60х84 1-8 Сарыбаев indd


алқымызда ұлттық тағамымызға байланысты қалыптасқан тамаша


бет157/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

алқымызда ұлттық тағамымызға байланысты қалыптасқан тамаша 
салт-дәстүрлердің бірі – нәзір. Алдағы уақытта осындай тәлім-тәрбиелік ма-
ғынасы мол, қазақы дастарханымызға орай қалыптасқан, алайда ұмытылып 
бара жатқан салт-дәстүрлерімізге де тоқталып отырмақпыз. 
Күрделі жұмыс бастағанда (мысалы егін салғанда, су келтіру үшін арық қазған-
да, үй салғанда) бұрын халқымыз «тәңірім ісімді оңдай көр», «қайырлы ете көр» 
деп нәзір жасаған. Нәзір дегеніміз ауылдас адамдарын шақырып, бір малын сойып, 
өзінің бастағалы отырған ісінің мән-жайын айтып, әруақтарға дұға оқытып, көп-
шіліктен бата тілейді. «Көп тілегі көл» дегендей жиналғандар оған «Алла риза бол-
сын», «тілегің қабыл болсын», «ісің оңға бассын» деген сияқты ізгі, баталы, ата-
лы сөздерін айтып, ризалық көңілдерін білдіреді [3]. Әдетте нәзірге мәзір ретінде 
міндетті түрде мал сойған. Қазіргі уақытта көрші-қолаңды шақырып «асарлатып» 
жату оңтүстік жақтарда сақталған. Яғни, көмекке (тегін) келген адамдарды жақ-
сылап тамақтандыру. Осы сынды әр сабақ, әр тақырып үшін мақтан тұтарлықтай 
тарихымыз бен бай салт-дәстүріміз барда қазақ тілінің әдістемесін жоғарылату біз 
сияқты мамандардың қолындағы дүние. 
Пайдаланылған әдебиет:
1. Н. Ә. Назарбаев. «Рухани жаңғыру», 2017 ж. 
2. Викепедия дереккөзінен. 
3. Қымбат Әбілдәқызы. Қазақы дастархан. Alashainasy. kz


323
ПОЭМА ЖАНРЫН ОҚЫТУДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Бекбенбетова С. 
Абай атындағы Қазақ ұлттық педогогикалық
университетінің 2-курс магистранты
Поэма – өлең сөзбен жазылған, сюжеттік желісінде әңгімелесу сипаты басым кө-
лемді туынды. Сюжетті поэмалармен қоса, таза лирикалық сюжетті қамтитын поэ-
малар да болады. Поэма жанрының көлемдік ерекшелігі, тарихи-мәдени және әдеби 
процестегі рөлі туралы айтқанда, екі мәселені бөліп алуға болады. Гегель «Эстетика 
туралы дәрістерінде» эпикалық поэзияның мазмұнында жалпы әлем шеңберіндегі 
ұлттық дүниетаным көрінеді деген ой айтады. [1, 17] Осылайша поэма мазмұнында 
арқау болатын оқиғаның тарихи көлемі анықталады. Гегельдің көзқарасынша, эпи-
калық дүниенің негізі ретінде халықтың рухын көтеретін жалпыхалықтық іс көріне-
ді. Гегельмен бірге Белинский өзінің белгілі «Поэзияны тегі мен түріне қарай бөлу» 
деген мақаласында поэмадағы жеке субьектінің рөліне, авторлық басталуға көбірек 
көңіл бөліп, нақты эститикалық және тарихи әдеби талдау кезінде, баяндаушының 
лирикалық тебіренісі, оқиға мен кейіпкерлерге деген қарым-қатынасы, көңіл-күйі 
эпикалық шығармаға үлкен эмоция беретінін айтқан. [2, 112] 
Қазіргі поэма жанры тақырып түрлілігімен, дәуір, ұлт рухын беруімен, өткен 
оқиғаларға өз бағасын айтуымен ерекшеленеді. Жазба әдебиет дамуының өне бо-
йында поэма әдебиеттегі бірден-бір жетекші салаға жатады. Өзінің жанрлық мүм-
кіндішгіне қарай, поэма әр түрлі көркемдік құрылымда, атап айтқанда, сюжетті, 
сюжетсіз, драмалық, монологтық толғаныс түрлеріне жіктеледі. Поэмада көтеріл-
ген проблемалар, тақырып пен идея, сюжет пен композиция, кейіпкерлер жүйесі 
эпикалық кең тынысқа негізделеді. Қазақ әдебиеті тарихында қара сөзбен жазыл-
ған поэмалар да бар. Мәселен, Ғ. Мүсірепов «Кездеспей кеткен бір бейне» шығар-
масын қара сөзбен жазса да, поэма деп таныған. 
Поэма – әдебиеттегі іргелі жанрлардың бірі. Онда қоғамдағы алуан түрлі ірге-
лі мәселелер, көкейкесті тақырыптар қозғалады. Мәселен, Абайдың «Ескендір» 
поэмасын қарастырып көрейік. Негізінен, Абай поэмаларында қозғалатын жайлар 
шығыс халықтарының аңыз ертегілерніен алынған. Бұл поэманың сюжеті аңыз тү-
рінде кең таралған. Сондай бір сюжет- Ескендір жайында Науаидің, Фирдоусидің 
дастандарының желісі. Абай «Ескендір» поэмасына негіз болған оқиғаны « Әзер-
байжан классигі Низами дастанына алғандығын айтады. Алайда, ақын оқиғаны 
өзінше құрған. Поэма мәтіні таныстырылғаннан кейін, поэмада қандай оқиғалар 
болды, кейіпкерлері кім, оқиға қалай баяндалған, автордың оқиғаға көзқарасы қан-
дай деген мәселелер анықталады. Ол үшін сюжетіне қатысты жоспар құрылады. 
Қазақтың жазба әдебиетінің қалыптасуында эпикалық жанрдағы жетекші түр-
лердің бірі поэма екендігі әдебиеттану ғылымында айтылып жүрген пікір болға-
нымен, бұл саладағы көркем жетістіктердің негізінде романтикалық бейнелеу тә-
сілінің жатқаны арнайы сөз етуді қажетсінетін мәселе. Қазақ роматикалық поэма-
сы Мағжанға дейінгі кезеңде кем дегенде үш типті кқрінеді деуге негіз боларлық 


324
әдеби көркем деректер баршылық. Мұндай тұжырым жасауға Абайдың және оның 
ақын шәкірттері шығармашылығындағы эпос жанрының сипаты негіз бола алады», 
– дейді роматикалық поэма табиғатын дербес зерттеу нысаны еткен ғалым Е. Тіле-
шов. Абай поэмаларындағы романтикалық шарттылық оның ағартушылық ойларын 
бетуындылардың идеялық, көркемдік қасиеттерін танытатын сипат «Дағыстан», 
«Меғдат-Қасым» поэмаларынан анық аңғарылады. Осы поэмалардағы басты тартыс 
– махаббат мәселесінен бастау алады. Осыдан барып бас қаһарман ортасынан оқ-
шауланып, кек алу әрекетін ойластыра бастайды. Байрон, Пушкин шығармаларында 
да өзге елдегі, ортадағы жағдай, табиғат суреттеліп, кейіпкерлері де батыл, өжет мі-
незді болып келеді. Яғни, қазақ романтикалық поэма жанрының қалыптасуы, оған 
өзге халықтар әдебиетінің ықпалы туралы айтқанда, Ақылбайдың «Дағыстан», Ма-
ғауияның «Меғдат-Қасым» поэмаларын атаған орынды. Романтикалық поэма үлгі-
сін Шәкәрімнің «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасынан да байқаймыз. 
Мағжанның романтикалық сипаттағы поэмаларының басы «Ертегі» поэмасы, . 
«Ертегі» поэма атауы фольклор жанрын емес, идеялық мазмұнды меңзейді. Қазақ-
тің кешегі азат күйі, көшпелі ерікті тірлігі – ертегідей елестейді. Романтикалық 
идеалды бейнелеудің формалары, мазмұны бұдан кейінгі «Қорқыт», «Оқжетпес-
тің қиясы», «Батыр Баян» поэмаларында байқалады. Ақынның «Ескендір» поэма-
сындағы ағартушылық сипат алдыңғы кезекте өрістегенімен, ондағы оқиға, бейне 
жасау романтикалық түрде берілген. Абайдың балары, шәкірттері Ақылбайдың, 
Мағауияның поэмалары – қазақ поэмаларның ішінлегі орыстың, батыстың осы 
жанр салаындағы ХІХ ғасырдың бірінші жартысында белгілі болған дәстүрін еске 
алады. Еуропа, орыс әдебиетіндегі байрондық поэмалар деп аталатын. Жанрдың 
өзіндік туу, қалыптасу, даму жолдары бар. Сол секілді поэма жанры да өз бастауын 
басқа жанрлармен бірге эпостық поэзияның ататегі «Алпамыс», «Қобыланды» т. 
б. жырлардан, қисса-дастандардан алады. Яғни, халық ауыз әдебиеті үлгілері негі-
зінде айтар ойы, белгілі бір идеясы бар, композициялық қрылысы ширақ, сюжетті, 
оқиғалы поэмалар туды. 
ХІХ ғасырдың екінші жартысында жазба әдебиет негізін салушы Абай Құнан-
баев шығыс тақырыбынан стильдік, жанрлық сипаты қисса-дасандарға келетін 
поэмалар жазды. Сол уақытта профессионалды әдебиеті әлдеқашан қалыптасып 
классикалық үлгілер тудырған Батыс Еуропа, орыс әдебиетінің жетілген компози-
циялық құрылысы, шеберлігі де Абайдан бастап қазақ әдебиетіне үлгі болып ене 
бастады. Кейіннен уақыт өте сана дамып, ой көркейекеле, өмірдің өзінен тың тақы-
рып, жаңа идеялар туындады. 
Әу баста эпос назарында бүкіл халық оның психологиясы дүниетанымы болса, 
енді поэма жанры жеке адам әлеміне оның күрделі, қарама-қайшылықты жараты-
лысына үңілді. Бұл – эпос табиғатындағы үлкен сілкініс болғанымен ежелгі жанр 
табиғаты мүлдем өлген жоқ. Ал, ежелгі жанр бойындағы өміршең бір құбылыс 
драмалық шиеленіс. Құр бояуды өлең құрылысының факторынан сырт қалдыра 
отырып, пома өз бойына ұтымды, тиімді әдістер қабылдады. Мысалы, психоло-
гиялық портрет, лирикалық толғаулар, мотив т. б. яңни, поэмада автор тарихи құ-
былсқа жеке таным, субьективті мәселелері негізіенен қарайды. Осы дәстүр ХХ ға-


325
сыр басында, әсіресе, Мағжан поэмаларымен дамыды. Яғни, ХХ ғасыр басы қазақ 
әдебиетінде поэма жанры үшін өсу кезеңі болды. «Жиырмасыншы жылдары поэма 
жанрында сюжетттік тұтастық, композициялық берік желі табу, нақтылы көркем 
тұлға тудыруда белгілі бір қоғамдық дамудың эститикалық соны талап-тілекте-
рін танытатын шығармалар Мағжан Жұмабаев пен Сәкен Сейфуллин поэмалары». 
Міне, осыдан бері поэма жанры да өзге жанрлар сияқты өзіндік табиғатын байы-
тып, теориялық заңдылықтарын тұрақтандыра, өз алдына жеке өмір сүріп келеді. 
Поэмада тарих характерін ашатын баяндау, сюжет, шындықтың эпикалық тұрғыда 
суреттелуі, автордың ашық айтылған эмоциялы көңіл-күйімен боялып беріледі. 
Осы ерекшелігімен поэма табиғаты кей жағдайда «лиро-эпикалық» жанрды да та-
нытқандай. Өйткені, поэмада автр басты тұлғаның бірі, тіпті, біз өмірді жеке ав-
тордың лирикалық қабылдаудары арқылы танимыз. Ақынға жүктелер міндет, бі-
ріншіден белгілі бір тақырыпқа бар алдында сол құбылыстың эстетикалық кескіні 
қай жанрда көріне алады деген сұрақққа жауап іздемекке керек. 
Екіншіден, өмірден обьект етіп алып отырған құбылысын терең түсініп, елеп-
екшеп, маңыздысын таба біліп, оны бейнелеуге сөз кеңінен ең лайықтысын тауып, 
жұмсай білу. Себебі, «жанр – эстетика үшін ең белді категория. Ол суреткер та-
лантының түгел рухани орбитасын танытады» (Ә. Кекілбаев). Поэма жанры тө-
ңірегінде 1962-1966 жылдар арасында қазақ әдебиетінде үлкен пікірталас болды. 
«Қазақ әдебиеті» бетінде Е. Ысмаилов, Ә. Қоңыратбаев, А. Сүлейменов, М. Мақа-
таев, Ә. Кекілбаевтар жанр табиғаты хақында құнды ой, салмақты пікірлер айтты. 
Бұл мақалалар ішінде тоқталарымыз Ә. Кекілбаевтың «Өлі жанды неге Пушкин 
жазбаған?» атты мақаласы. Мақала өз талантына кәміл сенетін ұлы Пушкиннің 
әдебиеттің бел қасиеттерінің бірін атап өте алмай, Гогольдік әлемге мәшһүр еткен 
«Ревизор», «Өлі жандар» шығармаларына негіз болған екі оқиғаны досына ұсын-
ғандығынан басталды. Автор талант, өмірлік құбылыс, шығарманың бір-біріне 
қарсылықты байланыстарын айқын аша отырып, жанрдың табиғатына тоқталды. 
Ол болмыс құбылыстарының эстетикалық сипаттарына тоқталып, поэма жан-
рын асқақтық сипатына іш тартатынын дәлелдей баяндайды. Яғни, мақала авто-
ры «Поэма прозадай, психологиялық драмадай адам жанының ұңғыл-шұңғылын 
зерттемейді. Проза мен драманың табан тірер адам психологиясы бір кісі характері 
болмаса, поэманың табан тірер адам рухы»-деген ой түйеді [3]. Сонымен, мақала 
пікірі бойынша, шиеленіскен оқиғаның шарықтау шегі, тіпті, оқиға болмаған күн-
де де лирикалық толғаудың көңіл кілтін ашар негізгі тұсы – поэма жанрының ерек-
шелігі. Бұдан кейінгі поэма жанры төңірегіндегі көлемді еңбек Ә. Нарымбетов, Қ. 
Алпысбаев зерттеулері және 1982 жылғы «Жұлдыз» журналында «Қазақ поэмасы 
туралы кейбір ойлар» атты көлемді мақаласы. Мұнда кез-келген оқиғаның поэмаға 
материал бола алмайтындығын, тақырыпқа салмақ, идеяға ірілік керек екендігін 
айтады. Сонымен бірге, поэма жазу үшін талант дайындығы, тәжірибе және бі-
лімділік керек. Соңғы зерттеу мақала еңбектер ішінен Б. Ыбырайымовтың «Әдеби 
тарихымызыдың тағылымдары» барынша жанр табиғатының күрделі сұрақтарын 
шешуге ниет қалғандымен ерекшеленеді. Мақаладан, «... көлем поэма жанрының 
негізгі айқындаушы белгісі емес... көркем бейненің бірегей бітімі айқын сомдалма-
йына поэма деудің қиысыны жоқ» [4, 25]. 


326
Сонымен, поэма жанры төңірегінде кең көлемді, тиянақты зерттеу болмаса да, 
әр кезеңде бір-бірімен пікір, талап-тілектері сәйкес еңбектер болғандығымен қана-
ғаттанамыз. Яғни, поэма жанры үшін сөз қолданыстағы биік эстетикалық талғам, 
оқиға мен жанр сәйкестігі, образ сомдаудағы жауапкершілік, ой шеберлігі, ақын 
мәдениеті, білім тереңдігі бірінші орында болмақ. Поэма еркін құрылысты синтез-
дік жанр. Бұнда ой-қиял әлемі, жан дүние жұмбақтары, өмір сырлары, жеке торы-
ғу, драмалық ширығу, трагедиялық шешім, көркем шындық, пессимизмге бой ұру 
немесе оптимистік рухтар... бәрі, бәрі аралас келеді. Поэма табиғатының астары да 
сезімде жатыр. әйтсе де, аталып кеткенедей, кез келген сезімге әсер етуші құбы-
лыстар поэма туғыза алмайды. Өйткені, поэма табиғаты өлеңнен өзгерек. Поэмаға 
көбіне – көп қызмет етуші тарихи оқиғалар, жеек тұлға іс-әрекеті, махаббат траге-
диясы т. б., сюжетсіз толғау түріндегі оэмаларға негіз болатын мәңгілік мотивтер 
-торығу, үмітсіздік, өлім, қуану т. б. 
Ф. Г. Белинский: «Өмірдің биік сәттерін қамти отырып, тамаша шындықты су-
реттейді», -дейді [5, 62]. Ал, кез келген шығарманы тудыру үшін Ахмет Байтұрсы-
нов айтқандай адам санасы үш нәрсеге негізделуі керек-ақ, ол – ақыл, қиял, көңіл. 
Өйткені, адам поэмаға реалды болмыстың обьективті сипаты негіз десек те, сол 
шындықты көркемдеп, бойына қан құйып, өзіне эмоция беретін автор фантазия-
сы. Мысалы, тақырып, талант, жанр бірлестігі үндескен М. Жұмабаев поэмалары 
өзінен кейін де қаншама классикалық дүниелердің таңдауына себеп болды. Яғни, 
жаңа тақырып жанр құрылысына жаңалық ендіруге мүмкіндік берді. Ендігі жер-
де поэманың ішкі мазмұнын шығыстан келген сюжеььер емес, өмірде болған, бар 
реалды оқиғалар романтикалық сарында қызмет етті. Ақын басты кейіпкерінің 
іс-әрекеті арқылы өзінің эстетикалық принциптерін алға тартады. Осылай өзінің 
қоғаммен ой-арманын танытқан лирикалық толғау мен негізгі сюжет қатар дамып 
отырды. Кейбір туындыларды ақын мен кейіпкер ажырамастай бірігіп, бірұтас ораз 
сомдайды. Ақын осы әдіспен белгілі бір қоғамның өзі таныған бейнесін көркем 
шындық биігіне көтере, үлкен полотнода суреттейді. Сөз соңында айтылар дүние 
әдебиетіміздің тарихында айтарлықтай дамыған поэма жанры табиғатын ашып, 
принциптерін анықтар теориялық еңбектер, барымызды жүйелеп, жіктеп танытар 
монографиялық зерттеулер керек-ақ. 
Жалпы алғанда, поэма қазақ әдебиетінде зерттеліп бітпеген жанр. Қазақ әдебие-
тінде әрбір жанрдың өз туу, қалыптасу, даму жолдары, ерекшеліктері мен ғалым-
дар арасында сан алуын ой-пікірлер бар. Сол сияқты, поэма жанры да әлі күнге де-
йін толық зерттеліп бітпеген, халық ауыз әдебиеті үлгілері негізінде қалыптасқан 
жанр түрі болып саналады. Өз бастауын басқа жанрлармен бірге эпостық поэзия-
ның ататегі «Алпамыс», «Қобыланды» т. б. жырлардан, қисса-дастандардан ала-
ды. Айтар ойы, белгілі бір идеясы бар, композициялық құрылысы ширек, сюжеті 
анық, , өлеңмен жазылған оқиғалар поэма жанрының өсіп-өркендеуіне себеп бол-
ды. Сонымен қоса, поэманың сюжеттік желісінде өлең сөзбен жазылған әңгімелеу 
сипаты басым болып келеді. Сюжетті поэмалармен қоса, таза лирикалық сюжетті 
қамтитын поэмалар да болады. Поэма жанры, оның көркемдік ерекшелігі, тарихи 
– мәдени және процестегі мәні мен рөлі туралы айтқанда, екі мәселені бөліп алуға 


327
болады. Гегель «эстетика туралы дәрістерінде» эпикалық поэзияның мазмұнында 
жалпы әлем шеңберінде ұлттық дүниетаным көрінеді деген ой айтады. Осылайша 
поэма мазмұнына арқау болатын оқиғаның тарихи көлемі анықталады. Гегельдің 
көзқарасынша эпикалық дүниенің негізі ретінде халықтың рухын көрсететін жал-
пыхалықтық іс көрінеді. Гегельмен бірге Белинский өзінің белгілі «Поэзияны тегі 
мен түріне қарай бөлу» деген мақаласында поэмадағы жеке субъектінің рөліне, ав-
торлық басталуға көбірек көңіл бөліп, нақты эстетикалық және тарихи әдеби тал-
дау кезінде, баяндаушының лирикалық тебіренісі, оқиға мен кейіпкерлерге деген 
қарым-қатынасы, көңіл күйі эпикалық шығармаға үлкен эмоция беретінін айтқан. 
Қазіргі поэма жанры тақырып түрлілігімен, дәуір, ұлт рухын берумен, өткен 
оқиғаларға өз бағасын айтуымен ерекшеленеді. Жазба әдебиет дамуының өне бо-
йында поэма әдебиеттегі бірден-бірі жетекші салаға жетеді. Өзінің жанрлық мүм-
кіндігіне қарай, поэма әр түрлі көремдік құрылымда, атап айтқанда, сюжетті, сю-
жетсіз, драмалық, монологтық толғаныс түрлеріне жіктеледі. Поэмада көтерілген 
проблемалар, тақырып пен идея, сюжет пен композиция, кейіпкерлер жүйесі эпи-
калық кең тынысқа негізделеді. Қазақ әдебиеті тарихында қара сөзбен жазылған 
поэмалар да бар. Мәселен, Ғ. Мүсірепов «Кездеспей кеткен бір бейне» шығармасын 
қара сөзбен жазса да, поэма деп атаған. Поэма – әдебиеттегі іргелі жанрлардың бірі. 
Онда қоғамдағы алуан түрлі іргелі мәселелер, көкейкесті тақырыптар қозғалады. 
Мәселен, Абайдың «Ескендір» поэмасын қарастырып көрейік. Негізінен, Абай поэ-
маларында қозғалатын жайлар шығыс халықтарының аңыз ертегілерінен алынған. 
Бұл поэманың сюжеті аңыз түрінде кең таралған. Сондай бір сюжет – Ескендір 
жайында Науаидің, Фирдоусидің дастандарының желісі. Абай «Ескендір» поэма-
сына негіз болған оқиғаны әзербайжан классигі Низами дастанынан алғандығы 
айтылады. Алайда, ақын оқиғаны өзінше құрған. Поэма мәтіні таныстырылғаннан 
кейін, поэмада қандай оқиғалар болды, кейіпкерлері кім, оқиға қалай баяндалған, 
автордың оқиғаға көзқарасы қандай деген мәселелер анықталады. Ол үшін поэма 
сюжетіне қатысты жоспар құрылады. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет