60х84 1-8 Сарыбаев indd


нақты 10 теориялық негіздемелері


бет39/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

нақты 10 теориялық негіздемелері деп ата-
ғымыз келеді. 
Жазу және дыбыс. «Жазу дегеніміз – дыбыстың таңбасы. Әр дыбыстың әр 
елдің таңбасындай таңбасы болады. Таңбасына қарап қай дыбыс екенін та-
нимыз
» [3: 332]. Осы мақаланың кіріспе бөлімінде айтып өткендей, адам баласы 
атаулардың дыбысталуы мен ұғымын білді. Ал, дыбыстарды таңбалау жазу екен. 
Швед ғалымы Фердинанд де Соссюрдің алғаш 1916 жылы жарық көрген «Жал-
пы тіл білімі курсы» атты еңбегінде былай деп жазады: «Тіл мен жазу екі бөлек 
таңбалар жүйесі; екіншісі біріншісін көрсетудің негіздік мақсатында өмір сүре-
ді»[4: 23]. Осы жерде, яғни, жазудың дыбыстың таңбасы екендігін айту арқылы екі 
ғалымның пікірлері түйіседі. Дегенмен, әрмен қарай Ф. Де Соссюр тіл білімінің 
зерттеу нысаны сөздің жазу формасы мен ауызша сөйлеу формасы емес, тек ауызша 
сөйлеу формасының өзі нысанды құрайтынын айтып, жазудың рөлінің төмен екен-
дігін көрсетеді. Ал, Ақымет Байтұрсынұлы әр елдің дыбыстарының өз таңбасы бо-
латынын және таңба, яғни, жазу арқылы дыбысты танитынымызды тілге тиек етіп, 
жазудың оң рөлін көрсетеді. 
Әрмен қарай Ақымет Байтұрсынұлы жазу әріптердің суретін салу дей отырып, 
жазуға таңбадан кеңірек ұғым береді. Яғни, алдын жазу дыбыс таңбасы десе, енді 
дыбыс таңбасының орнына әріпті қойып, жазу сол әріптердің тізбегі деп жазу ұғы-
мын кеңейте түседі. Және сол дыбыстарға арналған әріптер болатынын, оларды 
тани білу керектігін, таныған әріпті жаза білу керектігін әрі жазған әріпті дыбы-
сымен айта білу керектігін нақты көрсетеді. Бұл өз кезегінде адамды сауатты және 
өркениетті етпек. 


72
Демек, Ақымет Байтұрсынұлы жазу мен дыбысқа қатысты өзінің тұшымды тұжы-
рымдарын қалдырған. Бұл тұжырымдар өз кезегінде, қазақ тіл ғылымының жазу тура-
лы саласына негіз болуға әбден лайықты. 
Жазу және оқу. Ғалым жазуды дыбыс таңбасы дәрежесінен әріптер тізбегі дәрежесі-
не көтерумен шектелмеді. 1928 жылы жазған «Қай әдіс жақсы» атты мақаласында жазу 
сауаттылықтың негізі деп жазу ұғымының аясын одан әрі кеңейте түсетін тұжырым 
айтты. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет