19-шы ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы:Сүліктердің сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.
Тип Annelida-Буылтық құрттар
Тип тармағы Clitellata-Белдіктілер
Класс Hirudinea-Сүліктер
Класс тармағы Euhirudinea-Нағыз сүліктер
Отряд Gnathobdellida -Жақты сүліктер
Өкілі Hirudo medicinalis-Медициналық сүлік
Мақсаты:Медициналық сүліктің дене құрылысымен танысып,ерекшеліктерін анықтау.
Тапсырма:Сүліктің дене құрылысымен танысып,суретін салу.Сүлікті сойып,анатомиялық құрылысына қарап,ас қорыту,жүйке,жыныс,зәр шығару жүйелерін анықтап,суретін салу.Гистологиялық препараттардан сүліктің көлденең кесіндісін қарап,суретін салу.
Құралдар:Тірі және жансыз сүліктер,көлденең кесіндісіндегі тұрақты гистолгиялық препараттар.
Тапсырмағы түсініктеме:Сыртқы құрылысымен танысқанда денесінің метамериясына,қылтанның жоқтығына,алдыңғы және артқы сорғыштарына көңіл аудару керек.Сүлікті сойып,оның ішегін,тұйық өскіндерін ұйыған қанмен бірге көруге болады.Ортаңғы ішектің тұйық өскіндеріне көңіл аудару керек.Тұйық өскіндерді жеке алғанда құрсағындағы жүйке тізбегі,екі бүйіріндегі метанефриясы және жыныс бездері көрінеді.Барлық органдарын анықтап болған соң жәндікті басқа буылтық құрттармен салыстырып,паразиттік белгілерін анықтау керек.Гистологиялық препараттарды қарағанда целомның жойылуына және оның лакунаралық жүйеге айналуын,паренхимаға толуын,қолын,тері-бұлшық ет қапшығын,ас қорыту системасының тұйық өскіндерін байқауға болады.
Сұрақтар:
1.Сүліктердің сыртық құрылысының басқа буылтық құрттарға қарағанда айырмашылықтары неде?
2.Сүліктердің өмір сүру типі және оның маңызы?
3.Сүліктердің денесіндегі екінші қуыстың өзгеруінің себебі неде?
4.Сүліктің ас қорыту жүйесінің ерекшеліктері.
5.Қан айналу системасы мен целомның арасында қандай корреляция байқалады?
20-шы ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы:Буынаяқтылардың сыртқы құрылысы.Өзен шаяны.
Тип Arthropoda-Буынаяқтылар
Тип тармағы Branchiata -Желбезектыныстылар
Класс Crustacea -Шаян тәрізділер
Класс тармағы Malascostraca -Жоғарғы сатыдағы шаян тәрізділер
Отряд Decapoda-Онаяқтылар
Өкілі Potamobius asfacus-Өзен шаяны