Мақсаты:Кірпікшелі құрттардың сыртқы және ішкі құрылысмен танысу.
Құралдар:Фиксацияланған ақ планария денесінің көлденең кесілген кесіндісінің гистологиялық және тотальдық препараттары.
Тапсырма:Фиксацияланған планарияны қарай отырып,сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу.Кесіндісі бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен танысу.Оның үш қабаттан тұратындығын бақылау (эктодерма,энтодерма,мезодерма).Тері-бұлшық ет қапшығының құрылысын көріп,оған мән бере отырып,суретін салу.
Тапсырмаға түсініктеме:Планарияны формалинмен фиксацияланған кезде денесі жиырылып,жұтқыншағы сыртқа шығады,сол кезде оны жақсы қарауға болады.Планарияның артқы және алдыңғы полюсін,сезгіш көздерін,ішегін табу қажет.Препараттан кірпікшелі эпителий қабатын,без және рабдитты клеткаларының,ішекі паренхима туындыларын-еттері қабатын көріп суретін салу керек.
Сұрақтар:
1.Жалпақ құрттардың өкілдерінің негізгі сипаттамалары неде?
2.Жалпақ құрттарды ішекқуыстылармен сылыстырғанда дене құрылысында жаңа не пайда болды?
3.Жалпақ құрттардың симметриясы және ол неге байланысты?
4.Тері бұлшықет қапшығының структурасы неден тұрады?
5.Паренхиманың қандай туындылары бар?
6.Турбелярийдің сезгіш органдары қалай дамыған?Турбелярий мен медузаның көз құрылыстарын салыстырыңыз,айырмашылығын айтып,қайсысының көзінің құрылысы күрделі екенін айтып түсіндіріңіз.
7.Турбелярийлардың жүйке жүйесі.
8.Жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі.
13-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Дигенетикалық сорғыш құрттар класы. Олардың құрылысы мен тіршілік циклі.
Тип Plathelminthes – Жалпақ құрттар
Класс Trematoda - Сорғыштар
Класс тармағы Digenea - Дигенетикалық сорғыштар
Өкілі Fasciola hepatica – Бауыр сорғыш
Мақсаты:Бауыр сорғыштың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.
Тапсырма: Сорғыштардың сыртқы құрылысымен танысып, суретін салу. Препараттың көмегімен бауыр сорғыштың ішкі құрылысымен танысып, суретін салу. ( жыныс жүйесі, ас қорыту және зәр шығару жүйесі).