Құралдар: Фиксацияланған буылтық құрттар (нереис, құмқазар). Нереистің бас бөлімі: пигидий және параподий бар тотальдық препараттар.
Тапсырмаға түсініктеме: Нереистің сыртқы құрылысына қарағанда бас бөліміндегі сезім мүшелеріне, еркін өмір сүретіндердің гомономдық метамериясына, параподийдің қылтандарына көңіл аудару керек. Параподийлердің құрылысына қарап: арқа және құрсақ циррустарының, базальдық бөлімінің, нотоподияның, невроподидияның, қылтандардың суретін салып белгілеу керек.
Сұрақтар: 1.Буылтық және жұмыр құрттардың сыртқы құрылысында қандай айырмашылықтар бар?
2.Метамерия дегеніміз не? Гомономдық және гетерономдық метамерияның айырмашылықтары неде?
3.Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің күрделенуін немен түсіндіруге болады?
4.Буылтық құрттардың жылжу жүйесінің жұмыр құрттардікінен айырмашылығы неде?
5.Буылтық құрттардың денесінің дифференциясының күрделенуі неде?
6.Буылтық құрттардың сезім органдары қалай жетілген?
7.Буылтық құрттардың денесінде қандай қуыс пайда болған?
18-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Аз қылтанды құрттардың өкілі – жауын құртының сыртқы және ішкі құрылысы.
Тип Annelida – Буылтық құрттар
Тип тармағы Clitellata - Белдіктклер
Класс Oligochaete - Азқылтандылар
Отряд Lumbricomorpha - Люмбрикоморфа
Өкілі Lumbricus terrestris – Жауын құрты
Мақсаты: Жауын құртының сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.
Тапсырма: Жауын құртының сыртқы пішінін көріп, суретін салу керек. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көріп, белгілеп, суретін салу. Жауын құртының көлденең кесіндісін микроскоппен қарап, оның дене қабаттарын ажырату және барлық белгілерін көрсетіпішкі құрылысының суретін салу.
Құралдар: Тірі жауын құрттары. Көлденең кесіндісіндегі гистологиялық препараттар.
Тапсырмаға түсініктеме: Жауын құрттың сыртқы құрылысымен танысқанда оның полимерлігін, пальпасының және параподилерінің жоқтығына көңіл аудару керек. Алдыңғы (простомиум) және артқы (пигидиум) бөлімдерін табыңдар. Қағаз бетінде құрттың жылжуын бақылау. Жыныс тесігі ашылатын жерден белбеуінен сегменттерін табу керек.
Сою әдісі: Алдын ала жансыздандырылған жауын құрттың артқы жағын жоғары қаратып, табақшаның түбіндегі парафинге инемен бекітіп, оның басынан бастап денесінбелдеушесіне дейінгі аралқты ұстараның өткір жүзімен не скальпельмен сою керек. Денесінің сыртқы терісін инемен ашып, оның ішкі сегменттелген бөлімінің сыртқы бунаққа сәйкес келетіндігіне көңіл аударыңыздар. Мүшелеп топографиясын, оның құрылысына қарап, суретін салу керек. Жауын құртының денесінің бойлау тілгендегі көрінісінен: жұтқыншағын, өңешін, жемсауын, етті қарынын, ортаңғы ішегін, жыныс бездері мен ұрықтарын, ұрық қабылдағыштарын, ұрық қапшықтарын, аналық бездерін, арқа-құрсақ қан тамырларын, сақина тамырларын, құрсағындағы нерв тізбегін көруге болады. Көлденең кесіндідегі гистологиялық препарат арқылы жауын құртының құрылысымен танысуға болады. Одан: кутикуланы, эпидермисті, тері-бұлшық ет қапшығын, ішегін, целотелиін, денесінің ішкі қуысын, хлорагогендік клеткаларын.