338
Жоғарыда аталған жағдаяттарды ескеріп, жұмысыма жобалар әдісін қолдануды
дұрыс көрдім.
Жобалар әдісі педагогикада жаңалық емес. Бұл әдіс 1920 жылдары АҚШ-та пайда
болған. Бұл әдіс жеке бағдар беру технологиясының бірі. Бұнда оқушылардың та-
нымдық дағдыларын дамыту, өз білімін өздігінен қолданау біліктігін қалыптастыру,
ақпараттық
кеңістікте бағдарлау, сын тұрғысынан ойлауларын дамыту жатады.
Жобалар әдісі соңғы жылдары оқыту процесінде кеңінен орын ала бастады. Бұл
әдіске қызығушылықтың себебі оқыту процесі
мен оның нәтижесіне жаңашыл
көзқараспен қарау. Жобалар әдісі қазіргі білім берудегі талаптарға сай әдіс. Мұны
қолданғанда балалар тек қана өздерінің іс-әрекеттерін жоспарлауды ғана қоймай,
сол жоспарларын жүзеге асыру үшін жаңа әдіс тәсілдерді ойлап табады, бірнеше
саладан алған білімдерін бір міндетті шешуге қолданады, табылған нәтижелерді
талдап, болжаммен салыстырады. Осы талдаудың нәтижесі арқылы жаңа міндет
қояды.
Жауапкершілікке тәрбиелейді, бастаған істі аяқтауға баулиды.
Аталған әдіс бала жаратылысына тән: білуге құмарлық, байқау жасауға талпы-
ныс, өзінше эксперимент жүргізу сияқты бала әрекетіндегі жеке қасиеттерін ашуға
жағдай жасайды. Бірақ төменгі сынып оқушыларын зерттеу тақырыбымен «қи-
науға» болмайды. Әрине жоғарыда айтқандай бала туа біткен зерттеуші, бірақ ал-
ғашқыда оған арнайы түрде үйретіледі: проблеманы қалай анықтауға болатыны,
болжамды
қалай құру керек, эксперимнт қалай жасалатыны т. с. с.
Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық педагогикалық ерекшеліктері
абстактілі тәсіл қолдануға мүмкіншілік бермейді. Сондықтан сабақта өзіндік жұ-
мыстардың элементтерін қолдануға тырысамын. Олар бір тақырыпқа негізделген
хабарламалар, шағын әңгіме құрастырып, кітапша жасау, сахналық көрініс. Осы-
лардың бәрі жоба өніміне жатады. Өзінің іс-әрекетін жоспарлауды тек қана кей-
бір оқушылар ғана істей алады. Басқаларға көмек керек. Жоба тақырыптары тіке-
лей пәндік мазмұнымен байланысты. Себебі көрнекілік-образды ойлау, қоршаған
әлемге қызығушылық – бұл жастағы балалардың тақырыпты таңдауда нақты пән
бойынша алған білімге сүйенеді.
Жобалау әдісін бастауыш сыныпта қолдану тікелей мұғалімнің көмегімен жүзе-
ге асырылады. Бұл жұмысқа ата аналарды да қатыстыруға болады.
Бастауыш сыныпта жобалау әдісін қолдану төммендегідей жүйе бойынша жүзе-
ге асыруға болады:
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: