11-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы:Сцифомедузалардың құрылысы және тіршілік циклі.
Тип Coelenterata -Ішекқуыстылар
Класс Scyphozoa-Сцифомедузалар
Отряд Semaeostomeae-Семаостома
Өкілі Aurelia aurita –Аурелия аурита
Отряд Rhizostomida -Тамырауыздылар
Класс Anthozoa-Маржан полиптері
Класс тармағы Hexacorallia-Алты сәулелі маржандар
Отряд Actiniaria-Актиниялар
Өкілі Actinia sp.
Мақсаты:Сцифомедузалардың құрылысымен,даму циклімен актинияның құрылысымен танысу.
Тапсырма:Сцифомедузалардың сыртқы және ішкі құрылысымен танысып,суретін салу.Даму циклінің схемасын салу.Маржан полиптердің құрылысымен актиния арқылы танысу.
Құралдар:Фиксацияланған медузалардың,эфиралардың тұрақты препараттары.Актинияның ұзынынан және көлденең кесінділері бар гистологиялық препараттар.
Тапсырмаға түсініктеме:Аурелия ауританың медузасының құрылысымен танысу,суретін салу.Эфираның құрылысын көріп суретін салу және сцифомедузалардың тіршілік циклінің схемасын салу.Салыстырма ретінде тамырауызды медузаны көру.Актинияның ұзына бойы кесіндісінен жұтқыншағын,гастральды қуыс камераларын,септаларын,мезентеральдық жіпшелерін табу және олардың суретін салу.
Сұрақтар:
1.Сцифомедузалар мен гидро медузалардың айырмашылықтары.
2.Сцифомедузалар мен гидро медузалардың тіршілік циклінің айырмашылықтары.
3.Сцифомедузалардың жүйке жүйесі.
4.Маржан полиптерінің гидро медузалардан және сцифо медузалардан айырмашылығы.
5.Маржан полиптерінің ас қорыту процесінің ерекшеліктері.
6.Маржан полиптерінің скелеттерінің даму ерекшеліктері.
12-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы:Жалпақ кірпікшелі құрттардың құрылысымен ақ планария арқылы танысу.
Бөлімі Bilateria-Екі жақты симметриялы
Тип Plathelminthes(Platodes)-Жалпақ құрттар
Класс Turbellaria -Кірпікшелі құрттар
Отряд Tricladida-Үш тармақты ішектілер
Өкілі Dendrocoelum lacteum-Сүт тісті планария