Дәрісханада сабақ беру кезінде де оқытушының ауызекі тілде сөйлеуі немесе диа- лектіден көп пайдаланып сөйлеуі дұрыс па? Осы жөнінде сан жылдар сабақ беріп
жүрген оқытушылар ойланып көріп пе екен? Өйткені олардың алдында тек бір ауыл-
дың баласы емес, республиканың әр түкпірінен келген жастар отырады ғой.
Бір кездердегі тек газет-журналдар, радио және теледидар тілінің тіл мәдениетін сөз
ететін заман өтті. Қазір жас атаулы әлеужелілерде (әлеуметтік желі) «әлеулімдеп» (жас-
тардың пікірі негізінде) отырады. Ол жерде қаншама жазу еркіндігіне жол берілгенмен,
желі тұтынушыларының көбінің ой еркіндігі мен ойлау дәрежесінің шамасы байқа-
лып отырады. Әлеуметтік желіде әдепсіз (дисфемиздер қолданысынан) сөздер мен сөз
қолданыстарымен жазу да тілдің демократиялануын білдіре ме, әлде сауатсыздық пен
білімсіздік тоғысының көрінісі ме? Ой шектеулігі ме?
Тіл мәдениетінің үш түрлі аспектісі бар: нормативтік, коммуникативтік, этикалық.
Соңғы аспектінің мақсаты сөздік қордағы сөздерді қолданғанда олардың этикаға сай
келу-келмеуін бақылауында ұстау болып табылады. Тіл мәдениеті мәселесі аталған үш
аспекті бойынша да тілші-ғалымдар тарапынан бақыланып отыруы тиіс. Дұрыс сөй-
леу-жазу мен тіл тазалығы – тілдің өміршеңдігінің кепілі.
Айталық, осы мәселеге келгенде, аға буын өкілдерінің қалғымай, тіл мәдениетін жіті
бақылап отырғаны олардың еңбектерін оқығанда сезіледі. Мысалы, академик М. Сер-
ғалиев өмірін тіл мәлениетінің сақталуына арнаған, БАҚ тілі ғана емес, көркем әдебиет,
тіпті саяси лидерлер тілін үнемі оқып, талдау жасап отырған ғалым ретінде есімізде қал-
ды. Академик көтерген біраз мәселелердің бүгінгі таңда қайталанып көтеріліп жатуы
тіл сақшысы ретінде ғалым пайымының дұрыстығын байқатады. Ол кісі әр стиль түрін
ғана емес, аударма нұсқа мен баламалары табылған жекелеген сөздердің, тіркестердің
ұтымды-ұтымсыздығын, тіркесімдердің дұрыс қолданылуын, яғни сөз және жазба тіл
157
мәдениетін үнемі назарында ұстаған. Тіпті жекелеген сөздер туралы пайымын, олар-
дың толымсыздығын кейде ащы юмормен түйрей отырып жеткізе алған ғалымдардың
бірі. Сондай сөздердің бірі –