60х84 1-8 Сарыбаев indd


бет92/179
Дата04.10.2022
өлшемі
#41249
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   179
Байланысты:
НА-ПЕЧАТЬ-60х84-1-8-Сарыбаев (1)

Логос – үн. Міне, қоғамдағы осындай формациялық өзгерістер нәтижесі тілі-
міздің сырттан енген жаңа сөздермен (неологизм) толыға түсуіне ықпал етті. Бір 
қуаныштысы – кеңес заманында жаңа сөздерді сырттан топырлатып тарту үрдісі 
белең алса, тәуелсіздік тұсында қазақ тілінің ішкі мүмкіндігіне иек артты. Мыса-
лы, егемендік, жаһандану, бірегейлендіру, ғаламдастыру, ғаламтор, жекешеленді-
ру, демеушілік т. б. 
– әдеби тіліміздің сөздік қорындағы тілдік бірліктерді кәдеге жаратуды қажетті-
лік деп санау ұстанымы байқалды. Мысалы, пайыз, құжат, сынып, шәкіл т. б. 


175
– кеңес өкіметі тұсында қуғын-сүргінге (репрессия) ұшыраған қаламгер шығар-
малары, ауыз әдебиеті мұралары, тарихи жырлар жарық көріп, көне сөздер тілдік 
қолданысқа енді. Мысалы, дәулет, ашалаң, азбеніш, дәріпті, т. б. 
– абстракт ұғым атауларының сөзжасамдық қабілеті артты: әкімгерлік, заңгер-
лік, бірдейшілік, жеркүзетшілік, бәсеңшілдік т. б. 
– етіс жұрнақтарына тән сөзжасамдық қасиет бұрынғыдан күшейе түсті: әрта-
раптандыру, ғаламдастыру, ақпараттандыру, демократиясыздану, т. б. 
– бір топ сөздердің тіркесімділік қабілеті артып, мағыналық өрісі кеңейе түсті: 
төлтума оқулық, кешенді тестілеу, азаматтық қоғам, балама ұсыныс, бағаның 
ырықсыздандырылуы, зияткерлік меншік, ашық қоғам, азаматтық неке, азамат-
тық бірегейлену, видео нұсқа, электронды нұсқа т. б. 
– «будан» (гибрид) сөздер қатары көбейе түсті: трансұлттық, автошеру, көппа-
латалы, телеарна, велошабандоз, аудиожазба, микрожоба, посткеңестік, т.б. 
– аралық, – ішілік, – қағаз, – хат, – көп, – жай т. б. сөздердің бейлексикалану үр-
дісі дінаралық (татулық) конфессияаралық, мемлекетаралық, телефонхат, көптілді, 
көпұлтты, көпсалалы, иелікжай т. б. 
XIX ғасырдың 2-жартысында пайда болып, дамыған қазақ баспасөзі тілін зерт-
теу ісі XX ғасырдың ортасында қолға алына бастады. Қазақ баспасөзінің тілін 
зерттеуді алғаш қолға алған тілші-ғалым Н. Қарашеваның еңбегінен басталады 
[2]. Сондай-ақ, баспасөз тілін зерттеу ісін толықтыра түскен тілші-ғалым Б. Әбіл-
қасымов [3] пен С. Исаевтардың [4] да еңбегі зор. 
Тәуелсіздік тұсында қазақ баспасөзі тілін зерттеу ісі өз жалғасын тапты. 1970-
1990 жылдарға дейінгі қазақ бұқаралық ақпарат құралдары тіліндегі жаңа сөз қол-
даныстарды зерттеу нысанына алған тілші-ғалым А. Алдашева «Қазақ лексика-
сындағы жаңа қолданыстар» атты кандидаттық диссертация қорғады [5]. Газет тілі 
лексикасы, дәлірек айтқанда, жаңа қолданыстардың талдаған ізденушінің бірі Қ. 
Қадырқұлова [6] болғанын айтып өткен жөн. Бұл бағытта газеттің лексикасын ар-
найы зерттеген Б. Момынованың [7], қазақ әдеби тілінің публицистикалық стилі 
тілін зерттеген О. Бүркіттің [8] еңбектері де бар. 

жүктеу/скачать

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   179




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет