328
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҮДЕРІСТЕ ӘДЕБИЕТТІ ОҚЫТУДЫҢ
ИНТЕРБЕЛСЕНДІ МОДЕЛІ
Сейітова М.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық университеті
Филология және көптілді білім беру институтының
2-курс магистранты
Қазіргі білім беру кеңістігі педагогикалық үдерістің инновациялық және дәстүр-
лі екі типін ажыртатындығы белгілі. А. Тоффлердің пікірінше, осы қарам-қайшы-
лықтан құтылу қиын, өйткені, дәстүрлі оқу үдерісі индистуриялық өндірістің ерте
кезеңіндегі еңбекті ұйымдастырудың конвейерлік іздерін сақтап қалған [1].
Инновациялық білім жаңа білім мен ақпаратты қоғамның инновациялық дина-
микасына негіздейді.
Инновациялық білімнің негізгі белгілері:
• антропоцентризм
• өзін-өзі басқару
• кәсібилік
Инновация теориясындағы инновациялық үдеріс
оны ұйымдастыру, идеяның
туындауынан бастап қазіргі жаңа өнімді жасау, қызмет көрсету немесе техника-
лық ресурстық қамтамасыз ету кезеңдерін қамтитын жұмыстардың жиынтығынан
тұрады.
Инновациялық үдеріс – бұл ғылыми білімнің инновацияға түрленуі. Ол иннова-
цияны жасау, меңгеру, таратумен байланысты. Сондықтан инновацияны басқару-
дың тұтастай жүйесін жасау қажет.
Инновациялық үдеріске жағымды да жағымсыз да факторлар әсер етеді. Инно-
вациялық үдеріске жағымсыз әсер ететін факторларға төмендегілер жатады:
- инновациялық жобаларды қаржыландыру қаражатының жеткіліксіздігі;
- ұйымдастырудың материалды-техникалық және
ғылыми базасының әлсіздігі;
- қызмет тәсілін өзгертуге қызметкерлердің қарсы болуы;
- ұйымдастыру құрылымдарының шектен тыс орталықтандырылуы;
- инновациялық қызметті
жоспарлаудағы қатаңдық;
- қалыптасқан нарыққа бейімделу;
- инновациялық өнімдердің тез сатылуына бейімделу;
- инновациялық үдеріске қатысушылар қызметін келісудегі қиындықтар.
Инновациялық үдеріске тән белгілер:
1. Инновациялық үдерістің нақтылы белгілері бар.
Инновациялық үдерістің жүйелілігі оның мақсатты бағытының нәтижесі болып
табылады, сондықтан инновациялық үдерістің барлық ұйымдастырушы бірліктері
жалпы даму векторын анықтайтын қызығушылықтардың теңдігі принципіне құ-
рылады.
2. Инновациялық үдерістің циклділігі кері байланыстың бірнеше дүркінділігі-
мен байланысты болады. Инновация – бұл зерттеу саласындағы нәтижелерді пай-
329
далану техникалық, ұйымдастырушылық, эконмикалық өзгерістерге әкелетін тех-
никалық – экономикалық цикл, ол осы саладағы қызметке кері әсерін де тигізуі
мүмкін. Егер инновация ендірілсе, бірақ қажетті экономикалық тиімділік бермесе,
кері байланыс басқа сипатта болады. Бұл жағдайда экономикалық жағдай нашар-
лайды, инновациялық үдерістің дамуына бағытталған
ресурстар көлемі азаяды,
нәтижесінде үдеріс тоқтайды.
3. Кез-келген зерттеу бағдарламасының табысты болуы, нарықта табысқа ие бо-
луына кепілдік жоқ, таралу перспективасы да анықталмаған, бұл инновациялық
үдерістің мүмкіндікті сипатын көрсетеді. Өнертабыстың пайда болуы мен оны
пайдалану арасындағы уақыт (инновациялық цикл) технологиялық деңгей, орта-
ның бейімделу қабілеті және сыртқы экономикалық жағдайға байланысты өзгеріп
отырады. Егер жоғары дамыған елдерде инновациялық циклдің ұзақтығы – 5-6
жылды құраса, дамыған елдерде – 5-25 жылды, дамушы елдерде – 15-25 жылды
құрайды.
4. Инновациялық үдерістің әлеуметтік маңызы бар, өйткені ол әлеуметтік ортада
өтеді, әлеуметтік қажеттіліктер мен әлеуметтік өзгерістерді талап етеді. Иннова-
циялық үдерістерді жоспарлау және басқаруда оның әлеуметтік салдарларын есеп-
ке алу қажет. Инновациялық үдерісті түрлі позициядан, әр түрлі деңгейде, соның
ішінде, төмендегідей бөлікте қарастыруға болады:
а) ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық, инновациялық, өндірістік қызмет пен
маркетингті параллельді-бірізді жүзеге асыру;
б) жаңа ендіру циклінің уақыттық кезеңі ретінде – идеяның пайда болуынан
бастап
оны жасау және таратуға дейін;
в) өнім немесе қызметтің жаңа түрін таратуды жасауды қаржыландыру және ин-
вестициялау үдерісі ретінде. Бұл жағдайда ол инвестициялық жобаның шаруашы-
лық практикасында кең тараған жеке жағдай ретінде көрінеді.
Жалпы алғанда инновациялық үдеріс өнертабысты, жаңа технологияларды, өнім
түрлері мен қызметті алу және коммерциялаудан, өндірістік, қаржылық, әкімші-
лік немесе тағы басқа сипаттағы мәселелерді шешу және басқа да интеллектуалды
қызметтің нәтижелерінен тұрады.
Академик Р. С. Кареновтың еңбектерінде инновациялық үдерістің кибернетика-
лық моделінің мәні толық ашылған. Жаңадан ендіруді жасауда кері байланыстың
маңызы зор екендігі белгілі. Инновациялық үдерісте кері байланыс оның кезеңде-
ріндегі жұмыстар нәтижесі туралы ақпарат түрінде беріледі.
Іргелі, ізденісті, қолданбалы зерттеулер кезеңдеріндегі инновациялық қызмет-
тің нәтижесі жеке меншік және тауардың нысаны болған интеллектуалды өнім бо-
лып табылады [2].
Соңғы жылдары педагогикада практиканы және жұмыс әдістерін қайта құру
жүргізілуде, жоғары оқу орындарында оқытудың пассивті әдісі емес,
белсенді
және интербелсенді әдісі мен түрі кең таралуда [3]. Дидактикалық үдерістегі оқу-
шылардың қарым -қатынас мәдениетінің деңгейін жоғарлатуға деген қажеттілік
мектеп оқушыларының өздері оқып жатқан пәнге деген қызығушылығын ынта-
ландыратын танымдық белсенділігін жоғарлатудың қажеттілігін анықтады. Бұл