Мақсаты:Губкалардың құрылысымен танысу.
Тапсырма: Тұщы сулардағы және теңіздердегі губкалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысу.Тұрақты препараттардан әр түрлі губкалардың скелеттеріне,бадяганың гемуласына қарап суреттерін салу.
Құралдар: Фиксацияланған теңіз және тұщы су губкаларының скелеті және бадяганың гемуласы бар тұрақты препараттар.
Тапсырмаға түсініктеме: Фиксацияланған материал көмегімен губкалардың алуан түрлі формасына қарап,оскулумды жіне басқа да құрылысындағы ерекшелңктеріне қарап,колониальды құрылысына көңіл бөлу керек. Таблицалардың көмегімен губкалардың құрылысының үш типімен (аскон,сикон,лейкон) танысу.Тұрақты препараттан әр түрлілігін : губкалар скелетінің бір осьті ,екі осьті,төрт осьті немесе көп осьті инелер екендігін көреміз. Губкалардың әр түрлі спикулдарының және геммуланың суретін салу қажет.
Сұрақтар:
1.Губкалардың қарапайымдыларға қарағанда күрделілігі неде?
2.Губкалардың эмбриогенезі вольвокстіңэмбриогенезіне ұқсас па?
3.Губкалардың клеткалары және олардың функциясы.
4.Губкалардың құрылысының типтері және қаңқасының химиялық құрамы.
5.Губкалардың ас қорыту процесі және олар немен қоректенеді?
9-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Ішекқуыстылардың құрылысымен тұщы су гидрасы арқылы танысу.
Патшалық тармағы Metazoa– Көпклеткалылар
Бөлім үсті Eumetazoa- Нағыз көпклеткалылар
Бөлім Radiata – Сәулелілер
Тип Coelenterata – Ішекқуыстылар
Класс Hydrozoa – Гидрозоалар
Класс тармағы Hydroidea – Гидроидтылар
Отряд Hydrida – Гидралар
Өкілі Hidra oligastictis – Тұщы су гидрасы
Мақсаты: Тұщы су гидрасының құрылысымен танысу.
Тапсырма: Уақыша препараттан гидраның қоректенуін, жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау.Гидраның сыртқы құрылысын, аузы мен табан жағын, симметриясын қарау қажет және оған мән беріп, суретін салу.Тұрақты препараттан гидраның тканьдік құрылысын қарап эктодерма және энтодерманың клеткаларының суретін салу.Гидраның көлдеңен және ұзынынан кесінділерін көріп,суретін салу.