60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет82/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)


часть сохранилась в той форме, в которой она была в языке-источнике, т. е. не под-
верглась изменениям. С учетом особен нос тей фонетических и графи чес ких измене-
ний такие термины можно раз делить на четыре группы: заимствованные термины, 
не подвергшиеся изме нениям, сохранившие форму языка-источника; заимствован-
ные терми ны, подвергшиеся графическим из ме нениям; заимствованные термины, 
под вер гшиеся фонетическим из ме не ни ям; заимствованные термины, подвер г ши-
еся и графическим и фо не ти чес ким изменениям. 
Литература:
1. Баскаков Н. А. Предложения и словосочетание в тюркских языках. Вопросы 
составления списательных грамматик. М., 1961. 
2. Даниленко В. П. Русская терминология. Опыт лингвистическая описания. 
Москва, Наука, 1977. 
3. Sadıqova S. Azәrbaycan dilindә terminologiyanın tәşәkkülü vә inkişafı. Bakı, Elm, 
2005. 
4. Әfәndiyev T. Azәrbaycan dilinin leksik üslubiyyatı, B, 1986.


155
ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ МЕН ТІЛ МӘДЕНИЕТІ –
ТІЛ ӨМІРШЕҢДІГІНІҢ КЕПІЛІ
Момынова Б.
А. Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының профессоры
Әнесова Ү
Әл Фараби атындағы. ҚазҰУ, PhD докторы 
Кульманова М. 
Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқытушысы, магистр 
Академик Ш. Ш. Сарыбаев «Көркем әдебиет тілі таза болсын» деген 1961 жылдың 7 
апрелінде «Қазақ әдебиетінде» басылған мақаласында әлі күнге дейін қағидаға айнал-
ған, ұстаным ретінде пайдаланылып жүрген қазақ әдеби тілінің нормасына айналған 
мына сөздерді жазған еді: «Көркем әдебиет тілінде жергілікті сөздерді мүлдем пай-
даланбау керек деу қиын. Бірақ әдеби тілде баламасы бар диалектизмдерді авторлық 
баяндауда көп қолданыла бермей, жалпыхалықтық әдеби тілдің нормасын сақтау керек. 
Өйткені диалектілік ерекшеліктердің жөнімен қолданылатын, әдеби тілімізді байыта-
тын жерлері де бар, тілді шұбарландыратын жерлері де бар» [1, 104-б.]. Тілді байыта-
тын сөздер узуалды сипат алып, норма ретінде тілге сіңіп жүре берсе, шұбарландыра-
тындары қандай болады. Ол туралы да өзіндік ойын айтып отырған. 
Шындығында диалектизмдерді автордың өз баяндауларында пайдалану бар да, диа-
лектизмдерді кейіпкерлердің тілінде пайдалану мәселесі бар. Екеуінің әр біреуіне тән 
өзіндік ерекшеліктері, мақсаттары басқа. «Жергілікті сөздерді автордың өз баяндаула-
рында қолданудағы негізгі мақсаты – әдеби тілде баламасы жоқ диалектілермен әдеби 
тілімізді байыту» [1, 104-б.]. 
Қазіргі кезде белді әдеби журналдар мақсатты түрде кейіпкері де, авторы да тек диа-
лектизммен сөйлейтін шығармаларды басып отырады. Мақсат бірнеше мүддені көз-
деуден туындаған тәрізді. Біріншісі, кейіпкер бейнесін сомдауда жергілікті сөздерді ер-
кін, тіпті тым еркін пайдалану, екіншісі – авторды сол говор, диалектілермен сөйлету. 
Мақсат: 1. Сөйлеу тілін дәріптеу; 2. Айтылу нормасын, яғни орфоэпияны жазуға енгізу 
арқылы оның дұрыс я бұрыстығын тек оқырман емес, ғалымдар да барынша пайымға 
салсын деген ой болуы; 3. Тілге де, өмірге де юмормен қарау; 4. Көптеген жергілікті 
сөздерді талғаусыз әдеби тілде пайдаланудың неге соқтыратынына көзді анық жеткізу; 
5. Орыс тіл мен орыс тілі арқылы тілге енген сөздерді сөйлеу тілі арқылы бейімдеу жол-
дарын көрсету ме т. б. деп ұғынуға болады. 
Сөз жалаң болмас үшін мысалдарды келтіруге болады: «Тағы олар 11 перомен жазу 
жазды. «Кирілисә» әріптеріне үйренді; «Құдай жоқ, Дарбин деген ғалым адамның май-
мылдан шыққанын зерттеп, тошны дәлелдеген, дейтін ; «Тот құдайдың басы құс сияқ-
ты, саусақтары адамның саусақтарына құсайды, бұтына қыздардыңкі сияқты гәмәж 
киіп алған»; «Кейін «Алгебрәқыймия қонбайды менің мыйыма» деген өлең жаттады; 
«Шірікбай алгебрәдән мүлде қақпайтын»; «Пи»нербажатый Гүлмирә апай қалай ша-
палақ ұруды үйретті»; «Пизрук Төребек екі саусақпен қалай ысқыруды үйретті»; «Бе-


156

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет