6В01510 Биология зертханалық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулар


Мақсаты:Желбезекаяқты шаян тәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу үшін мысалға қалқаншалары мен дафнияны алу. Тапсырма



бет15/24
Дата12.10.2024
өлшемі62,9 Kb.
#147867
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
file-1533

Мақсаты:Желбезекаяқты шаян тәрізділердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу үшін мысалға қалқаншалары мен дафнияны алу.
Тапсырма:Қалқаншалардың сыртқы құрылысымен танысып,суретін салып,белгілеп көрсету.Дафнияның ішкі және сыртқы құрылысымен танысып,суретін салып,белгілеу.
Құралдар:Фиксацияланған қалқаншалар,тірі дафниялар.
Тапсырмағы түсініктеме:Қалқаншалар кеудесінің сегменттелуіне,бас бөліміне, денесінің құрсақ бөліміне,аяқтарына көңіл аудару қажет.Дафнияның сыртқы құрылысымен танысқандла денесінің сегменттелуін,аяқтарының морфологиясын және ішкі құрылысының жүйелерін байқау.Дафнияның кеңістікте жылжуын бақылау.
Сұрақтар:
1Дафниялар мен қалқаншалардың ұқсастығы мен айырмашылықтары.
2.Дафнияның тіршілік циклі.
3.Дафнияның ұрпағындағы цикломорфоздық өгеріс деген не?
4.Тармақмұрттылардың табиғаттағы маңызы.
23-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Циклоптың құрылысы және көбеюінің ерекшеліктері.Мұртаяқтылардың құрылысы.
Тип Arthropoda-Буынаяқтылар
Тип тармағы Branchiata -Желбезектыныстылар
Класс Crustacea -Шаян тәрізділер
Класс тармағы Maxillopoda-Жақаяқтылар
Отряд Copepoda-Ескекаяқтылар
Өкілі Cyclops sp.-Циклоп
Отряд Cirripedia -Мұртаяқтылар
Өкілдері Lepas sp.-Теңіз үйректері
Balanus sp.-Теңіз жаңғағы
Мақсаты:Циклоп және мұртаяқтылар отрядының өкілдерінің құрылысымен танысу.
Тапсырма:Циклоптың сырт құрылысымен танысып,денесінің сегменттелуіне,аяғының құрылысына,науплиальды көзіне көңіл аудару қажет.Ішкі құрылысын қарап,суретін салу.Мұртаяқтылардың сыртқы құрылысын қарап,суретін салу.Науплиустың құрылысын сипаттап суретін салу керек.
Құралдар:Тірі циклоптар,фиксацияланған мұртаяқты шаяндар.
Тапсырмағы түсініктеме:Тамшы судан тірі циклоптарды тауып алып,жылжуын бақылау керек.Циклоппен танысқанда бас,көкірек,құрсақ бөлімдерінің сегменттелуіне,антенуллардың күшті дамуына,көкірек аяқтарының екіге бұтақталуына және аналықтағы жұмыртқа қапшықтарына көңіл аударған жөн.Науплиальдық личинканы тек тұрақты препаратпен ғана қарап қоймай,су тамшысындағы тірі формаларынан да көру қажет.Науплиальды личинкасын ересек формаларымен салыстыру.Мұртаяқтыларды қарағанда олардың бақалшағына және ішкі органдарының құрылысына көңіл аударыңыздар.
Сұрақтар:
1.Ескекаяқтылар мен тармақаяқтылардың айырмашылықтары неде?
2.Ескекаяқтылардың көбеюі және табиғаттағы маңызы.
3.Мұртаяқтылардың құрылысындағы өзгерістері неде?
4.Мұртаяқтылардың көбеюі және табиғаттағы маңызы.


24-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Жоғарғы сатыдағы шаян тәрізділердің алуан түрлілігі.
Тип Arthropoda-Буынаяқтылар
Тип тармағы Branchiata -Желбезектыныстылар
Класс Crustacea -Шаян тәрізділер
Класс тармағы Malascostraca -Жоғарғы сатыдағы шаян тәрізділер
Отряд Stomatopoda -Ауызаяқтылар
Өкілі Squilla oratoria-Дәуіт-шаян
Отряд Mysydacea -Мизидалар
Өкіл Mysis sp.-Мизида
Отряд Isopoda -Теңаяқтылар
Өкілдері Porcellio sp.,Asellus aguaticus
Отряд Amphipoda-Бүйірімен жүзушілер
Өкілі Gammarus sp.
Отряд Decapoda -Онаяқтылар
Отряд тармағы Natantia-Натантия
Өкілі Pandalus sp.-Креветка
Отряд тармағы Reptantia-Рептантия
Өкілдері:Pagurus sp.-Тақуа шаян
Palinirus sp.- Лангуст
Homarus sp.-Омар
Carcinus sp.-Краб


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет