Құралдар: Фиксациаланған сорғыштар. Сорғыш құрттармен жараланған ірі қара малдың бауыры. Тотальдық препараттар.
Тапсырмаға түсініктеме: Сорғыштардың денесінің формасына көңіл аудару, ауыз және құрсақ сорғыштары бекіну мүшелері болып табылады. Аталық және аналық жыныс жүйесін анықтап қарап, даму кезеңіне көңіл бөлу керек. Әдейі боялған арнаулы препараттардағы бауыр сорғыштың ас қорыту және зәр шығару жүйесінің құрылысына назар аудару қажет. Бауыр сорғыштың даму циклінің схемасын салу керек.
Сұрақтар:
1.Сорғыштар мен турбеляриялардың қандай ұқсастықтары бар?
2.Сорғыштардың медициналық және ветеринарлық маңызы?
3.Паразиттік өмір сүру жануарлардың дене құрылысына әсер ете ме?
4.Паразиттік құрттардың даму циклінің күрделенуі неде?
5.Аралық және негізгі ие дегеніміз не?
6.Партеногенез дегеніміз не?
7.Гетерогония дегеніміз не?
14-ші ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: Таспа құрттар класы. Олардың тіршілік циклі мен құрылысы.
Тип Plathelminthes – Жалпақ құрттар
Класс Cestoda – Таспа құрттар
Отряд Cyclophylide - Солитерлер
Өкілі Taeniarhynchus saqinatus – Доңыз солитері
Отряд Pseudophylidea – Таспа құрттар
Өкілі Diphyllobothrium latum – Жалпақ таспа құрт
Мақсаты: Таспа құрттардың құрылысымен және тіршілік циклімен танысу.
Тапсырма: Таспа құрттың сыртқы құрылысын қарап, сколекстерінің қаруына көңіл аудару. Жетілген және жетілмеген буындарының құрылысын салыстырып, оларға мән бере отырып, суретін салу. Финналардың құрылысыныа қарап, суретін салу. Доңыз солитерінің даму циклінің схемасын салу.
Құралдар: Фиксацияланған таспа құрттар, таспа құрттармен жараланған балықтардың препараттары, фиксацияланған эхинокок, финналар. Таспа құрттардың сколекстерінен жасалған тотальдық препараттар. Жетілген және жетілмеген буындардың препараттары.
Тапсырмаға түсініктеме:Препараттардың көмегімен таспа құрттардың сколекстердің және каруларын ( жабысқақ сорғышын, сорғыш ойыстарын, ілмешектерін) көру. Проглотидтердің құрылысын салыстырғанда олардың дифференциялық дене мүшесіне көңіл бөлу керек.
Сұрақтар:
1.Таспа құрттар мен турбеллярийдің ұқсастықтары неде?
2.Гипогенез және метаморфоз дегеніміз не?
3.Таспа құрттардың даму циклінде қандай айырмашылықтар бар? ( Мысал ретінде доңыз солиттерің алыңыз)
4.Таспа құртар қалай қоректенеді?
5.Таспа құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы мен ұрықтануы?