118
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІАРАБ-ПАРСЫ КІРМЕ СӨЗДЕРІНІҢ
ЛЕКСИКОГРАФИЯЛЫҚ ДЕРЕКТЕРІ
Есбосынов Е.
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі
Қазақ елінің географиялық орналасуы тарихи оқиғалармен ұштасып жатқан
көші-қон үдерістерімен қоян-қолтық араласып, сол үдеріспен етене жақын өмір
сүруге итермеледі. Әртүрлі саяси-әлеуметтік және этникалық ерекшеліктерге ие
өңірлермен көршілес болып, тарих тезінен бірге өтуге мәжбүр етті. Сондай сынға
төтеп берген ұлы даланың елдік мұраттары бүгінге дейін жалғасын тапқан мемле-
кеттілік дәстүрін сақтап қалуға негіз қалады. Кеңестiк идеология тұсында мұндай
тақырыптардан қашқақтап, әсіресе ортағасырлық түркi мемлекеттерiндегi тілдік
құндылықтарды зерттеу, өзара салыстыру мен этнолингвистикалық тұтастық тұр-
ғысынан талдап саралау қағажу көргендей болды. Бұл туралы Елбасымыз Н. Ә.
Назарбаев «қазақтардың бүкiл тарихы, әсiресе дiн тарихы өлтiре сынға алынды.
Халықтың бойындағы дiни сезiмдi аластай отырып, тоталитаризм осымен қа-
тарлас тағы бiр мәселенi шешуге – жаңаңы зорлықтан пайда болған «бос кеңiстiк-
ке» өзiнiң сiрескен үлгiлерiн тықпалауға тырысты. Дiни сенiмдi осылайша күш-
пен аластамайынша, мемлекеттiң үйiрсек идеологиясын ойдағыдай орналастыру
мүмкiн емес еді» [1] деп атап өткен-ді. Осындай тақырыптар, оның ішінде қазіргі
қазақ тіліндегі арап-парсы кірме сөздерін жалпытүркілік аспектіде талдап-саралау
қазіргі зерттеулердің зәру тақырыптарының бірін құрауда.
Шағын мақаламызда түрік тіліндегі орта ғасыр жазба ескерткіштеріне сілте-
ме жасаған еңбектерге шолу жасай отырып қазақ тілінің тарихи аспектісін, оның
ішінде арап-парсы кірме сөздерін жалпытүркілік мәселе төңірегінде топтастыра
қарастырмақшымыз. Түркия Республикасында ертерек уақыттарда, мысалы, өт-
кен ғасырдың басында жарық көрген басылымдар әлі де болса қазақтілді зерттеу-
лерге толыққанды еніп, ғылыми айналымға сіңісіп кетті деп айта алмаймыз. Ал
зерттау нысанымыз тұрғысынан алғанда қазақ тілі басқа түркі тілдеріне қарағанда
бастапқы түріктік негізін сақтап, арап-парсы негізді кірме сөздерді шамадан тыс
қабылдамағандығын есте ұстағанымыз жөн. Түрлі тарихи-әлеуметтік оқиғалар
негізінде пайда болған кірме сөздер фонетикалық жүйесімен қоса лексика-семан-
тикалық жағынан да «қазақшаланып» яғни «түріктеніп» отырған. Мұны көпте-
ген зерттеулер мен ғылыми тұжырымдар негізінде де көре аламыз: «Құран тілі,
яғни дін тілі ретінде танылатын арап тілі, ислам дінін қабылдаған саны аз яки көп
болсын әрбір халықтың тіліне айтарлықтай әсер еткені анық. Бұған қазіргі түрік
тілімен қоса басқа да түркі тілдері мысал бола алады. Ал Түркия Республикасы-
ның мемлекеттік тілі, – түрік тілінің лексикалық қорының дерлік жартысын, яғни
елу пайызын арап тілі алып, кірме сөздердің саны бойынша бірінші орында тұрға-
нын көре аламыз»; қар. :
жүктеу/скачать
Достарыңызбен бөлісу: