60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет63/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   179
Aқсан, Доған (1990) Her Yönüyle Dil (Ana Çizgileriyle Dil 


119
Bilim), Ankara, TDK Yayınları сilt IH., s. 58). Мұндай пікірді қазақ ғалымдарының 
зерттеулері де дәлелдеп, «... арап тілді элементтер түркі тілдерінің ішінде әсіре-
се қазақ тілінде өте көмескі және саны аз», деп айтады; қар. : 
Oңдасынов, Х. Д. 
Aрапша-қазақша түсіндірме сөздігі, том 1, б. 3-4, Aлматы – 1984). Мұнымен қатар 
түркі тілдері де көршілес елдер, оның ішінде арап тілді халықтардың тіліне де әсер 
еткені белгілі. Түркия зерттеушілерінің мәліметіне қарағанда түркизмдер Сирия-
лық арап тілінде 3000, Мысыр арап тілінде 900, Судан арап тілінде 300, Ирак арап 
тілінде 250 мөлшерінде қолданыста екендігі дәлелденген, қар. : 
Иүже, Нури (1999) 
«Osmanlı Türkçesi» Osmanlı Medeniyeli Tarihi, C. L, İstanbul, IRCICA. 19. Осы ба-
ғыттағы, бірақ тақырыптық ерекшелігі бар еңбектердің бірі 1946 ж. Ыстанбұлда 
жарық көрген 
«Латынша түрікше сөздік» болып табылады. Сөздік, латын тілінен 
түркі тілдеріне ең алғашқы аударылған классикалық үлгіде шығарма болып, өз 
зерттеушілерін тосып жатқан деректер қатарынан орын алуда. Сөздіктің авторы 
Стамбұл Университетінің доценті 
Фарук Зеки Перек [2]. Бұған қоса қазақтілді 
зерттеулерге әлі де толық ене қоймаған «Камус-и түрки» сөздігін айта аламыз. 
Орыс тілбілімінде «
Камус-у тюрки» деп те аталып жүрген бұл еңбек қазақ тілін 
қыпшақ тілі ареалында зерттеп-пайымдауда маңызды рөлге ие. Сөздік латыннегіз-
ді түрік алфавиті ережелеріне сай редакцияланып және толықтырылып 4 томдық 
көлемде 1991 ж. Стамбұлда жарық көрді [3]. Ал Орта ғасыр жазба ескерткіштері 
кеңес дәурінде аз зерттелген жоқ. Сол еңбектердің қатарынан орын алатын Китаб 
әл-Идрак ли-Лисан әл-Атрак («Түркілер тілінің інжу-маржандары кітабы») жазба 
ескерткіші деректері қазақ тіліндегі арап-парсы сөздерінің түп-төркінін тауып-зер-
делеуде құнды материал болып табылады. Жазба ескерткіштің авторы Асир ад-Дин 
Абу Хаийан Мұхаммед ибн-Йүсиф әл-Гарнати. Ол негізінен Абу Хаийан әл-Анда-
луси (1265-1344 ж.) атымен белгілі болды. Абу Хаийан араб халифатының Андалу-
зиядағы (Испания) мәдени орталығы Гарнат қаласында 1265 жылы туды және 1344 
жылы Мәмлүктер Египетінде қайтыс болды. Шығарманың араб тіліндегі атауы 
– «Kitâb al-İdrâk li-lisân al-Atrâk» (كتاب~ الادراك للسان الاتراك). Жазба жәдігерліктің 
екі көшірме нұсқасы бар: бірі – Стамбұлдағы Вели ад-Дин Ефенди кітапханасында 
сақтаулы. Бұл нұсқа Абу ХайианМухаммад бин Иусуф бин Али Иусуф ибнХайиан-
ның Хижра жыл есебі бойынша 712 (1335 ж.) жылдың, 20 рамаданында, бейсенбі 
күні жазып бітірген түпнұсқа шығармасынан 23 жыл кейін, яғни 735 жылдың 15 
ақпанында жасалған көшірмесі; екіншісі – Хижра күнтізбесі бойынша 805 жылы 
раби‘а-с-сани айының 4 күні (1402 ж.) көшірмеші Ахмад бин ‘Умар аш-Шафи‘йиқо-
лымен Лазкие қаласында көшірілген. Қолжазба ең алғаш Мұстафа бейдің басты-
руымен Ыстамбұлда жарық көрді. 1931 жылы А. Жафероғлыфаксимилие негізінде 
өңдеп, реттеп ғылыми комментарийлерін жасап бастырып шығарды. 1936 жылы В. 
Избудакаталмыш кітаптың танылмай елеусіз қалып қойған және түркітануда әл-
Идрак Хашиесі деген атпен белгілі шағын сөздік косымшасын Стамбұлда жарияла-
ды. Қазақстанда 1969 ж. М. А. Маженова«Абу-Хайиан –исследователь кипчакского 
языка», Өзбекстанда 1969 жылы Н. А. Расулова «Исследования языка «Китаб аль-
идрак ли-лисан аль-атрак» деген тақырыптарда кандидаттық, ал Түркияда 2001 
жылы А. Мелек Өзиетгин «Ebû Hayyân-Kitâbu’l-İdrâk li Lisâ-ni’l-Etrâk – Fiil: Tarihî-


120
Karşılaştırmalı Bir Cramer ve Sözlük Denemesi» атты докторлық диссертация жазып, 
соңынан монографиясы жарияланды [4], сондай-ақ, Қазақстанда 2006 жылы Е. З. 
Есбосынов «Ескі қыпшақ тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері (Абу Ха-
йиан еңбегі бойынша, ХІV ғ.)» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғап, 
монографиясы сол жылы Астанада жарық көрді [5]. Қазақстан түркітану ғылы-
мында қысқаша Китаб әл-Идрак немесе Түркі тілі туралы жазылған түсіндірме 
кітап деген ілеспе атымен [6] де танымал жазба ескерткіш, дәуірінің ең мұқият 
және тілдік деректер бойынша түркизмдерге ең мол шығарма ретінде танылады. 
Сонымен қоса ғылым саласының әр түрлі нысан мен бағыттары бойынша зерттелу 
үстінде: Китаб әл-Идракжазба ескерткішіндегі кірме сөздердің жалпы саны небә-
рі 77, оның 13 арапша, 47 парсыша, 7-і қытай, армян, моңғол, рұм-грек және соғд 
тілдерінен деп танылған, қар. : 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет