар екені айқындалды. 20-жылдары ең алғаш 
бұл ұғым «пәнаралық байланыс» болып басталып, 70-жылдарға дейін қызмет етті. 
Интеграция (латынның integration) – қалпына келтіру, қайта құру, толысу, толықты-
рылу сөзінен шыққан және білімнің бірнеше салаға тарамдалуыментүсіндіріледі. 
Келесі анықтама бойынша интеграциялау – бөліктердібүтін шығатындай етіп бірік-
тіру процесі. «Бұл түсіндірмелердегі «интеграция» сөзінің жалпы мағынасы бірдей 
екендігі байқалады да, ал сол сөзді ғылыми термин деңгейіне көтеру үшін оның 
қандай да бір мәнді белгісін бөліп көрсетудің қажеттігін аңғартады» [1, 3], -деп 
отандық ғалымдар мәселе көтеріп, нақты қалай ендіру керек деген сұраққа әдіс-тә-
сілдер арқылы жауап береді. Орыс ғалымдары еңбектерінде «интеграциялай оқы-
ту» мәселесі біршама көтерілген. Мәселен П. Г. Кулагиннің «Межпредметные связи 
в процессе обучения» еңбегінде: «Кез-келген интеграциялық модель – жүйелілік, 
кешендік, тұтастық, синтез бен үйлесімділік. Соңғы кезде пайда болған кіріктіріл-
ген сабақтың мазмұны бұрынғы пәнаралық байланыс ұғымынан қатты алшақтаған 
жоқ»[2], -деп көрсетеді. Интеграциялық модель білімгерлердің әртүрлі интеллек-
туалдық қабілетін дамытуға барынша жағдай жасайды. Олардың білімді өмірлік 
тәжірибеде, нақты өмірдегі білімнің қажет тұстарына іркілмей қолдануға үйретеді. 
Оқу үдерісін ұйымдастырудың бұл түрі әлемді жан-жақты қабылдауға ықпал етіп, 
оқушылардың айналадағы шындықты белсенді білуі әлеуетін дамытады. Сондай-
ақ оның себептік байланыстарын түсінуге және табуға, логикалық ойлауына, қа-
рым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етеді. 
«Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құнды-
лықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, 
дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жа-
сау»[3, 5], – деп Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында көрсетілуі, 
білім алушы тұлғалардың құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған білім беруді 
жаңартудың өзекті екенін білдіреді. Осы орайда интеграциялай оқытудың мүмкін-
діктерін қарастыратын болсақ, интегративтік тәсілдің басты компоненттері – әдісте-
мелік, ұйымдастырушылық-іс-әрекет және мазмұндық. Әдістемелік компонент бо-
йынша, оқытуда көп қолданылатын тәжірибе – бір тақырыпты меңгерту барысында 
бірнеше әдістердің кіріктірілу үдерісі. Модульдік оқыту, Жобалау, Оқу мен жазу ар-
қылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту, Проблемалы оқыту сияқты педагогикалық 
технологиялар әдістері араластырыла қолданылып жүр. Мұндай жағдай кез-келген 
педагогтың тәжірибесіне енгізілген үрдіс. Оқушылардың сабаққа деген ынтасын 
оятуда, қызығушылығын арттыруда және қазақ тілі сабағындағы күрделі граммати-
каны оқыту мәселелерін шешу үшін өте қажет процесс. Демек, оқыту барысында 
әдістерді кіріктіруге әбден болады. Ал ұйымдастыру-іс-әрекет компоненті әр түрлі 
пәндерді оқыту формаларын біріктіруді көздейді, бұл оқушылардың креативтілігін 
қалыптастыруға және стереотиптерін бұзуға бағытталған шығармашылық тапсыр-
малардың санын көп пайдалануға ықпал ететін болады. Мазмұндық компонент әдіс-
терді пайдалану, интегративті курс мақсаттарына жетуге ықпал ететін материалды 
сапалы іріктеунегізіндегі оқу қызметін және мәдениетаралық өзара іс-қимыл, мате-
риалды өз бетінше зерттеусекілді оқудан тыс қызметті қамтиды. Пәндерді өзара ин-
теграциялау арқылы оқыту оқушыларға қазақ тілі пәнінен өтілетін тақырыптарды 
басқа ғылым салалары материалдары негізінде меңгертуге жол ашады. Бұл оқушы-


305
ның алған білімдерін өзара сабақтастыруға, байланыстыруға мүмкіндік тудырады. 
Бұл әр түрлі ғылым саласы элементтерімен негізгі жүйені өзара тану және өзара 
байыту арқасында жаңа дағдылар мен іскерлікті қалыптастырудың нәтижесіндебі-
лім алушылардың мүмкіндіктері кеңейе түседі. Сонымен қатар, іс-әрекеттаңдауда 
еркін, тұлғаның жаңа түрі қалыптасуы мүмкін деген педагогикалық болжамдар өз 
нәтижелерін бере бастады. Қазіргі таңда еліміздегі қоғам дамуының осы кезеңінде 
білім беру жүйесінің басым міндеттерінің бірі болып табылатын толерантты тұл-
ғаны және қалыпты жағдайдан тыс кезеңдерде шешім іздеуге дайын шығармашыл 
тұлғаны қалыптастыру өзекті мәселелердің бірі болса, көзделген мақсаттың үде-
сінен шығудың төте жолы ретінде кіріктіре оқытуды зерттеп, тәжірибеге мол ен-
гізу де маңызды. Қазақ тілі сабағында басқа ғылым салалары материалдарын қам-
ту негізінде оқушылардың адамгершілік құндылықтарымен қатар, олардың негізгі 
коммуникативтік, оқу-танымдық, әлеуметтік-мәдени құзыреттіліктерінің де қалып-
тастырылатыны айқын. «Интеграцияланған сабақтар көбінесе сөйлеуді дамытуға, 
салыстыру, жалпылау, қорытынды жасау қабілеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. 
Сабақтың стандартты емес қызықты түріне байланысты сабақ барысында әртүрлі 
іс-әрекетке ауысу арқылы оқушылардың жүктемесі мен шаршауы төмендейді» [4, 
26], -дейді орыс ғалымы В. Т. Фоменко. Интеграцияланған сабақтар оқушылардың 
меңгерілетін ұғымдарының тереңдігінде көрінетін пән туралы білімдерін жоғары-
латады, оларды интегралды ғылымдардың ақпаратын қолдана отырып жан-жақты 
түсіндірудің нәтижесінде қалыптасады. Оқу материалдарын жетекші идеялардың 
позициясынан қарастыру, зерттелетін проблемалар арасында табиғи байланыс ор-
нату арқылы қамтамасыз етілетін зияткерлік белсенділіктің деңгейі жоғарлайды. 
Сондай-ақ оқушылардың танымдық қызығушылығы артып, сабақта белсенді және 
өз бетінше жұмыстар орындауға ынталы болуына, шығармашылыққа жетуіне, қабі-
леттерін қалыптастыруда қазақ тілін интеграциялай оқытудың маңызы айқын бола 
түседі. Өткен күндер іс-тәжірибелеріне көз жіберетін болсақ, әр кезеңнің өзіндік 
жаңалығы бар. Оқытудың өткен тәжірибелері мүлдем жойылды деп айтуға келмес, 
дегенмен жыл өткен сайын білімнің мазмұндық әдістерінің берілу тәсілдері жаңа-
лана түсетіні айқын. Себебі ғылымның дамуы, білім мазмұнының өзгеруі, өмір та-
лабы, оқушы талғамы үнемі өсуде. Қай қоғамда болмасын шешуші фактор — адам 
және жеке тұлға болып қала бермек. Ғасырлар бойы қалыптасқан рухани құнды-
лықтарымыздан, байлығымызданалшақтамау, одан әрі игеру, жас ұрпақ бойына игі 
қасиеттерді сіңіру – бүгінгі білім беру саласы педагогтарының басты парызы. 
Қазіргі мектеп оқулықтарының жаңа үлгіде құрастырылуында үлкен маңыз бар. 
Бүгінгі шәкіртті ертеңгі мамандық иесі ретінде бағыттау ғылымның әртүрлі сала-
сының интеграциялану бағытында дамиды. Базалық біліміне байланысты іс-әре-
кет түрінде әр түрлі ғылым салаларынан алған білімдерін жұмылдыра пайдалана 
алуға қабілетті тұлғалыққа жеткізуді қажетсіну артып отыр. Оқушылардың жүйелі 
ойлауы, объектіні көпжақты байланыстар мен қатынастардың бірлігінде көре білу 
іскерлігін дамыту бірінші дәрежелі мәнге ие болды. Осы тұрғыдан алғанда білім 
беру жүйесінде пәнаралық интеграцияны жүзеге асыру көкейтесті проблема болып 
табылады. Өйткені ол оқу үрдісінің барлық құрылымдық элементтерін – білім беру-
дің мазмұнын, формаларын, технологиясын бір тұтастыққа біріктіре отырып, оның 
тиімділігінің артуына ықпал етеді. 


306
Б. М. Кедровтың пікірінше, интегративтік тәсіл кешенді әдіс болып табылады. 
Маңызды мәселені ашып түсіндіру үшін ішкі негізгі фактор мен сыртқы фактор-
лардың топтасу үдерісі негізделеді. Негізгі фактордың төменгі сатыларымен ара-
қатынасын анықтау, ашу, ішкі және сыртқы жақтардың өзара байланысыүдеріс ке-
зінде жалпы және жеке объектінің бұзылмаушылығыжеке бөліктен жалпы саны-
на қарай, сандық және сапалық көрсеткіштері кешенді жинақталады. Ғалымның 
кешеді әдіс деп көрсетуінің себебі осында. Бұл өз кезегінде бар білімдерді қай-
та құрастыруға және сапалы жаңа білімдерді қалыптастыруға әкеледі. Оқу пәні-
нің жетекші ережелері, тақырыптары мен идеялары төңірегінде жоғары дәрежелі 
оқытудың интегративті тәсілі мақсаттардың, мазмұнның бірлігін білдіретін оқыту-
дың тұтастығы идеясына сүйенеді. Пәнаралық сипаттағы фактілер, ұғымдар, тео-
риялар, идеялар деңгейінде қорыту, жалпыланған білімнің, тәсілдер мен түрлердің 
тұтас жүйесін қалыптастыруқызметі іске асырылады. Интегративті тәсіл әр түрлі 
оқу пәндері арасындағы, теориялық және практикалық білім арасындағы айырма-
шылықты жеңуге бағытталған. Осыған сәйкес пәндерді интеграцияланған тәртіп-
те оқытубілім алушыларға жаңа білім беруді орындауға мүмкіндік беретін тиісті 
бағдарлы негіз құруды болжайды. Білімнің игерілуін, іскерліктер мен дағдылардың 
белгілі бір жүйеде қалыптасуын қамтамасыз етеді, ойлау іс-әрекетінің белсенді бо-
луына, білімгердің теориялық білімінің оқу-танымдық іс-әрекеттерімен ұштасуы-
на ықпал етеді. Пәнаралық интеграцияның жүзеге асуы білікті мамандардың кә-
сіби даярлығын кеңейтуді және олардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік береді.
Сонымен, интегративті тәсілдің арқасында оқушы өзінің тұлғасын саналы жетіл-
діруіне және өзін-өзі заманауи білім деңгейі мен өркениетті елдер қатарында сәй-
кестендіру мүмкіндігі пайда болады. Біржақты оқыту жүйесінен шығып, кең түрде 
ойлауға және білімін лайықты қолдана білуіне, шешім, шығарып, тұжырым жасай 
білуіне жол ашылады. Сондай-ақ, ерекше маңызды бағыт сананың адамгершілік 
саласын жандандыру болып табылады. Білім интеграциясы есебінен қазіргі қо-
ғамның қажеттіліктерін қанағаттандыратын жаңа білім беру тетіктерін қалыптас-
тыру мүмкіндігіне ие болады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет