р £еТ кд »ям д р е у
да, прогреске жетү де жоқ. Тіл мен қоғам айьірғисЫ^В^ййШ^ЛШһдщ
ТІакадөмик
С .Б ө й св м б ав
атындағы
ғы лы ми
17
КІТАПХАНАСЫ
адамдардың бірлесе қимылдап, материалдық игіліктер өндірісінде
белгілі бір табысқа жетуді, көздеген мақсатқа қол жеткізу үшін
өзара пікір алысып, түсінісіп эрекет етуінің күралы. Демек, тіл
мен өндірістің айырғысыз бірлігінде, диалектикалық қарым-
қатынасында, әрине, өндіріс алғашқьиіық, айқындаушы, шешуші
фактор болып табылады. Дәлірек айтқанда, адам өзінің тіршілік
жағдайларын жақсаргу үшін, табиғат жағдайларына жэне қогамдық
қагынастарға саналы түрде әсер ету үшін* қарым-қатынас жасау
және ой-пікір алмасу қүралын, яғни сөйлеу тілін қажег етеді, ал бүл
қажеттілік тілді тудырды.
Олай болса, материалдық өндірісті тудыратын тіл емес,
керісінше, өндіріс қажеттері бір үжымдағы адамдардың бэріне
түсінікті ортақ тілдің болуын қажетті түрде талап етті. Адамзат
тілінің пайда болу теориясының негізін салған К. Маркс пен Ф.
Энгельс бүл жөнінде былай деп жазды: “Тіл де, сана сияқты, ер-
теден келе жагқан нәрсе; тіл, дәл айтқанда, (іс жүзінде) алдымен
басқалар үшін және тек осының арқасында ғана мен өзім үшін де
өмір сүретін шын пракгикалық сана болып табылады, сөйтіп, сана
сияқты тіл де басқа адамдармен қатынас жасау қажеттігінен және
мұқтаждығынан туадьГ.
Тілдің шығуы туралы Маркстік көзқарасқа дейін де бірқатар
ой-пікірлер мен жорамал теориялар болды жэне олар қазірде де бар.
Енді солардың кейбіреулерін қарастырып көрейік.
Ежелгі грекфилософиясынанбастау алатын “дыбысқаеліктеу”
(немесе аноматопоэтикалық) деп аталатын теория тілдің шығуын
табиғатта болатын түрліше дыбыстарға еліктеудің нәтижесі деп
түсіндіреді. Әсіресе ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда кеңінен өріс алған бүл
теорияны жақтаушылардың бірі неміс философы Г. Лейбниц (1646-
1716) алғашқы адамдар жануарлар мен табиғат қүбылыстарының
дыбыстарын, мысалы, құстардыңсайрауын, қасқырдың үлуын, өзен
суының сылдырын т.б. есітіп, соларга еліктеуден эртүрлі дыбыстар
шыгарды дейді. Бірақ табиғатта дыбыс шығармайтын да заттар мен
қүбылыстар көп екені, олардың атау сөздері де мол екені белгілі.
Бүл теория тілдің шығуының себептерін дыбысқа еліктеуден іздеп,
тілдің әлеуметтік себептерін ескерусіз қалдырады, өйткені бүл тео-
рия тілді коғамдық қүбылыс емес, табигат қүбылысы, “табиғаттың
18
адамга тартқан сыйы” деген логикалық қорытынды шыгаруга
жетелейді.
!
Тілдің шығуы жайлы тағы бір ғылыми емес теория —
“қоғамдық шартгасу” теориясы. Бұл теория бойынша, алғашқы
адамдар тілдегі сөздерді өзара келісу арқылы таңдап алған. Тілді
келісім арқылы жасау үшін келісімнен бүрын бір тіл болуы ке-
рек қой, өйткені ондай тілсіз тіл туралы қалай келісім жүргізуге
болады?! Бүл логикалық қисынсыздық “қоғамдық шартгасу”
теориясының шындыкка жанаспайтындығын дәлелдеп жатудың
қажеті жок екендігін өзінен-өзі көрсетіп түр.
XIX
ғасырда «Еңбек айқайы» (“Трудовые выкрики”) деп ата-
лагын түрпайы материалистік теория пайда болды. Оның өкілдері
Людвиг Нуаре, Карл Бюхнер, т.б. алғашқы адамдардың еңбек ету
кезінде шығарган рефлексті айқайларының негізінде пайда болды,
бүл айқайлар ең алдымен етістік сөздердің шығуына негіз бол-
ды деп пайымдады. Бүл теорияны жақгаушылардың қагелігі сол,
олар тілді адамдардың қарым-қатынас күралы ретінде түсінбей,
тек еңбек процесін қостаушы көмекші күрал деп түсінді. Олардың
тілдің шығуының себепшісі болған алғашкы сөздер етістіктер еді
деген пікірінің ешкандай ғьшыми негізі жоқ. Тілді табиғи ағза деп
түсіндіретін натурапистік теория жэне басқа таза биологиялық
агым немесе тілдің шығуы мен дамуын күдайдың қүдіретті күшінің
нәтижесі деп түсіндіретін діни-идеалистік теориялар т.б. бүрында
да бар еді, казірде де жоқ емес. Бірақ олардың бэрі, сайып келгенде,
ғылыми емес теориялар екендігін атап айтпасқа болмайды.
Тіл философиясынын ғьшыми түсінігін кезіндегі археоло-
гия мен этнографияның, антропология мен социологияның т.б.
зерттеулеріне сүйене отырып жасап берген К. Маркс пен Ф. Эн-
гельс болды. Олардың ілімінше, адам тілінің табиғи қалыптасуына
бірден-бір себеп болған адам тектес маймылдардың адамға айна-
лу процесінің барысында туған коғамдық қажеттілік - алғашқы
адамдардың бірлескен тіршілік іс-әрекеттерін үйлестіру қажетті
еді. Демек, адам тілінің шығуы адам коғамының шығу, қалыптасу
проблемасына барып тіреледі екен, өйткені біріншісі екіншісінің,
яғни антропогенез бен социогенез проблемасының, қүрамдас бөлігі
болып табылады.
9
Сонымен, адамның санасы мен сөйлеу тілінің шыгуы
қоғамдық өндірістің жэне онымен бірге алғашқы қогамдық
қатынастар мен қажеттіліктердің ұзақ уакыт бойы қалыптасып,
адам тектес маймылдардьщ үйірлерінің алғашқы әлеуметтік адам
бірлестіктеріне айналуының жэне сондай-ак соған сәйкес дене
құрылысының өзгеруінің нэтижесі болып табылды. Сонымен қатар,
ру-тайпалар арасында кұралдар жэне басқа^бұйымдар алмасу іске
аса бастады, ал бұл біл імдер мен еңбек ету әдіс-тәсілдері, дэстүрлері
тілдік қатынас құралы арқылы басқа тайпалар мен халықгардың
мүшелерінің арасына тарап отырды.
“Алғашқы тілдің табиғи материясьГ да қазіргі заманғы
тілдердің “материясынан” көп өзгеше болған - оларда дыбыстық
сөздермен бірге ‘'ымдау тілі” де кеңінен пайдаланылган дейді
зерггеулердің нәтижелері. Жоғаргы тас дэуірінде (бұдан шамамен
40 мың жылдай бұрын) неандертальдыктардың орнына жаңа адам
(неоантроп немесе «Ношо заріепз») келеді. Ол енді жеке құрал
емес, құрамдас еңбек құрал (мысалы, сабы бар балта) жасай ала-
тын болды, жартастарға көп түсті сурет салуды білді. Оның бас
сүйегінің көлемі мен құрылысы қазіргі адамдікінен айнымайды
деуге болады. Бұл дэуірде енді нағыз қатынас құралы, қалыптасып
келе жатқан ой ұғымдарын қоғамдық жағынан тұжырымдау құралы
бола алатын дыбысты тілдің қалыптасуы аяқталды: “...Адамдардың
қажеттері жэне оларды қанағаттандыруға көмектесетін енбектің
түрлері көбейіп, эрі қарай дамыған сайын адамдар нәрселердің
тұтас топтарына жеке атаулар бере бастады”. Тілдік белгілер бір-
бірінен біртіндеп ажырап, жеке мазмұнға ие бола бастады: тұтаскан
аралас сөз-сөйлемдерден аз-аздап жеке сөздер - болашак есімдер
мен етістіктердің түп тұлғалары бөлініп шыға бастады, ал тіл тұтас
алғанда өзінің қатынас құралы жэне айналадағы дүниені танып білу
құралы ретіндегі функцияларын (қызметтерін) шын мәнінде атқара
бастады.
Тілдің коғам ды қ дифференциациялануы
Тіл - қоғамдық құбылыс. Ол қоғамның қажеттіліктерінен
пайда болған және қогамда пайдаланылатын құрал. Бұдан тілдің
келесі басты қызметі шығады. Яғни, тіл - адамдар арасындагы
қарым-қатынас құралы. Бұл кең түсінік: тіл арқылы хабарды
20
жеткізуге (информативтік жэне констациялаушы функциясы), неме-
се хабарды алуға (сұрау функциясы) болады. Сонымен бірғе қозғау
салуға, бұйыруға, өтінуге (аппелятивтік функциялары) т.б. болады.
Бұлардың хабарлы, сұраулы, буйрықты жэне лепті сөйлемдерге
сэйкес келетінін байқауға болады. Келесі мэселе тілдің қоғамдағы
жіктелістері. Ол тілдің
қогамдыц дифференциациялануы
деп атала-
ды. Оның негізгілері:
1.
Әлеуметтік дифференция әдеттегі кэсіби сөздерді,
терминдерді, жаргондарды береді. Яғни тілде адамдардың
элеуметтік топтарына, мамандығына, шаруашылық кэсібіне байла-
нысты жіктелулер бар. Терминдер, арнайы сөздер белгілі бір сала
бойынша қолданылады. Оларды әдетте гылыми терминдер, өнер
терминдері жэне спорттық терминдер деп бөледі. Кэсіби сөздер
элеуметтік диалект деген атаумен де белгілі. Олар адамдардың,
өлкенің шаруашылык кэсібіне байланысты, соған тэн сөздер. Мы-
салы балық, егін, бақша өнімдері, мал шаруашылығы, құсбегілік,
аншылық немесе өндірістік аймақтардың сол шаруашылыққа
байланысты ғана қолданылатын сөздері жатады. Ал жаргондар
адамдардың әлеуметтік топтарына байланысты қолданылатын
сөздер, бул мағынасында эскерилердің жаргоны, студенттік жаргон,
қылмыскерлердің жаргоны, компьютерлік жаргон деген ыңғаимен
қолданыла береді, бул ачызекі тілде молынан ұшырасады, эдеби
тілге енбейді. Жасөспірімдердің тіліндегі сөйлеу ерекшеліктері
сленг деп аталады. Бұлар тілдік «модаға, сәнге» байланысты өзгеріп
отырады. Лингвистикада булардың бэрін жинақтап, элеуметтік
дифференция бойынша сөздердің түрлерін
социолект
деп атайды.
Бұл атаулар эдеби тілге енбейтіні бол маса, жағымсыз мағынада
қолданылмайды. Шындығында, қазіргі эдеби тілде бір кездегі жар-
гондар сөздің ауыспалы магынасы немесе, лексико-семантикалық
варианты, тұрақты сөз тіркесі түрінде молынан үшырасады.
2.
Территориялық
(аймақгық) дифференция тілдегі
диалектілерді, говорларды тілдің варианттарын береді. Мысалы,
ағылшын тілінің диалектілерімен қатар, америкалық, австралиялық,
британиялық,жаңазеландиялық,оңтүстікафрикалык, канадалықдеп
аталатын нүсқалары бар. Ал диалектілер — жергілікті аймақтардың
тілдік ерекшеліктері. Ол фонетикалық (сөздің айтылуындағы
21
дыбыстық айырмалар), лексикалық (сол аймақта ғана қолданылатын
сөздер) жэне грамматикалық (аймақтар бойынша сөз тұлғаларының
айырмасы) диалектілер болып бөлінеді. Говорлар, сөйленістер —
аймақтың ішіндеғі сөйлеу ерешелігі бар шағын аудандар. Картаға
түсіргенде диалект аймақтарының шекарасын изогластар бөліп
түрады. Бүл - диалектология ғылымының зерттеу нысаны. Кейде
диалект мен тілдердің айырмасын белгілеу йИын болады: бір тілдің
екі диалектісі бір-бірін түсінбеуі де мүмкін, керісінше екі басқа
тілде сөйлеушілер толық түсініседі. Бүл жағдайларда халықтың тілі
деген түсінікке ғана қарайды.
Тіл өзініңбағытгалуы бойынша монологті, диалогті, полилогті
түрлерде жарық көреді. Монологті тіл кейінгі деп есептеледі. Себебі,
тіл қарым-қатынас қажеттілігінен пайда болған.
Тіл жэне қоғам мәселелеріне тілдің мәртебелері, қолданылу
аясы, мемлекеттік жэне ресми тіл, халықаралық қагынас тілі стату-
стары, тіпді дамыту мәселелері де жатады. Қазір әлемде шамамен
6000-ға жуық тірі тіл бар деп есептеледі. Олардың 70 пайызының
жазба тілі жоқ жэне жойылып кетудің алдында түр.
Тіл және сөйлеу
Тіл қызметіндегі қүбылыстардың барлық жиынтығындағы
тілге лайықты саланы анықтау үшін сөйлеу қарым-қатынасының
жеке эрекетін зерттеу қажет. Толық қарым-қатынас жағдайы болу
үшін, мүндай әрекетке екі адамның қатысуы керек. Бір-бірімен
сөйлесіп түрған екі адамды: А-ны жэне В-ны көреміз.
Сөйлеу
қарым-қатынасы
әрекетінің
бастапқы
нүктесі
сөйлеушінің біреуінің, мысалы, А-ның миында орналасады,
мүнда сана қүбылыстары, үғымдарды жеткізіп түратын тілдік
таңбалардың түсініктерімен немесе акустикалық бейнелерімен
ассоциация қүрайды. Мысалы: белгілі бір үғым мида өзіне сай
акустикалық бейне туғызады - бүл таза психикалық қүбылыс, одан
соң физиологиялық үдеріс басталады: ми сөйлеу мүшелеріне бейне-
ге сэйкес келетін импульс жібереді, кейін дыбыс толқындары А-ның
аузынан В-ның қүлағына жетеді. Бүл - таза физикалық үдеріс. Әрі
қарай қарым-қатынас үдерісі В-да жалғасады, бірақ ол кері бағытта
жүреді: қүлақтан миға қарай жүреді. Яғни, В-ның миынан А-ның
миына қарай сөйлеу аталған фазалардан өтеді.
22
Жоғарыда көрсетілген сөйлеу эрекетін мынадай бөліктерге
бөлшектеуге болады:
а) сыртқы бөлік (ауыздан құлаққа баратын дыбыстардың
тербелісі) жэне басқалардың бэрін қамтитын ішкі бөлік;
э)
психикалық жэне психикалық емес бөл ік, бұлардың екіншісі
сөйлеу мүшелерінде өтіп жаткан физиологиялық қүбыльгстарды
жэне адамнан тыс болатын физикалық қүбылыстарды қамтиды;
б) актив жэне пассив бөлік: сөйлеушінің ассоциация туғызатын
орталығынан тындаушының қүлағына жететіннің барлығы - ак-
тив, ал тыңдаушының құлағынан оның ассоциация туғызушы
орталығына баратындардың барлығы пассив болады.
Сонымен, тіл мен сөйлеу деген үғымдар бірлікте, бірақ бір
қүбылыс емес. Сөйдеу дегеніміз, психологтардың тілімен айтқанда,
эрекет. Ал әрекетдегеніміз-белгілі бір нэтижегежету үшін,бағыты,
мақсаты бірлігі арқылы топтасқан процестердің күрделі жиынтыгы.
Сөйлеу тілдік материалдар арқылы іске асады. Ол белгілі бір нормага
багынады. Сөйлеу әрекеті сөйлеу мүшелерінің артикуляциялары
арқылы пайда болып, ауа толқыны арқылы қүлаққа естіледі. Сөйлеу
эрекеті сөйлеу, есту, үғыну деген үш бөлімнен түрады. Бүлар өзара
үқсамайтын үш бөлек дүние. Мысалы, сөйлеуші ми орталығынан
хабар алады да, сөйлеу мүшелерін қозғалысқа келтіреді, артик>'-
ляция жасайды. Соның нәтижесінде дыбыс пайда болады, ол ауа
толқыны арқылы тыңдаушының қүлағына жетеді. Тыңдаушы есту
мүшелерінің тітіркенуі арқылы сезінгенін есту талшыктарымен ми
орталығына жеткізеді.
Біз тіл дегеннен ондағы бүкіл дыбыстардың, сөздердің,
грамматикалық формалардың жиынтығын түсінсек, сойлеу деген-
нен сол тілдік элементтердің өзара қатынасқа келуін, яғни тілдің
кимыл үстіндегі күйін түсінеміз. Бүл жағынан алғанда, тіл сөйлеуге
қажетті материапдардың жиынтығы болып саналады. Тілді Ф.де
Соссюр акустикалық бейненің қоймасы деп атайды. Ал сөйлеу - сол
қоймадағы материалдардың жанданып іске қосылуы, адамдардың
қатынас айналымына түсуі.
Тіл мен сөйлеудің арақатысын айтқанда мына нэрсені
ескеруіміз қажет:
тілде бар нәрсенің бэрі сөйлеуде бола беруі
мүмкін, бірақ сөйлеуде болғанның бәрі тілде бола бермейді. Сөйлеу
23
кезінде сөздер кейде тілде қалыптасқан, үиреншікті мағынасында
қолданылмай, тек контекст арқылы гана түсінуге болатын конно-
тацияда келе береді. Мысалы,
көцілдің жайлауынан ел кеткен
соц; жас жүрек жайып саусагын; кірлептей кетті журекті,
т.б.
бүндағы тіркестердің мағынасы тілде жоқ. Бүлар сөйлеу үдерісі
туғызған коннотативті мағыналар.
*
Тілге жақсы немесе жаман, нормаға жатады не жатпайды де-
ген сынды үғымдарды қолдануға болмайды. Тілдегінің барлығы ке-
рек, барлығы да нормалы. Керексіздік, нормасыздық тек сөйлеу
әрекеті кезінде туатын жағдайлар. Осыдан келеді де, қоғамдық
сипаттағы тіл жеке адамдардың сөйлеу (жазу) үдерісінде даралық
болады
да.
Сонымен қатар, тіл мен сөйлеудің өзгешеліктері жеке
адамдардың сөйлеу шеберлігіне ғана емес, одан әлдеқайда күрделі
факторларга да келіп тіреледі. Ондай
факторлар
қатарына
диалектілік ерекшеліктер, қоғамның, сананың күрделене түсуі, т.б.
жатады.
Тіл мен сөйлеудің бір еместігін, олардың арасында
айтарлықтай айырма бар екендігін, екеуінің екі бөлек проблема
екендігін XIX ғасырда В. Гумбольдт, Г. Штейнталь, Г. Шухардттар
айтқан. Бірақ тіл мен сөйлеудің екі бөлек нэрсе екенін ғылыми
түрғыдан алғаш дәлелдеген ғалым Ф. де Соссюр болды. Галым тіл
ғылымын тіл лингвистикасы, сөйлеу лингвистикасы деп екі салага
бөледі. «Мұның алғашқысы негізгі. онын нысаны тіл. ал сонғысы
көмекші, оның нысаны сөилеу эрекетінің жекелік жағы, ол таза
психофизикалык пән, бүл екі пән өзара тығыз байпанысты: тіл
сөйлеу гүсінікті болу үшін жэне өзінің барлық әрекетін жарыкқа
ал
V /
түсінеді [1.42].
қатар, кейбір қателіктері де
қүбылыс, онда әлеуметгік €
құнды
даралық
Бүл
и ду ал д ы қ
сөйлеу әрекетінің бір бөлшегі деп қарауында. Егер тіл әлеуметтік
24
болса, онда ол жеке индивидуалдық болып саналатын сөйлеу
әрекетінің бір бөлшегі болмауы керек не болмаса сөйлеу эрекеті таза
индивидуалдық болмауы керек. Сол сияқты ғалым тіл сөйлеу әрекеті
түсінікті болу үшін, ал сөйлеу тілдің іске асуы үшін қажет дей түра,
сөйлеуді таза индивидуалдык қүбылыс деп қарауы қисынсыз. Егер
сөйлеуде тек индивидуалдық қана сипаг болса, адамдардың өзара
түсінісуі мүмкін болмаған болар еді. Ғалымның бүл айтылған пікір
қайшылықтарын кейінгі зерттеушілердің кейбірі (А. И. Смирниц-
кий, т.б.) қолдап, яғни қайта жетілдіре зерггеу керектігін айтса, енді
біреулері бүл пікірде мэнді ештеңенің жоқ екендігін айтады. Де-
генмен мүндай, пікірлер тіл мен сөйлеу арасындағы өзгешеліктерді
жэне байланыстарды жоққа шығара алмайтындығы сөзсіз.
Қостілділік мәселесі
Көп үлтты мемлекетгерде эртүрлі үлт өкілдері бір-бірімен
қатынас жасау үшін, өзінің ана тілінен басқа тілді де, өзімен аралас-
қүралас халық тілін де білу қажеттігі туады. Сөйтіп, өздерінің
күнделікті өмірінде олар екі немесе одан да көп тілді жарыстыра
қолдана береді. Осыдан барып екітілділік немесе коптілділік пай-
да болады. Бүл қүбылыс тіл білімінде қостілділік (билингвизм) деп
атал ад ы.
'
Екі немесе одан да көп тілді қолданушылар жеке адам-
дар болуы да, бүкіл этникалық қауым болуы да мүмкін. Мысалы,
Кеңес Одағы көп үлтты мемлекет болды. Мүндағы эртүрлі үлтгар
өзара қатынас жасау үіш орыс тілін пайдаланды. Сөйтіп, орыс тілі
орыстардың ана тілі болумен қатар, Кеңестік заман халықтарының
үлтаралық тіліне де айналды. Яғни, билингвизм қүбылысы елдегі
саясаттың ықпалынан туындайды.
Қазіргі замандағы халықтардың көпшілігінің екі тілді болуы,
тіпті кейбіреулердің басқа тілге біржола ауысуы - ана тіл деген ата-
уды бүрынғыша үлтгық тіл, этникалық, үлттық бірліктің белгісі деп
түсіну — эрдайым дұрыстыққа жатпайды. Өздерінің төл, тума тілін
тастап, бөтен тілді ана тілім деп санаушы этникалық топтар, адам-
дар аз емес. Тіпті бір жанүядағы адамдардың эрқайсысының эртүрлі
тілді ана тіл етіп жүргендері де бар. Бүл, негізінен, өзара некеле-
скен эртүрлі этникалық бірлік өкілдерінің отбасында жиі кездеседі.
Мүндайлардың ана тілім дейтіндері - олардың кай үлтқа, қандай
25
этникалық бірлікке жататынының көрсеткіші, белгісі бола алмайды.
Сондай-ақ, белгілі бір тілдің бірнеше этникалық, ұлттық бірліктерге
ортақ тіл болу фактілері де өмірде жиі ұшырасады. Бұп жағдайлар
тіл бірлігі, тіл тұтастығы дегенді этникалық, ұлттық бірліктің кепілі,
___
»
т
•
* *
ЧшЛ
,
_ ........... ____________ _____ , _____ ___ _ _ .
в в
қажетгігін
аңгартады
Креол тілдер
Креол тілдерге
Африка, Оңтүстік-Шыгыс Азия, Океа-
ния, Латын Америкасы жеріндегі Испания, Португалия, Франция
отаршылдарының үрпагы жатады. Креол тілдердің пайда болуьі
тілдердің пиджинделуіне баиланысты. Ал
пиджиндвлу
дегеніміз
— тілдердің бұрмалануы дегенді білдіреді. Тілдердің пиджинделу
құбылысы
тілдерінің қарым-қатынасындагы (тогысуындагы) тілдік жагдаятқа
байланысты туады. Ягни,
пиджин тілдер
- бір кездегі отарлау са-
ясатына байланысты еуропалық келімсектер тілінің жергілікті эт-
ностар тілімен үнемі жэне жаппай қарым-қатынасы жагдайында
жаңарып өзгеруінен пайда болган тілдер. Пиджиндерді еуропалык
тілдердің табиги, тарихи дамуының нэтижесі деуге болмайды. Пид-
жинделу үдерісінде келімсектер тілінің тілдік құрылымы елеулі
өзгеріске түсіп жеңілдетіледі, жергілікті этностар тілінен кейбір
формаларды
фо
мүмкін. Креол тілдерінің көпшілігінде сөз түрлендіргіш парадиг-
матика кездеспейді, т.б. Осылайша пиджин өзінің құрьшымын
жеңілдете отырып, қатынастық қызметін кеңейтеді де, этностың
ана тіліне айналады. Сөйтіп, пиджиндер негізінде пайда болып,
жергілікті этностардың тіліне айналган креол тілдер қалыптасады.
Креол тілдер оларды қолданган этностардың келесі ұрпактары
үшін де ана тілі болып есептеледі. Креол тілдер мен пиджиндердің
өздерінің бастапқы байыргы негіз тілдерімен
генетикалық
байланысы үзілмейді, белгілі дәрежеде олар байыргы негіз
тілдерді жалғастырушы болып табылады. Бірақ креол тілдер мен
пиджиндердің даму үдерісінің эволюциялық қалпы бұзылады. Кре-
ол тілдерге айналу үдерісі креолдану болып табылады. Еуропа
елдеріндегідей оларды қолданатын тілдік ұжым жоқ. Креол тілдер
26
жергшікті жердегі аралас, эр текті халық арасында этносаралық
қарым-қатынас құралы қызмегін атқарып, аймақгық-типологиялық
тілдік құрылым ретінде танылады.
Қазіргі кезде 50 шақты пиджин немесе тілдік тұлғалары пид-
жинделген тіл бар. Олардың негізінде қалыптасқан креол тілдер
Африка, Онтүстік-Шығыс Азия, Океания, Америка жерлерінде
тараған. Кейбір үлкен аймақтарда креол тілдер койне (тілдің
функционалдық бір түрі) түрінде, кейбір жерлерде (Папуа - Жаңа
Гвинея) ресми тіл дәрежесінде қызмет атқарады. Креол тілдер мен
пиджиндердің зерттелуі XIX ғасырдан басталады.
Әлемдік тілдер
«Әлемдік тілдер» деген атауды негізінен БҮ¥-ның ресми
жүмыс тілдеріне қолданылады. Тілдің таралуын, көлемділігін сол
тілде сөйлейтін адамдардың санымен есептейді: 10 миллионнан аса
адам сөйлейтін тіл лингвистикалық олшеммен ірі тіл болып санала-
ды. Жер бетінде ондай тілдердің саны 100-ге жуық. Қазіргі ана тілі,
қостілділік (билингвизм), көп тілділік (полиглотизм) мэселелері де
осыған енеді. Тіл халыктың жэне ұлттың, ұлттық мемлекеттіліктің
басты белгілерінің бірі болып табылады. Сондықтан, мемлекеттер
эрқашан тіл саясатын басты назарда ұстайды.
Қазіргі кезде кейбір ұлтаралық тілдердің бір мемлекет
шеңберінде калмай, дүние жүзінің түрлі аймақгарына таралу
фактілері бар. Мұндай тілдер қоғам дамуының барлық дэуірінде
бірдей болған емес, тіл қызметінің элемдік дәрежеге көтерілуі ол
тілдіңиесі бол ы п таб ы л аты н хап ы қты ң хал ы қарал ы қ қаты настардағы
салмағына, орнына, ғылыми, мәдени, шаруашылық өрісіне бай-
ланысты болады. Антикалық Еуропаның латын тілінің бүкіл Еу-
ропа халықгарына канондық тіл болганы сияқты. араб тілі де ис-
лам діні тараған аудандар үшін канондык тіл болған. ХҮІІ ғасырда
жер шарының эртүрлі аймақгарына кең тараған испан, француз,
неміс тілдері болса, XIX гасырда мұнадй дәрежеге ағылшын тілі,
XX ғасырда орыс тілі көтерілді. Бұл тілдер халықарапық тіл деп
танылганымен, ешқайсысы да элемдік тіл дәрежесіне жеткен жоқ.
Бұл багытта ізденістер жүргізіліп, нәтижесінде бірнеше жасанды,
көмекші тілдердің жобасы ұсынылды. Солардың ішіндегі ең елеулісі
- волапюк, эсперанто тілдері болып табылады. Волапюк әлемдік тіл
27
деген агылшынның екі сөзінен біріккен. Бұл жобаны 1880 жылы
неміс католигі Шлейер жасаған. Кейбір эдебиеттерде бұл жасанды
тілді 200 мыңдай адам қолданган дегенді айтады.
Жасанды тілдер ішінде кең өріс алып тарағаны э
сперанто
тілі
болды. Ол XIX ғасырдың II жартысынан бері қарай белгілі
болып келеді. Оны қалыптастырушы жэне атау беруші — поляк
дәрігері Заменгоф. Ол 1887 жылы жарык көрген «Лингвоинтерна-
ция» (халықаралық тіл) деген еңбегіне эспёранто деген бүркеншік
атты автор еткен. Эсперанто сөзі «үміттенуші» деген мағынаны
білдіреді. Қазіргі кезде эсперантоны зерттеушілер одағы да бар, 56
елде эсперантистердің үлттық бірлестіктері бар. Тіпті 25 радио-
станциялары эсперанто тілінде хабар таратып түратын көрінеді.
Бүл тілде оқулықгар, түрлі әдебиеттер шыққан. Лондондагы арнау-
лы эсперанто кітапханасында осы тілде жазылған 30 мыңдай еңбек
жиналған көрінеді. Ресейде эсперанто одағы 1925 жылы қүрылып,
жұмыс істеп келеді.
Эсперантоның сөздік қүрамы үндіеуропа жэне басқа
да тілдерге ортақ сөздер негізінде жасалған. Онда не бары 16
грамматикалық ереже, 40 жуық қосымша бар. Әліппесі лагын гра-
фикасына негізделген, ол 28 таңбадан түрады. Дегенмен эсперанто
нағыз тіл емес, тілге көмекші, тэжірибе ретіндегі дүние. Әлемдік тіл
дәрежесін эсперанто сияқты жасанды тіл жасай алмайды.
Сонымен қатар, тілдің пайда болуы, дамуы, әдеби тілдің
қалыптасуы, стильдік тармақталуы туралы мәселелер де тіл жэне
коғам түсінігіне орайласады. Бүл бағыттағы барлық мәселелермен
тіл білімінің қомақты саласы болып табылатын элеуметтік тіл білімі
ғылымы айналысады.
т ^ -
Әдеби тіл
Әдеби тіл - үлт тілінің ең жоғарғы түрі, оның өңделген,
жөнделген, ең үлгілі саласы. Әдеби тіл — жалпыхалықтық тіл мар-
жанын жинақтап, сүрыпталған, екшелген, қызметке бай, элеуметтік
сипаты мен стильдік ерекшеліктері мол сала. Әдеби тілдің
қалыптасуы жазба тілдің қалыптасып, дамуымен тығыз байланы-
сты. Сөз жоқ, тілдік материалдарды іріктеп, екшеп, өңдеп қолдануға
талаптанушылық қай дәуірде болса да және сөйлеу тілінде де бола
береді. Жазба тілдіщ жоқ кезеңдерінде кең етек алған ауыз әдебиеті
28
үлгілершде плдік материалдарды екшеп, іріктеп, өңдеп қолдану
болмады деу жон болмас, алайда, ауызекі тілдегі өндеу, екшеулер
мен жазба әдеби тілдегі өңдеу, екшеулер бір емес. Мүндағы өңдеу-
жөндеулер, екшеп іріктеулер — әлдеқайда жетілген, бір ізге түсіп
орныққан, бүкіл тілдік қауым таныған, қабылдаған, барлығына
бірдей міндетті үлгіге, нормаға айналған өңдеулер.
Әдеби тіл жазба тіл негізінде қалыптасып, орнығып, халық
арасына кең тарағаннан кейін, ол тек жазба түрде ғана емес, ауызекі
сөйлеу тілі арқылы да іске асып отырады. Әдеби тіл дегеніміз —
жалпыхалықгық, біргүгас үлттық тілден мейлінше бөлек жагқан
дүние емес, ол солардың өңделген, жетілген, жоғарғы сатысы,
жалпыхалықгық тілдің диалект, сөйленіс, жаргон, ауызекі тіл
сияқты қызметіңің бір түрі. Ол да тарихи кұбылыс. Сондықган
ондағы өңдеу, екшеп, іріктеп қолдану дегендердің дәрежесі барлық
тілдерде және барлық дэуірде бірдей болмақ емес, олар да төменгі
дэрежеден жоғары сатыға біртіндеп көтерілмек.
Үлттық тілде эдеби тілдің болуы шарт болғанымен, әдеби
тіл болу үшін үлтгық тілдің болуы міндетті емес. Әдеби тіл үлттық
бірлікке дейін де болған. Ол дәуірдегі әдеби тіл оны қолданушы
қауымның тарихи жағдайына, мэдени дәрежесіне қарай белгілі бір
жергілікті диалект негізінде қалыптасуы да немесе күшпен енген
жат жүрттықгар тілі болуы да мүмкін.
Әдеби тіл кенеттен, ғайыптан пайда болмайды. Ол бүрыннан
бар белгілі тілдің негізінде жасалады. К. Маркс пен Ф. Эн-
гельс «Неміс идеологиясы» атты еңбегінде үлт тілі мен әдеби тіл
қаллыптасуының үш түрлі жолын көрсетеді:
Бүрыннан бар халықгық тіл негізінде жасалады. Мүндай
әдеби тіл эр хал ықтың өзіне тэн төл тілі болып есептеледі.
Әртүрлі үлттардың, олардың тілдерінің араласып, будандасуы
негізіндебелгілібіртілбірнешеұлттарәдебитілдерінқалыптастыруға
негіз болуы мүмкін. Мәселен, Латын Америкасында түратын жиыр-
ма шақты ұлт, ұлт тілі әдеби тіл ретінде испан тілін пайдаланады,
ағылшын тілі ағылшындардың да, солтүстік америкалықтардың да,
канадалықтардың да, жаңа зеландиялықгардың да ұлттық тілі, сол
сияқты неміс тілі немістердің де, австралиялықтардың да ұлттық
тілі т.б. Лингвистика гылымында бұлар ортақ тілдер деп атала-
ды. Әрине, негізіне ортақтық жатканымен, бұл ортақ тілдердің эр
ұлт ішінде қолдануларында, нормасында бір-біріне ұқсамайтын
өзгешеліктер болмай қоймайды.
Өзара туыстас, төркіндес, бір-бірімен тығыз байланысты
диалектілердің шоғырлануы негізіңде қалыптасады. Мұндай
жағдайда ол диалектілер ішіндегі басқаларға қарағанда жалпылык.
ортақтық сипаты молырақ бірі ұлттық әдеби тілдің қалыптасуына
негіз болуы мүмкін. Қазақ эдеби тілі осылаЙ қалыптасты.
Жазба тіл деген бар да, жазу деген бар. Бұл екеуі өзара
жақын болғанымен, бір ұғымды білдірмейді. Жазба тіл — баспасөз
тілі, ғылым тілі. Ал жазу - әліппе, ойды қағаз бетіне түсіру үшін
қолданылатын таңбалар жиынтығы. Жазу болған жердің бэрінде
қапыптасқан жазба тіл, әдеби тіл бола бермейді. Мысалы, қазақ
халқы да басқа түркі жұрты секілді араб жащуын ертеден бастап
қолданды. Бірақ, біріншіден, оны қолданушылар сан жағынан
мейлінше аз болды, екіншіден, жазу болғанымен XX ғасырдың ба-
сына дейін қалыптасқан жазба тіл болған жоқ.
Әдеби тілдің сипаты да біркелкі болмайды. Көп жағдайда эр
ұлт тек өзіне ғана меншікті жеке әдеби тілге ие болатындарымен
қатар, кейдк бір этникалық бірліктің екі бірдей әдеби тілге (жазба
тілге) ие болатыны бар. Мысалы, мордвалықтар - эрзя-мордва жэне
мокша-мордва деп аталатын екі тілді, комилер - коми-зырян жэне
коми-перм деп аталатын екі тілді, т.б. қоладанады. Кейде осының
керісінше, екі немесе одан да көп халықгардың, ұлттардың ортақ
бір ғана әдеби тілді қолданатыны да бар. Мысалы, кабардылар мен
черкестер екі түрлі халық бола тұра, кабарды-черкес тілі деп атала-
тын бір тілді қолданады.
Әдеби тілдің өзіндік нормасы, сол нормаға негізделген эртүрлі
стильдік ерекшеліктері болады. Әдеби тіл нормасы тілдік жүйемен
де, жалпыхалықтық тшді қолдануда қалыптасқан тілдік дәстүрмен
де байланысты, солардың негізінде қалыптасады. Жалпыхалықгық
тілдің де, әдеби тілдің де нормасының негізі - тілдік жүйе. Жүйе
- тілдің құрылымдық мүмкіндігі болса, норма - сол дерексіз
құрылым, жүйе мүмкіндіктерінің тілдік мэтін жасау тәжірибесінде
көрінуі, сөйлеу үдерісіндегі күйі.
Норма тілдік жүйеге негізделеді, дегенмен бұдан оны тілдің
тек ішкі зандылығынан ғана туатын, тек соган ғана бағынатын,
30
қоғамға, тілдік қауым еркіне тәуелсіз, объективті құбылыс деп
түсінуге болмайды. Тілдік норманы қалыптастырып дамьггуда, рет-
теп оған сындарлы сипат беруде тіл иелері, тіпдік қауым шешуші
қызмет аткарады.
Тіл білімінде тілді қолданудағы заңдылықтарды сөз еткен-
де узус (латынша - әдет, дағды, ереже д.м.), норма деген термин-
дер қолданылады. Бұл екеуі өзара жақын байланысты болса да,
бір құбылыс емес. Узус - этникалық топ өкілдерінің тілді қолдану
үдерісінде қалыптасқан, орныкқан дэстүрі, дағдысы, ережесі. Ал
норма деген термин тек эдеби тіл үлесіне ғана тиесілі де, узус жал-
пы тілдік норма, тілдік дәстүр дегенді білдіреді. Яғни, узустың
мағынасы кең эрі ондагы талап нормадағыдай қатал да, берік те
емес. Узус диалектілік, әлеуметтік ерекшелікгеріне қарамастан,
тілді қолданудағы барлық көріністерді, қүбылыстарды қамтиды.
Ал, олардың ішінде нормаға жататыны да, жатпайтыны да болады.
Мүндай еркіндік әдеби нормаға түспеген тілде кездесе береді.
Бірак бүдан әдеби үлгіге, нормаға түспеген тілді бейберекет жатқан
жүйесіз, заң-ережемен шекгелмеген бірдеме деп түсінуге бол-
майды. Норма тілдін ішкі заңына, жүйелік құрылымына тәуелді,
соның қажетінен туатын объекгивтік құбылыс емес, қоғамдық
қажеттіліктен туады. Оны реттеп, бір жүйеге келтіріп, заңдастырып
отырагындар тілді колданушылар, мемлекеттік орындар. Әдеи
нормада узусқа қарағанда тілдік материалдарды пайдалануда
саналылық. жауапкершілік мейлінше күшейеді.
Әдеби норма бірізді, тұракты болады дегенді абсолюпгтік мэнде
түсінуге болмайды. Бірізділік деген бірқалыпта қатып қалу деген
емес, эртүрлі нұскада келу әдеби нормаға да тэн. Олай болмаған
жагдайда, ол сымбаттылықган, тартымдылықтан. бейнеліліктен
айырылған, семиотикалық таңбалар сияқгы тіл болып шығатын еді.
Тіл және мэденнет
Тіл мен мәдениеттің өзара байланыстылығы, тіл туралы
гылымды мэдениеттің негізгі формасы ретінде танушылық тіл та-
рихы кезеңдерінде де, заманауи тіл білімінде де өзекті мәселелердің
қатарынан орын алады. Мэдениет - адамзат қоғамының өндірістегі,
қоғамдық жэне рухани оміріндегі
жетістігінің көрсеткіші.
Әдетте мэдениетті материалдык жэне рухани деп екі үлкен топқа
31
бөліп қарайды. Мәдениет термині дегенмен де халықтың руха-
ни өміріне қатысты қаралса керек. Көне заман мәдениеті, орта
ғасырлық мәдениет, т.б. деп бөліп қараймыз. Жекелеген тұлға өз
халқының мэдениетін эртүрлі танытады. Ол еңбек пен түрмыс
мэдениетінде, сөйлеу мэдениетінде көрінеді. Тіл, негізінен алғанда,
рухани мәдениетпен, қоғамның гылыми өмірімен, философиямен
тығыз байланысты. Оның үстіне тілдің өзі де халықтың рухани
мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Тілде үлттық мәдениеттің
формасы ретінде хал ықаралық жэне үлттық, қогамдық жэне жаппай
мәдениет түрлері көрініс табады.
*
Сонымен бірге тіл мен мэдениеттің өзге де бөлшектері
арасындағы екі жақты байланысты айта кету керек. Мәселен, эдеби
тілдің қалыптасуына саяси-экономикалық, мэдени-тарихи фактор-
лар айтарлықтай ықпал етеді.
Ұ сынылатын әдебиеттер:
1.
Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы,
2004.
2.
Кодухов В.И. Общее языкознание. Учебник. Москва, 1974.
3.
Шарафутдинова Н.С. Теория и история лингвистической
науки. Москва, 2008.
4.
Лингвистический энциклопедический словарь. Москва.
1990.
5.
Алтынбекова О., Никбаева К. Билингвизм типологиясы
туралы. //Қазақ тілі мен әдебиеті. 2006, №6, 115-123 бб.
Тақырып:
ТІЛ ЖӘНЕ САНА. ТІЛ Ж ӘНЕ ОЙЛАУ
Қ арасты ры латы н
мэселелер:
«Сана» және «ойлау»
терминдерінің айырмашылыгы. Тіл және сана. Тілменойлау.
'щг-'
«Сана» жэне «ойлау» терминдерінін айы рм аш ы лы ғы
Түрлі ойлардың өзара қарым-қатынас жасап, оны үрпақтан-
үрпаққа жеткізуші қүрал болғандықтан да тіл үлттық мәдениет
формасы ретінде сана және ойлау деген категориялармен үнемі
байланыста жүреді. Жалпы «ой», «сана», «ойлау» терминдері
көбінесе балама ретінде жүмсалады. Дегенмен «сана» терминінің
32
қолданылу жайы басқарақ. Оған байланысты мынадай арнайы
терминдер қолданылады: «дүниетаным», «идеология», «халықтың
сана-сезімі». «Сана» терминін адамның жүйке-ми жүйесі іс-
әрекетінің көріну процесі десек, ал «оилауды» оір нэрсені түсіну,
тану, корыту түріндегі көрініс процесі деп танимыз.
Ой ойлаудың нақты нэтижесі болып саналады. Ал ойлау -
адам миының қызметі. Бүл бір нәрсе туралы ойлап, талқылауға,
ой қорытып, баға беруге қабілеттілік деген сөз. Ойлау - негізгі
бөлік болып саналғанымен, ол сананың бір бөлшегі ғана. Ойлау да
қарым-қатынас секілді вербалды жэне бейвербалды болып келуі
мүмкін. Бейвербалды ойлау шындықты қабылдау нәтижесінде
қалыптасқан, содан соң есте сақгалған көріктеу-сезім бейнелерінің
көмегімен көрініс табады. Бейвербалды ойлау эртүрлі деңгейде
жан-жануарларда да бар. Бейвербалды ойлаудың ең жоғары дамыған
түрлерін, әрине, адамдардан табамыз. Вербалды ойлау сөзде көрініс
табатын эр алуан түсініктерден, саралаудан түрады, түрлі болжам-
дар мен теорияларды талқылайды, сараптайды, қүрады. Ол тілде
түрақгалған формаларда көрінеді, яғни ішкі жэне сыртқы сөйлеу
үдерістерінде жүзеге асады. Вербалды ойлау адам баласы ойының
маңызды бір бөлшегі болып табылады.
Ойлау
бейнелі,
техникалық жэне
логикалық
болып
келуі мүмкін. Бейнелі ойлау жанды қабылдауды, түсініктің,
бағалаудың бірлігін қамтиды. Ол поэтикалық сөйлеуден, көркем
шыгармалардан, сурет өнерінен, музыкадан, архитектурадан, кино-
фильмдер мен телефильмдерден көрініс табады. Техникалық ой-
лау бейне мен түсінікті техникалық жағынан біріктіреді. Логикалық
ойлау түсініктерді дүрыс пайдалану мен байымдауды дүрыс қүруда
қолданылады.
Тіл және сана
Тіл, ең алдымен - сана әрекетін қалыптасыру қүралы.
Екіншіден, тіл - адам санасының екінші бір бөгде санаға жеткізілу,
түсінілу қүралы. Үшіншіден, тіл — жүмыс істеуші сананың сөйлеу
актісінің қүралы. Осылардың бәрін жинақтай келгенде, тіл сөйлеу
үлгілерінің шындықпен сай келетіндігін салыстыра отырып,
сананың іс-әрекетін бақылап отырады. Ал сана тілмен қарым-
қатынасы жөнінен алғанда, плдің лексика-семантикалық жүиесінде
33
үзіліс жасап түратын құбылыс. Сонымен қатар ол тілдің сөйлеу
қызметіндегі негізгі басқыш болып табылады.
Тіл және ойлау
Тіл мен ойлау мәселесі тек тіл гылымына гана емес, филосо-
фия, логика, психология салаларына да қатысы бар қүбылыс. Себебі,
тіл де, ойлау да адам миының туындысы, екіншіден, тілде де, ойла-
уда да элеуметгік жэне биологиялық жақтгр үштасып, бір-бірімен
өзара бірлікте болады. Адам баласының өзара пікір алысуы тіл
арқылы жүзеге асады. Адам ойын тіл арқылы жеткізеді. Тыңдаушы
да сөйлеушінің сөзін тіл арқылы түсінеді. Ойдың жарыққа шыгуы
тікелей тілге қатысты. Сондықган да «Тіл дегеніміз — ойдың тікелей
шындыгы» деп таньшады. Кейбір галымдар тіл мен ойлауды екі бөлек
қүбылыс, ешқандай байланысы жоқ деп түсіндіреді. Мысалы, Н. Я.
Марр былай дейді: «Тіл дыбыстар арқылы көрінетін болгандықтан
гана өмір сүреді, ойлаудың қимылы мүндай көрініссіз-ақ болады».
Бүл дүрыс емес. Тіл мен ойлау үдерістері өзара тыгыз байланысты
қүбылыстар.
Тіл мен ойлау арасындагы қарым-қатынас біздің дәуірімізден
көп бұрын басталган. Олардың қагынасы жоніндегі пікірлерді,
көзқарастарды төрт үлкен жікке топтастыруга болады. Олар:
1) Тіл мен ойлау тепе-теңдік бірлікте, ешқандай өзгешеліктері
жоқ дейтін козқарас. Бұл —менталистік багыт деп аталады. Өкілдері:
неміс галымдары Ф. Э. Шлейермахер, И. Г. Гаман, т.б.;
2) Тіл мен ойлау арасында ешқандай бірлік, ұқсастық жоқ,
екеуі екі бөлек дүние дейтін көзқарас. Өкілдері: неміс галымы Ф.
Э. Бенеке;
. ,.
3) Тілдің рөлін асыра багалап, тіл мен ойлауды өте жақын
деген көзқарас.
Өкілдері: неміс галымы В. Гумбольдт, француз
галымы Л. Леви-Брюль;
4) Тіл мен ойлау өзара тыгыз байланысты, бірінсіз бірі өмір
сүре алмайды, бірақ бұлардагы бірлік абсолюттік, тепе-теңдік бірлік
емес, эрқайсысының өзіндік дербестіктері, қайшылықтары бар
дейтін көзқарас. Тіл мен ойлау жөніндегі дұрыс пікір соңгы багыт.
Тіл мен сананың арасындағы қатынас екі жақгы: екеуінің
де өзара бір-біріне берері де, бір-бірінен алары да аз емес. Тіл -
ой-сананы қалыптастыратын, оны материалдандырып жарыққа
34
шығаратын, басқаларға білдіретін, ой сана табыстарын сақтап, оны
кейініі ұрпакка жеткізетін құрап. Еңбек ету кезінде тілдің көмегі
арқылы қалыптасып, жетілген ой сана кейін де тілге кері әсерін,
ықпалын тигізеді. Тілді жүйелі, дұрыс қолдануда ой сананың
агқаратын рөлі ерекше. Себебі ойлау процесі дұрыс қойылмаған,
орнықты, нақты болмаса, оны жеткізуші тіл құрапы лайықты
шықпайды. Ой-сана - сөйлеудің мақсатқа сай болуын қамтамасыз
ететін бақылаушы. Тілдің сөздік құрамында, грамматикасында
болып жатқан жаңалықтар, өзгерістер ой сананын ретгеушілік,
басқарушылық эрекеттерінің жемесі болып табылады. Тілдік
механизмнің қозғалысқа келіп, сөйлеу эрекетінің пайда болуында
да ой сананың, мидың қатысы мол.
Бұл айтылғандарға қарамастан тіл мен ойлау арасында
айтарлықгай өзгешеліктер де аз емес. Мысалы, ой — тілдің, тілдік
элементтердщ идеялық жағы, тіл арқылы оерілетін мазмұнның
негізі. Тіл мен ойлау бір бутіннің екі саласы, бірі - материалдық
(сыргқы пішіні) жағы болса, екіншісі - идеялық (ішкі мағынасы)
жағы. Сондықтан ойлаудың танытқыштық қызметін сөз еткенде
тілге соқпай, ал тілдің семантикалық жағын сөз еткенде ойлауға
соқпай өтпеуге мұлдем болмайды. Тілдік элементтердің мағыналық
жағы тілді ойлаумен ұштастыратын дәнекер, желі. Осы мағыналық
желінін бір басында тіл, бір жағында ойлау тұрады. Осы тұрғыдан
алғанда, тіл мен ойлауды қатынастьщ екі мүшесі, екі элементі деуге
болады.
Тіл мен ойлау өзара қызметі мен құрылымдары жағынан
жекеленеді. Ойлаудағы мақсат нысанды танып білу, жаңа мәлімет,
тың білім табу болса, ал тіл ойды жарыққа шығару, оны сақтап
кейінгі ұрпаққа жеткізу міндетін атқарады. Екеуінің тағы бір
айырмашылығы, ойлаудың логикалық заңы - жалпыадамзаттық
оолса, ал тілдщ негізгі элементтері — грамматикалық құрылысы,
сөзжасам жүйесі бұлар жалпы адамзатгық емес, жеке ұлттық болып
табылады. Әрбір этнос ойды өзінше қалыптастырып, өзіне ғана тән
амалдармен жарыққа шығарады. Сондықган да эр этнос өкілі өз тілі
тұрғысында, өз тілі негізінде ойлайды.
Тіл мен ойпау арасындағы байланысты зерттейтін ғылым са-
ласы менталингвистика деп аталады. Мента - ақыл, ой, ойлау деген
35
мағынаны білдіреді. Менталингвистика - экстралингвистиканың
бір саласы, яғни екеуі де тілдің сыртқы дүниемен байланысын
қарастырады. Тілде де, ойлауда да әлеуметтік, жалпыадамдық
сипатпен қатар индивидуалдық та қасиеттер бар. Бүл касиеттері
олардың қатынасын күрделендіре түседі.
Тіл екі жақты қүбылыс: оның бір жағы - сыртқы дыбыстық,
материалдық жағы да, екіншісі - ішкі мазмүндық, логикалық
жағы. Тілдік элементтердің логикалық жаяы дегеніміз — олардың
білдіретін мағыналары, атқаратын қызметі. Тілдікэлементтерсөйлеу
проңесінде қандай қызмет атқарса, сол олардың мэні, магынасы бо-
лып саналады. Мағына деп тілдік түлғалардың семантикалық функ-
циясын айтады. Тілдік элементтердің магыналық жағы тіл білімінде
семантика деп, оны зергтейтін гылым саласы семасиология деп ата-
лады. Тіл мағынасында бейнелеуіштік те, коммуникативтік те сипат
бар. Тілдің танымдық қасиеттері осы екеуінен көрінеді.
¥сы ны латы н әдебиеттер:
1.
Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы,
2004.
2.
Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Москва,
1979.
(
^
3.
Степанов Ю. С. Основы общего языкознания. Москва, 1975.
4.
Лингвистический энциклопедический словарь. Москва,
1990.
Тақырып:
ТІЛ Д ІҢ ТАҢБАЛЫ Қ СИПАТЫ
Қ арасты ры латы н мэселелер:
Жалпы семиотика үгымы
туралы. Тілдік семиотика үгымы туралы.
Ж алпы семиотика үгымы туралы
Тіл білімі — табиғи тіл туралы ғылым. Тіл — қогамның
ең маңызды байланыс қүралы
жэне ой-санамен
байланысты
болғандықтан әлеуметтік (гуманитарлық) пэн ретінде адам мен
қоғамды зерттейді. Табиғи тіл — ең маңызды таңбалық жүйе
болғандықтан, тіл білімі семиотикалық пэн ретінде қарастырылады.
Семиотика — хабарды сақтап, басқаға жеткізе алатын
эртүрлі
36
таңбалық жүйелердщ қүрылысы мен қызметін зерггейтін ғылыми
пэн. Ғылымда таңбалар туралы ілім семиотикадеп аталады.
Таңбалар жүйесі екіге бөлінеді:
А) Тілдік таңбалар;
Ә) Тілдік емес (шартты) таңбалар.
Тілдік таңбалық сипаты сөз болғанда, бүтіндей тілдің
жэне оның элементтерінің объективті болмыстағы заттар мен
күбылыстарға қатыстылығы жэне олармен жанама түрде байла-
нысу дәрежесі ескеріледі. Тілдік бірліктердің таңбалық қызметіне
олардың адамның танып білу әрекетінің нәтижелерін жалпылап
білдіру қасиеті мен адамның қоғамдық-тарихи тәжірибелерінің
қорытындыларын тіркеу жэне сақтау қасиеті енеді. Жалпы таңба
атаулының, әсіресе, тілдік таңбаның айрықша белғісі оның
табиғаггының екі жақгылығында. Таңбаның екі жағы - таңбалаушы
мен таңбаланушы жақтары тілде олардың абстракңиясы, сэулеленуі
түрінде тіркеледі, сөйлеушінің санасында мағыналар түрінде жэне
таңбалық форманың сезімдік образдары түрінде сақгалады. Белгілі
бір нэрсені білдіру, хабарлау қызметін атқарып түрған материалдық
көрсеткіш таңбалаушы деп аталады да, ал ол білдіріп түрған
мағына таңбаланушы деп аталады. Мысалы, бағдаршамды алайық.
Оның жасыл жарығы таңбалаушы да, ол білдіріп түрған мағына
таңбаланушы болып есептеледі.
Ғылымда таңба атаулы негізгі жэне көмекші таңба деп екіге
бөлінеді, негізгі таңба ретінде тілдік таңбалар алынады. Негізгі
таңбаларға тілдің ең кіші бөлшегінен бастап ең ірі синтаксистік
конструкцияларғадейінгі элементтержатады. Көмекшітаңбалардың
өзі бірнеше түрге бөлінеді. Мәселен, графикалық таңбалар (ма-
тематикада қолданылатын есептер, мөр, т.б. бүлар көру мүшесі
арқылы қабылданады), акустикалық таңбалар (түрлі сигналдар,
дүрілдер, гудоктар, т.б., бүлар есту мүшесі арқылы қабылданады),
ақша таңбалар (эр елдің ақшалары), т.б.
Таңба ойдағы мазмүн мен жіктелген дыбыстардан қүралады.
Таңбаның осы екі қыры арқылы адам санасында қоршаған орта,
оқиғалар мен деректер бейнеленіп қабьшданады. Тіпдік таңбаның
жиі кездесетіні — сөз. Кез келген дэуірде, қай тарихи терең
кезеңді алмайық, тіл көне дэуірдің мүрагері ретінде сипатталады.
37
Қоғам тілді алдыңгы буыннан дайын күйінде кабылданатын мүра
ретіндегі өнім деп біледі. Ал лингвистиканың жалгыз нактылы
нысаны - қалыптасып үлгірген тілдің қалыпты эрі тұрақгы өмірі.
Тілдің кез келген қалпы, тілдің өзгермеуін түсіндіре алатын тарихи
факторлардың өнімі болып саналады.
Тілдің үздіксіздігін қамтамасыз етіп тұрган уақыт оган да
қарама-қарсы әсерін тигізеді, ягни, тілдік таңбларды белгілі бір
жылдамдықпен өзгертеді, сондықтан бұл я$ерде тілдің өзгеруі ту-
ралы айтуга болар еді. Түптеп келгенде, бұл екі дерек бірін-
бірі анықгап тұрады. Таңба өзгеріске түседі, өйткені оның өмірі
жалгасуда. Кез келген өзгерісте бұрынгы материал сақгалып отыра-
ды. Уақыт аралыгындагы өзгеріске эртүрлі формалар тэн, олардың
әрқайсысы лингвистика теориясындагы үлкен тараулардың мате-
риалы болып отырады. Қандай өзгеріс болса да, олар әрқашан
таңбаланушы мен таңбаланушы арасындагы қатынастың өзгеруіне
экеп согады. Мысалы, көне неміс сөзі «сігійеіі/дриттейл» - үштен
бір, қазіргі неміс тілінде «сігійеі/дриттел». Бұл жерде ұгым өзгермесе
де, ұгым мен таңбалаушының қатынасы екі жақты өзгеріске түскен;
таңбалаушының материалдық қыры гана емес, грамматикалық
формасы да өзгерген. Таңбаның уақыт аралыгында үздіксіз болып,
уақыт ішінде өзгеріп отыруы жалпы семиологияның ұстанымы
болып табылады. Сонымен таңба жайлы ой-тұжырымдарды
қорытындыласақ:
Тіл қызметіне тіл мен сөйлеу енеді. Тіл — жеке адамга
басқаларды түсініп, өзін түсіндіре алатын тілдік машықтардың
жиынтығы. (Ф. де Соссюр)
Тіл болу үшін сөйлейтін ұжым қажет. Тіл ұжымнан тыс өмір
сүрмейді, өйткені тіл семиологиялық құбылыс.
Тілдік семиотика үгы мы туралы
Тілдің таңбалық сипаты оның негізгі ерекшелігі болып келеді.
Тілдіңтаңбалықтабигаты эсіресе, Б. деКуртенэ мен Ф. деСоссюрдің
еңбектерінде жан-жақты талданган. Тілдік таңбаның тілдік емес
таңбадан ерекшелігі бар. Ол айырмашылық, ерекшелік мынада —
тіл мазмұнды гана білдіріп қоймайды, сонымен бірге адамның
хабарланатын жайга қатысын, қалай қарайтынын, ішкі эмоциясын
да білдіреді. Тіл логикалық ойлаумен гана емес, сонымен бірге
38
адамдардың психикалық дүниесімен де байланысты болады. Ал
мұндай қасиет таңбалардың басқа жүйелерінде, мысалы, транспорт
сигнализациясында жоқ. Тілден басқа барлық таңбалар қолдан жа-
сапады. Ал тілдік таңбалардың дамуы қоғам мүшелерінің еркіне
бағынышты емес. Тілдік емес таңбалар шартты түрде келісім
бойынша жасалатындықтан, ол өзгеріске үшырап отыруы мүмкін.
Ал тілдік таңбалар бүндай өзгеріске көнбейді. Сонымен қатар,
барлық таңбалардың жүйесі дыбыстық тілге негізделеді.
Тілд і к емес таңбал ар жүйес і нде таңбаның б ір ғана преди каттық
мәні бар түрі болады. Ол үсақ таңбаға бөлшектенбейді. Сондықган
бүларда иерархиялық қатынас деген жоқ. Бүл таңбаларда қандай
қызмет атқарса да, сол мағынасы өзгермейді. Тілдік емес таңбаның
өнімсіз болатыны сондықган. Ал тілдік таңбалардың қүрылымы
мен жүйесі өте кең, түрлі қызмет аясында көріне алатын қүбылыс
деуге болады. Олардың тілдік емес таңбадан гөрі икемді, көп
функционалды болатын себебі, ол түрлі қызметте, атап айтқанда,
информативтік,
коммуникативтік,
эмоционалды-экспрессивтік,
парадигматикалық, репрезентативтік, сигнификативтік те қызмет
атқара алады. Эмоционалды-экспрессивтік қызмет тек тілдік
таңбаларда ғана болатындығын атап өту керек.
Тілдік таңбалардың тағы бір ерекшілігі - оның қолданушылар
еркіне тэуелсіз болуы. Мысалы, мүнда таңба мен таңбаланушы
арасында еркіндік басым, ол белгілі бір тәуелділікке бағынбайды.
Яғни, загг пен оны білдіретін үгым арасындағы қатынас еркін түрде.
Оның мәнін ешкім де дәлелдеп бере алмайды
(тау неге тау деп
атачады?
т.б.).
Тілдік таңбалар атқаратын қызметіне қарай, білдіретін
мағыналарына қарай екі жақгы, жартылай екі жақты, бір жақты
деп бөлінеді. Екі жақгыға сөздер, сөйлемдер, сөз тіркесітері жата-
ды, жартылай екі жактыға көмекші морфемалар жатады, бір жақты
таңбаларға фонемалар жатады. Бүлай бөлінуі олардың функция-
ларына байланысты. В. Гумбольдт, Ф. де Соссюр, Б. де Куртенэ
сынды ғалымдар айтқан тілдің екі жақгы қүбылыс екендігін негізгі
дәлелдейтін бірлік - сөз. Сөздің материалдық жағы мен идеялық
жағы бірінсіз-бірі өмір сүре алмайтын дүние. Бүл сөйлеу үдерісінде
эбден дәлелденген.
39
Үсынылатын әдебиеттер:
1.
Қордабаев Т., Қалиев Ғ. Жалпы тіл білімі. Оқулық. Алматы,
2004.
| р
2.
Шарафутдинова Н.С. Теория и история лингвистической на-
уки. Москва, 2008.
3.
Березин Ф.М., Головин Б.Н. Общее языкознание. Москва,
1979.
4.
Лингвистический энциклопедический словарь. Москва,
1990.
*
Тақырып:
ТІЛДІҢ Ж ҮИЕЛІК, ҚҮ РЬІЛЫ М ДЫ Қ СИПАТЫ
Қ арасты ры латы н мәселелер:
«Жүйе» мен «қүрылым»
үгымдарыныц арақатысы. Тйі бірліктерініц қалыптары. Тіл
жүйесіндегі қатынастар.
Достарыңызбен бөлісу: |