үндістерінің тілін жатқызады.
Қазір типологиялық белгілердің негізгілері ретінде сөз
құрылымын, сөздердің тұпғалық түрленісін, сөз жасайтын, сөз
түрлендіретін тұлғаларды, синтаксистік қатынастарды алады.
Ү сы яы латы н әдебиеттер:
1.
Гумбольдт В. Избранные труды по языюознанию. Пер. с нем.
Г.В.Рамишвили. Москва, 2001.
2.
Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.
3.
Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Москва,
1979.
4.
Сусов И.П. История языкознания. Москва: Восток - Запад,
2006.
5.
Степанов Ю. С. Основы общего языкознания. Москва, 1975.
6.
Лингвистический энциклопедический словарь. Москва,
1990.
7.
Қордабаев Т., Қалиев Г. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы,
2004.
85
Тақырып:
XIX ҒАСЫ Р ТІЛ БІЛ ІМ ІН Д ЕГІ БАҒЫТТАР
М ЕН М ЕКТЕП ТЕР
Қ арасты ры латы н мәселелер:
Логикалық багыт, негізгі иде-
ясы. Психологиялық багыт, негізгі идеясы. Натуралистік багыт,
негізгі идеясы. Жас грамматистер багыты, негізгі идеясы. Мәскеу
лингвистикалыц мектебі, негізгі идеясы. Қазан лингвистикалық
мектебі, негізгі идеясы.
ііл ошші тарихындағы түрлі ағымдардың тууына себеп
болган басты нәрсе 1 тілге берілген анықиамалар, тілдің тууы, да-
муы төңірегінде болды. Осыған байланысты тіл білімі тарихында
түрліше ағымдар мен бағыттар, мектептер қалыптасты.
Л оги калы қ бағыт, негізгі идеясы
Логикалық бағыт — тілді ойлауға жэне логика мен
филосфиядағы эртүрлі ағымдар мен концепцияларга қатысты
зерттейтін көзқарастар жиынтығы.
Логикалықбағыттыңнегізгі мақсаты-ойлаудыңтанытқыштық
қызметін, логикалық категориялар мен тілдік категориялар
арасындағы қатынасты зерттеу, тілдік категориялардың логикалық
сипатын айқындау. Олардың пікірінше, логикалық категорияларға
жататын үғым, байымдау, субъект, предикат пен тілдік категорияға
жататын сөз, сөйлем, бастауыш, баяндауыш сияқтылар арасында
үндестік, бірлік бар. Алдыңғы логикалық категориялар соңғы тілдік
категориялар арқьшы жарыққа шығады: үғым - сөз, байымдау -
сөйлем, субъект - бастауыш, предикат - баяндауыш арқылы, т.б.
Бірақ логикалық категория мен грамматикалық категориялар ара-
сында қайшылықгар, үқсамаушылықтар да көп.
Ойлаудың логикапық қүрылымы мен тілдің грамматикалық
құрылымы арасындағы негізгі қайшылықгар, үйлесімсіздіктер мы-
налар:
Логикапық байымдау мен грамматикалық сөйлем көп
жағдайда өзара үйлеспейді. Байымдау — ойлаудың мақүлдауды не
мақүлдамауды ғана білдіретін формасы жэне ол субъекгі мен пре-
дикаттан қүралатын екі мүшелі, ал грамматикалық сөйлем хабарлы
да, сүраулы да, лепті де, бүйрықты да болып келеді, сонымен қатар
86
сөйлем бір құрамды да, жайылыңқы да болады. Мүшеге бөлінуі
жағынан да сөйлем байымдаудан өзгеше.
Логикалық категориялар мен грамматикалық категория-
лар арасында да үйлесімсіздік көп: логикада сөздер затты, сапа-
ны, эрекетті білдіретін түрлерге ғана бөлінеді. Ал грамматикада
бүлардан басқа да сөздер табы бар. Тілдік формалардың бэрі бірдей
логикалық мазмүнға ие емес.
Логикалық үғым мен сөз мағынасы арасында да көп
өзгешелікте кездеседі. Сөздер тек үғымды ғана емес, үғымға жат-
пайтын эртүрлі мағыналарды да, түйсік, түсінік, сезіну, қабылдау,
нүскауларды да білдіреді. Сондай-ақ, сөздер көп мағыналы болады,
кейде белгілі бір үғым жеке сөз арқылы емес, сөздер тіркесі арқылы
да беріледі. Логикаға қарағанда тілдің мүмкіндігі де, өрісі де орасан
кең.
Логикалық категориялар мен тілдік категориялар арасыдағы
үйлесімсіздікті
ашумен
қатар
психологтар ойлау түрлерін
жете зертгеуге, ойлаудың бейнелі, эмоционалды, техникалық,
индивидуалдық түрлерін айқындауды міндет етіп қояды. Олар
логикалық формаларға, логикалық байымдауларға түсінік бірлігін,
психологиялық байымдауды қарсы қояды, сөйлеу әрекетін, сөйлеу
контексін зерттеуді үсынады. Психологиялық бағытта мэселені
тіл ғалымдары секілді тіл мен ойлаудың қарым-қатынасы демейді,
сөйлеу мен ойлаудың карым-катысы дейді. Өйткені психологтар
үшін негізгі проблема - адамдардың сөйлеу әрекеті. Сөйлеу эрекеті
сөйлеушілердің психикасымен байланысты.
Тілді логикалық түрғыдан қарастыру б.з.д. Ү-І ғасырлардағы
грек философиясына, орта ғасырлардағы батыс еуропалық
схоластикалық ғылымға, XIX ғ. соңы мен XX ғ. басындағы бірқатар
мекгептер мен бағыттарға тэн.
Тіл білімінің логикамен байланысы ежелден белгілі. Стоик-
тер енгізген «логика» термині ойдың сөзбен берілуі деген үғымды
білдіреді.
Стоиктер
дегеніміз - көне қүлдык қоғамдағы материа-
лизм мен идеализм арасында ауытқып жүрген стоитизм деп ата-
латын философиялык бағыттың өкілдері. Грек философтарының
пікірінше, тіл аркылы көрінетін ақыл-оймен дүние болмысын
түсінуге болады, тілдің қүрылымы ойдың қүрылымын білдіреді,
87
сол себепті байымдау теориясы шындық болмысты көрсете ала-
тын сөйлемге негізделеді деген болжамдар жасалды. Ү-ХІҮ г.
схоластикалық гылым грек философтарының ізімен логика мен
грамматиканың арасын айырмады. ХҮІІ-ХІХ ғ. I жартысында
рационализмнің философиялық теориясы басым болып тұрғанда,
ойлау мен сөйлеудің теңдестігіне негізделіп жалпыға бірдей грам-
матикалар жасау идеясы күшейе бастады. Соның көрнекті үлгісі
ретінде 1660 жылы Әмбебап грамматика пайда болды. Дегенмен,
XIX ғасырдың өзінде-ақ логикалық категориялардың грамматикал ық
категорияларға сэйкеспейтіндігі көрсетіле бастады. Тіл біліміндегі
психологиялық бағыттың өкілдері
гр^м матикан ы ң логикага
негізделуін қайта қарастыруды үсынды. Соның нэтижесінде К. Ф.
Беккердің «Тіл организмі» деген еңбегі шықты.
Ғылымдағы логикалық бағыт теориялық тіл білімінің да-
муына әсер етпей қоймады, оның зерттеу аясын кеңейтті, талдау
эдістерін, қолданылагын үғымдар жүйесін, метатілді толықтырды.
Тіл білімінде табиғи тілді логикалық түрғыда талдайтын және
тілдік қарым-қатынастың логикалық мәселесін қарастыратын
бағыттар пайда болды.
Психологиялық бағыт, негізгі идеясы
Психологиялық бағыт натуралистерге қарсы күресте дүниеге
келді. XIX ғасырдың ортасында бүл бағытты қалыптастырған
1 Берлин университетінің профессоры Г. Штейнталь (1823-
1899). Өкілдері: А. Потебня (1835-1891), Г. Пауль (1846-1921) т.б.
Психологиялық бағыттың мақсаты — тіл ғылымындағы логикалық
және формальды бағыттар мен мектептерге қарсы болу, психо-
логияны әдістемелік ретінде тану, тілдің нақты қызметтері мен
жүмсалуын зерттеу. Тіл психологиясының нысаны - адамдардың
сөйлеу әрекетінде болатын психикалық үдерістер. Осы бағыт
өкілдері тілді тарихи жэне үнемі дамуда болатын қүбылыс ретінде
қарасты рға н.
Лингвистикалық психологизм өз ішінде қайшылықтары,
алалықтары жоқ, біртүтас көзқарас емес. Бүлардың басын
біріктіретін, ортақ концепция бар. Ол — тіл мәселелерін шешу-
Де
психологиялық қағидаларды басшылыққа алу. Психологиялық
88
бағыттағылар өз ішінен индивидуалистік психологизм, элеуметгік
психологизм деген екі бағытқа жіктелді.
Индивидуалистік психологизмнін ең негізгі өкілі - Гер-
ман ГІауль. Бүл бағыт тл біліміндегі натуралистік жэне логикалық
бағыттарға қарсы күресе отырып, тілдік қүбылыстардың барлыгын
жеке адамдардың сөйлеу және психикалық ерекшеліктеріне,
олардың ой-санасындағы өзгеріс-қүбылыстарына тэуелді етеді.
Г. Паульдың гйкірінше, жалпы халық тілі, біртүтас үлт тілі деген
_ жалған сөз. Тіл жеке индивидуумдікі. Сондықган тіл білімінің
міндеті - индивидуумның тілін зерттеу болды. Индивидуалистік
исихологизм тілдің коғамдык рөлін жокка шығарады. Тіл білімін
коғамдык ғылымдар тобынан бөліп алып, оның дербестігін жояды,
оны психологияға тэуелді, соның бір саласы деп санайды.
Ал, әлеуметтік психологизм өкілдері индивидуалистердің
«ақикаг бар нәрсе - индивидуумдар тілі ғана» дейтін кағидаларына
қарсы болады, олар «тіл әлеуметтік, оны туғызушы да, қолданушы
да халық» дейді. Әлеуметтік психологизмнің негізгі өкілі - Г.
Штейнталь. Оның тіл мәселелерін психологиянң заң-ережелеріне
негіздеп шешетін концепциялары «Грамматика, логика, психоло-
гия жэне бүлардың принциптері мен өзара қарым-қатынастары»
(1855), «Психология
мен тіл біліміне кіріспе» (1881), «Тілдің
шығуы» (1851) сынды еңбектерінде баяндалған. Барлык психоло-
гистер сияқты тілді бүлар да психологиялық бақылаудың нысаны
деп санайды. Индивидуалдық психология халықтық психологияға
негіз болады. Халықтық психология - халық рухы жөніндегі ілім.
Халық рухы - адамдардың рухани әрекетінің қайнар көзі. Халық
дәстүрінен
жалпы әрекетінен көрінеді. Осылардың бәрі, соның ішіндетілде,
халық рухының жемісі, халыктық психологияның көрінісі.
психологиясы
эрекетімен байланысы, сөйлеу әрекетінің іске асу жолдары де-
ген мәселелерге ерекше мән береді. Психологизм көп жагдайда
лингвистикалық
тапдау
орнына
психологиялық
тапдауды
қолданады, сөйтіп, тіл білімін өзінің негізгі қызметінен айырады.
Психологизм — тілдік категориялардың барлығы да тек тілдік мате-
риалдар арқылы көрінетін, соны жамыпған психологиялық катего-
риялар деп санаиды.
89
Тіл біліміндегі психологиялық бағыт XX ғасырдың 50 жылда-
рынан бастап психологиялық лингвистика (психолингвистика) де-
ген атпен тіл білімінің бір саласы ретінде қалыптасты. Ол - психо-
логия мен тіл білімінің аралығында туған жаңа ілім. Бұл ілім алғаш
Америкада пайда болды.
(Псшолингвистика саласы туралы кеңірек
мәлімет «ХХ-ХХІ гасырлар тогысындагы тіл білімі» тарауында
беріледі).
■...
Натуралистік бағыт, иегізгі идеясы
Натуралистік ағым немесе биологиялық бағыттың көрнекті
өкілі А. Шлейхер - салыстырмалы тіл білімінде тарихи әдісті
қалыптастырушының бірі. Ол «ИсследоваіАіе языков с точки зре-
ния сравнительного языкознания» деген еңбегінде славян, литва
тілдерін салыстыруда тарихи лингвистикалық әдісті қолданады.
Наіурализм жеке ағым ретінде өнерде, ғьшымда XIX ғасырдың II
жартысында Дарвин ілімінің әсерінен пайда болды. Ғылымда на-
туралистер дегендер - қоғамдық құбылыстарды зерттеуде жара-
тылыс заңдарын басшылыққа алып, мәселені соған негіздеп ше-
шуге ұмтылушылар. Негізгі өкілі - неміс ғалымы Август Шлейхер
(1821-1869). А. Шлейхер - салыстырмалы-тарихи тіл білімінде тіл
философиясын қалыптастырушылардың, тіл деректерін салыстыру-
да дыбыс құбылыстарының заңдылықтарын қатал сақтауды талап
еіушілердің, үндіеуропалық ататілді мүсіндеушіпердің, тілдердің
типологиялық үқсастығы мен генеалогиялық бірліктерін жан-
жақты талдаушылардың ең көрнектілерінің бірі болған ғалым. Ол
тіл білімінде натуралистік бағытты қалыптастырды. Оның негізгі
идеялары «Лингвистикалық салыстырмалы зерттеу», «Неміс тілі»,
«Дарвин теориясы жэне тіл білімі» атгы еңбектерінде айтылады.
Бүл еңбектерінде А. Шлейхер тілді тірі табиғи ағза деп танып,
ол туады, жетіледі, дамиды, қартаяды, өледі, жаратылыс заңдарына
бағынады, сондықтан тілді зерттегенде - жаратылыс заңдарын
басшьшыққа алу керек, тіл білімі жаратылыстану ғылымына жата-
ды, соның бір саласы деп қарайды. Оның тіл білімі жөніндегі бүл
түжырымы, әрине, қате. Бірақ оған қарамастан бүл бағыт өкілдері
тарихи лингвистикадағы жүйелілік принципі мен көне тілдерді
қайта жасау әдістерін үсынды.
90
философ
ТІЛДІҢ
мәніне байланысты. Оның пікірінше, тілдің негізгі қызметі - ойды
қалыптастырып, жарыққа шыгару. Тіл дегеніміз - дыбыстық ойлау
дейді. Тілдің ойды қалыптастыратын құрал екені даусыз, бірақ ол
тілдің иегізгі жэне бірден-бір қызметі емес, оның негізгі қызметі
- қарым-қатынас жасау қызметі. Бұл жөнінде ол ештеңе айтпайды.
А. Ш
тілдегі болатын
өзгерістерге, тіл тарихына байланысты. Ол тілдегі өзгеріс адам
еркіне тәуелсіз, өзіндік заңы бойынша іске асады, сондықтан ол
биологиялық ағза тобына жагуы тиіс, өйткені биологиялык ағзалар
да басқаларға тэуелсіз, өз заңы бойынша өзгереді, сөйтіп екеуі де
өзгерудің бір ғана заңына бағынатындықтан, екеуіндегі өзгерістің
сипагы да бірдей, яғни тілдегі өзгеріс, қоғамдағы өзгерістер сияқгы,
тілдің дамуы мен тарихын көрсетпейді, биологиялық ағзадағы
сиякты тек өсу, қартаю ғана болады дейді. Тілдік өзгерістерді А.
Шлейхер тарихқа дейінгі, тарихтан кейінгі деп екі жікке бөледі де,
тілдің тарихқа дейінгі өзгерісі оның дамуы, тарихы болады да, та-
рих басталғаннан кейінгі өзгерісі оның дамуы емес, тек өсуі ғана
дейді. Бұл - қате пікір.
А. Шлейхер үндіеуропа тілдері тараған ататілді мүсіндеу
мэселесімен де айналысты. Оның бұл саладағы теориялық
тұжырымы ғылым тарихында «Тілдер тегі» (родословное древо)
одан
■
геушілер арасында бұл
теорияны қолдаушылар да, қарсылар да бар.
Бұл
Л
А. Шлейхер тіл білімі мен филология арасындағы қарым-
қатынасты да сөз етті. Оның пікірінше, тіл ғылымы жаратылы-
стану ғылымдары құрамына енетіндікген, ол тарихи ғылым емес,
ал, филология - тарихи ғылым. Өйткені филология жазбалар тілін
зерттейді. Жазбалар тілі дейтініміз - тарих, онда халықтың руха-
ни өмірінің тарихы бар. Сондықтан филология тек тілді ғана емес,
халықтың рухани өмірінің тарихын зергтейді.
А.
Шлейхердің тіл табиғатына, мэніне, тарихына байланы-
сты айтқан пікірлерінің қате бағытта болғанына қарамастан, оның
концепңияларында ойлы, тартымды жүйелілік бар. Сол себепті де
көпшілік назарын аударды, қолдаушылар да, қарсылар да көп бол-
ды. Ғылымда А.Шлейхер еңбеісгерімен компаративистиканың I
дәуірі аяқталды деп есептеледі.
Жас
Жас грамматистер бағыты XIX ғасырдың 70-жылдарынан ба-
стап қалыптасты. Алғаш қалыптасқан жері - Германия. Бұл багыт
кейде Лейпциг тіл білімі мектебі деп те аталады. Себебі негізгі
өкілдері Лейпциг университетінің ғалымдары - К. Бругман, Пауль,
А. Лескин, Б. Дельбрюк т.б. еді. Францияда М. Бреаль, Швейцария-
да Ф. де Соссюр, Америкада Уитни, Италияда Г. И. Асколи, Ресейде
Ф. Фортунатов бастаған Мәскеу лингвистикалық мектебі мен Боду-
эн де Куртенэ бастаған Қазан лингвистикаліық мектебі болды.
Олардың негізгі тезисі - фонетикалық заңдарды өте қатал
сақтау. Олар «тіл - адам баласы мәдениетінің жемісі, тілдің өмір
сүруінің негізігі формасы - дара тіл» деп, тіл тарихын психология
түрғысынан түсіндіріп, тілге дүрыс анықгама бере алмады.
Олардың бағыттарын, үстанымдарын анықгап баяндайтын
тіл білімінде еңбектер баршылық. Мәселен, ең бастыларының
қатарына Г. Остгоф пен К. Бругманның «Үндіеуропа тілдерінің
морфологиялықзерттеулері» (1878) дейтін кітапқа жазған ал ғы сөзін,
Г. Паульдың «тіл тарихының принциптері» (1880), К. Бругман мен
Б. Дельбрюктің «Ү ндіеуропа тілдері салыстырма грамматикасының
негізі» (1886-1900) атты еңбектері жатады.
Жас грамматистер бағыты өз зерттеулеріне екі түрл і принципті
негіз етті. Оның бірі — тарихи (историзм) принцип те, екіншісі —
психологизм принципі. Сондықтан ол кейде психологиялық салы-
бағыттың
факторлары әсер етті
салыстырмалы
бүлар
өзгертуді
амал
зертгеудің жаңа эдістерін енгізуді мақсат етті.
Жас грамматистер тіл білімінің дамуына көп үлес қосты.
Олар салыстырмалы-тарихи тіл білімінің өздеріне дейін орын
алып келген көптеген кемшіліктерін дүрыс ашып, компаративи-
стиканы жаңа, жоғары сатыға көтерді. Туыстас тілдер семьясы
92
жөнінде көптеген құнды зерттеулер берді. Натуралистік бағыттың
кемшіліктерін дәлелдеп берді. Туыстас тілдердің дыбыстық
ұксастықтарын айқындаудың жолдарын, амалдарын нақтылап,
жегілдірді. Үндіеуропа тілдеріндегі фонетикалық заңдылықтарды
тілдік деректер арқылы талдап көрсетті. Ү ндіеуропа тілдерінен ора-
сан көп нақгы тілдік материалдар жинап, нэтижесінде үндіеуропа
тілдері материалдары негізінде түрлі салыстырма сөздіктер жаз-
ды. Бүл материалдар тіл білімінің практикалық саласының да-
муына мүрындық болуымен қатар, кейінгі дэуірлерде тіл білімін
теориялық жағынан жетілдіре түсуғе, тіл білімінде бүрын болмаған
немесе тым елеусіз болып келген диапектология, лингвистикалық
география, эксперименталды фонетика сияқгы жаңа салалардың
туып, қалыптасуына көп септігін тигізді. Туыстас тілдер деректерін
өзара диахрондық жолмен салыстыру эдісі өзінің ең жоғары саты-
сына көтерілді.
Жас граммагистердің жетістіктерімен қатар кемшіліктері де
көп болды:
Олардың
тілдің
табиғагы
жөніндегі
философиялық
түжырымдары дүрыс болмады. Тілді туғызатын да, дамытатын да
жеке адамдар дегенге сүйеніп, индивидуумдар тілін зерттеу керек
дегендері қате.
Дерекке сүйену дегенді желеу етіп, ғылыми абстракцияның
мэнін ескермеді, тілдің шығуы туралы мәселені тш білімінің ныса-
ны емес дегендері қате.
Лингвистикапық талдау сөйлеу тілі дерегіне сүйену қажет
деген қағиданы берік үстап, жазба тіл дэстүріне жеткілікті мән
бермеді.
Барлық назар туыстас тілдер деректерін өзара салыстыра
зерттеуге аударылды да, туыс емес тілдердің бір-біріне тигізетін
эсеріне, тілдік контакт мәселесіне жеткілікті көңіл аударылмады.
Тілдің
ішкі
заңдылықгарына
аса
мэн
беріп,
экстралингвистикалық факторларға мүлдем назар салмады, т.б.
Жас грамматистердің бүл олқылықтары XIX ғасырдың
аяғында анық баиқалды.
93
Мэскеу лингвисі и калы қ мектебі, негізгі идеясы
Мәскеу лингвистикалық мектебін XIX ғасырдын 70-80 жыл-
дарында Мәскеу университетінің галымдары қалыптастырды.
Негізгі өкілі - Ф. Ф. Фортунатов (1848-1914). Ол - Германияда,
Францияда, Англияда болып, жас грамматистер багытын қолдаган,
дәрісін тыңдаган, Үндіеуропа тілдерінің фонетикасын, морфологи-
ясын зертеген ғалым.
Келесі бір өкілдері - А. А. Шахматор (1864-1920) пен А. М.
Пешковский (1878-1933) болды. Мәскеу мектебі индивидуалдық
психологизмді өздерінің әдіснамалық негізгі ұстанымы деп сана-
ды. Лейпциг мектебі секілді бұлар да тілдің фонетикалық заңын өз
зерттеулеріне арқау етіп отырды. Бұлардың тұжырымдары психоло-
гизм принципіне негізделеді. Ол XX ғасырдың 30-жылдарына дейін
Н. Марр кезеңіне дейін өмір сүрді.
Қазан лингвистикалы қ мектебі, негізгі идеясы
Қазан лингвистикалық мектебі Қазан университетінде XIX
гасырдың аяғында пайда болды. Өкілі - Бодуэн де Куртенэ (1845-
1929). Ол жас грамматистерді қолдады. Дегенмен, ол екінші
жағынан, «тілде даралықпен қатар жалпылық та болады, бұл екеуі
бірлікте» дейді. Сөйтіп Б.де Куртенэнің бағыты индивидуалдық
психологизм де, элеуметгік психологизм де болды. Бұл — бүкіл
Қазан мектебіне тэн тұжырым. Олардың көтерген тағы бір мәселесі
- тілдің статикапық жэне динамикалық күйі деген мэселе. Жас грам-
матизм ізімен бұлар да тілдің динамикалық күйін, екінші жағынан,
тілдің статикалық күйін зерттеуге көңіл бөлді. Қазан мектебінің
өкілі Б. де Куртенэ фонема мәселесін ерекше зерттеді.
Қазан мектебінде В. А. Богородицкий, Н. В. Крушевский, Л.
В. Щерба, Е. Д. Поливанов сынды ғалымдар да болды.
Ү сы ны латы н әдебиеттер:
1.
Сусов И.П. История языкознания. Москва: Восток - Запад,
2006.
2.
Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Москва,
1979.
3.
Общее языкознание. Формы существования, функции,
история языка. Москва, 1970.
94
Ііі
идеясы
ІЫҢ ?0-80
^стырд*
'
ГеРМанщд
ьггь,н ВДлдағақ
№’ МоРфолощ.
92°) пен А. м
амы Деп сана-
^чык заңын ез
!ДаРЫ психоло-
•чдарына дейін
идеясы
итетінде XIX
"уртенэ ( 1845-
й, о з екінші
Щы, бр екеуі
шивидуалдык
Бр - бүтіі
і
бір мэселесі
ле.
Ж ас грам-
ш і жағынан.
н мектеошін
шевский. Л,
гшк - Заівд
ие. Москва.
функции.
4.
Ю
5.
Лингвистический энциклопедический словарь. Москва,
1990.
Тақырып:
XX ҒАСЫР ТІЛ Б Ы ІМ І ЖӘНЕ
СТРУКТУРАЛИЗМ
р:
Струкптуралъщ
'ктпуралъщ тіл бгли
мектептер.
С труктуралы қ тіл білімінің ндеясы, оның негізгі белгілері
XX ғасыр тіл білімінде қалыптасып дамыған тіл білімдерінің
ең көрнектісі, негізгісі - структуралықтіл білімі. Ғылымғаол салы-
стырмалы-тарихи тіл біліміне, оның бір бұтағы жас грамматистер
мектебіне қарсы бағытта туып қалыптасты. Бұл тіл білімінің пайда
болуының өзіндік себептері бар. XIX ғасыр ғылымынын негізгі си-
- тәжірибе арқылы бақылаудан туған деректерді сипаттау бол-
< ғасьш ғылымы олардың өзіндік мэнін, ішкі зандылықгарын,
паты
зергтеліп отырған нысанның құрылым ерекшелігін, элементтерінщ
өзара байланысын, өзара тигізетін эсерлерін ашуға тырысты. Струк-
турализм бірден пайда болған жок. Ол алғаш В. Гумбольдт, Ф. де
Соссюр, Б. де Куртенэ еңбектерінде қалыптасты.
С труктуралы қ тіл білімін дамы тқан мектептер
Структуралық тіл білімінің ғылымда белгілі үш мектебі бол-
ды. Олар: Праға мектебі (Чехословакияда), Копенгағен мектебі
(Данияда), дескриптивтік мектеп (Америкада), Лондон мектебі
(Үл ыбритан ия да).
Структуралық тіл білімі мектептерінің бэріне ортақ пробле-
малар мыналар еді:
Олар тілді ішкі элементтері өзара байланысты, тұгас жүйе,
бүтін құрылым
ылымын зерттеу
зерттеуде тіл элементтерін
зерггесе, структуралық
принципті қолданады
95
Мектептің барлығы да құрылымдық элементтерге жіктеушіл ік
жэне олардың өзара ішкі байланысы тілдің ең негізгі қасиеті,
тіл білімінің негізгі міндеті — тілдің қүрылымдык элементтері
арасындағы байланысты талдау - тіл білімінің тек өзіне ғана тән,
оның бірден бір нысаны деп біледі.
Барлығы тілді таңбалар жүйесі деп санайды.
Синхрония, диахрония проблемасына мән берді.
Прага мектебі
алғаш үйірме ретінде Францияда 1926 жылы
қалыптасты. Оны қалыптастырушы чех ^алымдары В. Матезиус
(1882-1945) пен Роман Осипович Якобсон (1826-1982) болды. Бүл
мектеп - XX ғасыр тіл біліміндегі ең беделді, кең өріс алған бағыт.
Прага мектебінің өкілдері тілді қоғамдық қүбылыс деп танып, ол
тек адам қоғамы бар жерде ғана өмір сүре алады деді. Бүл мектептің
пайда болуына Бодуэн де Куртенэнің фонологиялық концепциясы
әсер етті. Өкілдері: В. Матезиус, Е. Паулин, Н. Трубецкой, Р. Якоб-
сон, т.о. Бүл функционалдық лингвистика өкілдерінің әрқайсысы
эртүрлі
проблемамен айналысып, көп табысқа жетіп отырды.
Солардың ішінде ең ірі жетістіктері - фонология саласы.
Прага
мектебі
синхрония
мен
диахрония
арасында
айтарлықтай алшақтық жоқ деп, оларды бірлікте қарады. Егер
синхрондық сипаттау тілдік эволюцияны, бір жүйсні скінші жүйс
ауыстырып отыратынын ескермесе, өз міндетін жақсы атқара ал-
майды дейді. Бүл дүрыс пікір. Прага мектебі «тіл — дүниетанудың
құралы, ол мәдениетпен, әдебиетпен тығыз байланысты, оны тұйық
жатқан автономды дүние деп қарау дұрыс емес, оны бір қалыптан
аумаитын синхрондық жүйе деп қарау қате. Жүйе де өзгеріп оты-
рады» дейді. Осылай көптеген мәселеде Прагалықтар дүрыс
тұжырымдап отырды.
Копенгагеи мектебінің
өкілдері өздерін компаративистикалық
багыттагылардан бөлектеу үшін гректің
глосса
деген сөзі негізінде
глоссемиктер деп атады. Глоссематика - структурализмнің айрықша
багытының бірі.
Бұл багыт өкілдері тіл заңдарын идеалистік
тұргыда түсіндіреді. Бұл мектепті қалыптастырушы Дания галымы
Луи Ельмслев (1899-1965) болды.
Глоссематиктер алгашқыда Ф. де Соссюр тұжырымдарына
сүйеніп, Гірагалықтармен пікірлес болганымен, кейін олардан біраз
мәселеде жекеленді. Олардың негізгі принциптері мыналар:
96
Нақгы
тілдік деректермен
байланысы
жоқ абстракт
аксиомалықтеория жасауды көздеу. Бірақ ондай теория жасай алма-
ды, оны жасау мүмкін емес те еді.
Лингвистикадағы маңызды мэселе — тілді таза қатынастардың
кестесі деп санау, сол қатынастардың сипаттарын айқындау деді.
Тілдің эртүрлі ғылымға ортақ нысан болатын тарауларын
лингвистикалық пэн емес деп жариялап, оларды тіл білімінің
қарауынан біржола шығарып тастауды үсынды. Олар фонетика мен
семантиканы тіл ғылымына жатқызбайды. Бүл - қате пікір, егер олай
деп танысақ, тілді материясы мен мазмүнынан айыру деген сөз.
Зергтеу жүмысынан салыстырмалы-тарихи эдіс дегенді
біржолата ысыру керек, тілдер туыстығы деген ғылыми проблема
емес, оның орнына тілдердің эмбебап грамматикасын жасау керек
деді. Бүл да - қате пікір. Тіл білімі үшін салыстырмалы-тарихи әдіс
те, структуралық эдіс те қажет, әрқайсысының өз мақсаты бар.
Дескриптивтік мектеп
XX ғасырдың 20-жылдарында
Америкада пайда болды. Мектепті қалыптастырушылар - Эду-
ард Сепир (1884-1939)
мен Леонард Блумфилд (1887-1949).
Америка струюурализмі дескриптивтік мектеп деп те аталады.
Қазіргі Америка тіл біліміндегі бағыттардың бірі - Л. Блумфилд
мектебі. Ол кейде дескриптивті лингвистика деп аталады. Амери-
ка структуралистерінің көпшілігі тілдің құрылысындағы сыртқы
формальдык элементтерді сипаттай келіп, тілдің мағыналық жағын
жокка шығарады. Л.Блумфилд сөз ешбір лексикалық элементпен
байланыспайды деп, сездердің өзара байланысын мойындамайды.
Дескриптивті лингвистиканың әдіснамалық
негізі - дистрибу-
ция (бөлу, айыру). Бұл лингвистика өкілдері жансыз материяның
жалпы қасиетін зерттейтін ғылым тіл деп білген. Мұның бірнеше
мектептері болып, олар тілді схемаға негіздеп алады.
Л. Блумфилд өз зерттеулерінде бихевиоризмдік (мінез-
құлык)
психологиянын
концепцияларын басшылыкқа алды.
Оның ойынша, психология тек мінез-құлықты ғана зерттеу ке-
рек, ал, мінез-құлық дегеніміз — ағзаның сыртқы реакциясының
жиынтығы, реакция қоршаган орта туғызатын стимулдар арқылы
механистік жолмен пайда болады. Мұнда сөйлеудің ұғыммен,
ойлаумен байланыстылығы ескерілмейді. Тіл қызметінде жеке
Достарыңызбен бөлісу: |