Биологиялық белсенді қоспалар және олардың құрамын сипаттаңыз.
Биологиялық белсенді қоспалар (ББҚ) - тағам емес, белгілі бір формадағы биологиялық белсенді заттардың жиынтығы. Осы қоспалар адам рационының диетасына жетіспейтін және адамға аса қажетті, маңызды заттарды толықтыруға мүмкіндік береді. Биологиялық белсенді қоспалар - адамның тамақтану рационын биологиялық белсенді заттармен жоғарылату мақсатымен, азық-түлік құрамына енгізу немесе тікелей қабылдау үшін арналған табиғи және табиғи тектес биологиялық белсенді заттардың концентранттары. Тағамға арналған биологиялық белсенді қоспаларды өсімдік, жануар немесе минералды ішкі заттардан, сонымен қатар химиялық және биотехнологиялық жолмен алады. Биологиялық белсенді қоспалар ұнтақ, дәрі, капсула, сироп, экстракт, концен- трант және тағы басқа дәрілік форма күйінде алынады.
Биологиялық белсенді қоспалардың құрамы .Өсімдік тектес тағам құрамына кіретін тағамдық талшықтар биологиялық белсенді қоспалардың әрекетінде маңызды рөл атқарады. Тағамдық талшықтардың негізгі түрлері - целлюлоза, гемицеллюлоза, пектин және лигнин болып табылады. Олар ағзаға толық әсер береді, сондықтан оларды жиі-жиі дене массасын азайтуына арналған диета құрамына қосады. Биологиялық белсенді қоспалардың көпшілігін профилактикалық дәрілік шайлар құрайды. Профилактикалық - дәрілік шайлар асқорыту жұмысын, зат алмасуды жақсартады, организмнен улы заттарды, бөгде заттарды шығарады, дене массасын төмендетуге қолайлы болады және организмді нәрлендіреді. Зат алмасуға әсер ететін биологиялық белсенді қоспалар:
- хитозан - полимер, шаян тәрізділердің хитин қабатынан алынады. Бұл полимер ішекте майларды жинап, ағзалардан шығарады.
- липотроптық заттар (холин, бетин, фосфолипидтер) май алмасуын белсендіреді. Бұл заттар қанның липидтік құрамын өзгертеді.
- хром қосындылары - көмірсулардың майға айналуына мүмкіндік бермейді.
Биологиялық белсенді қоспалардың қолданылуын сызбанұсқа түрінде жазыңыз.
Биологиялық белсенді қоспалардың қолданылуы Организмде жетіспейтін заттарға тапшылықты толықтыру үшін тамақпен бірге түсетін биологиялық белсенді заттарды, қоректік және энергетикалық заттарды оптималды қатынаста таңдау әр адамда әртүрлі болады, ол жынысқа, жасқа, энергия жұмсауына, физикалық қажеттіліктерге байланысты болады. Бұл талаптар қазіргі байланысты тамақтану концепциясының принциптеріне сай келеді, отандық диеталогияда дәстүрлі болып келеді. Кешенді биологиялық белсенді қоспаларды қолдану, оның құрамындағы витаминдер мен минералды заттар дәстүрлі рационның нәрлілігін төмендетеді. Басқа жағынан, биологиялық активті қоспалар қатары, әсіресе, шөптесін өсімдіктердің негізінде жасалған анарексинді әсер етеді. ББҚ қоршаған ортадан организмге түрлі әсерлі факторларға тұрақтылығын жоғарылатады. Бұл мақсаттарға өсімдік тектес заттар кеңінен қолданылады. Организмнің төмендетілген иммунды жүйесін қалпына келтіреді
Нутрицевтиктер мен парафармацевтикалық препараттарға сипаттама беріп, қызметтік рөлін, пайдаланылуын түсіндіріңіз.
Нутрицевтиктер - биологиялық активті қоспалар, тағамда қолданылады, адамның тәуліктік рационының табиғи макро және микронутриенттерін мөлшеріне дейін жеткізеді. Бұл тамақтың химиялық кұрамын толықтыруға бағытталған. Оларға адамзаттың тағамдарының химиялық құрамын жақсарту үшін қолданатын витаминдер мен олардың негізін құраушылар, макро- және микроэлементтер (темір, кальций, селен, цинк, фтор және т.б.), толық қанық-паған май қышқылдары, ауыстырылмайтын аминқышқылдар, моно-дисахридтар кіреді. Нутрицевтиктердің қызметтік рөлі:
- эссенциялы тамақтық заттардың тапшылығын толтыру.
- заттар метаболизмін өзгертуге бағытталған.
- қоршаған ортаның теріс факторларына организмнің тұра жоғарылату.
- иммуномодуляция әрекеті.
- ксенобиотиктерді байланыстыру және шығару.
- емдік тамақтану. Нутрицевтиктердің соңғы мақсаты - адамның тамақтану жағдайын жақсарту, ауруларға профилактика жасау және денсаулықты жақсарту.
Парафармацептикалық препараттарга -дәрілікке көмектесетін, органдар мен жүйелердің іс әрекетінің белсенділігін физиологиялық жоғарылататын алдына ала сактандыру үшін қолданатын белгілі фармакологиялық белсен-ділікке ие биологиялық активті затгар кіреді. Оларға өсімдіктер мен жануар-лардан шығарылып алынатын органикалық қышқылдар, эфирлі майлар биофлавоноидтар, алкалоидтар, полисахаридтер кіреді. Парафармацевтиктердің тәуліктік мөлшері бір реттік терапиялық дозадан аспау керек. Биологиялық активті қоспалардың парафармацевтиктерінің дәрі- дәрмектен негізгі айырмашылығы - табиғи тамақ компоненттерінде қоректік бағалылығы жоқ компоненттерінің болуы. Парафармаце-микро-организмдер негізінде жасалған өнімдерді де жатқызуға бол өнімдер микробиоценозды қалыпты ұстауға және қалыпқа келтіру үшін пайдаланылады. Парафармацевтиктер бөлек органдар мен жүйелері физиологиялық шеңберде реттейді. Биологиялық активті қоспаларды алдында, көмекші диетатерапия ретінде алдымен дәрігерден консультациядан өту керек.Биологиялық белсенді қоспалардың парафармацевтиктерінің дәрі- дәрмектен негізгі айырмашылығы - табиғи тамақ компоненттерінде қоректік бағалығы жоқ компоненттерінің болуы. Парафармацевтиктерге микроорганизмдер негізінде жасалған өнімдерді де жатқызуға болады. Бұл өнімдер микробиоценозды қалыпты ұстауға және қалыпқа келтіру үшін пайдаланылады.
Нан өндірісінің технологиялық процесстерін жіктеңіз.
Нан өндірісіндегі негізгі шикізат ретінде бидай мен қара бидай ұны, су, ашытқы және тұз болып саналады.
Қосымша шикізатты жақсартуға қатысатын заттар – қант, майлар, жұмыртқа, солода, ферментті препарттар, сүтті іркіт, сүт, мейіз, мак, жаңғақтар, тосап және түрлі тағамдық қосылыстар. Барлық түрдегі нан өндірісіндегі технологиялық процесстер құрылымына мынадай стадиялар кіреді:
Шикізатты дайындау
Нанды илеу
Нанды ашыту
Бөлу
Пішінге келтіру
Нан дайындыларын қою
Нанды пісіру
Суыту
Сақтау
Тасымалдау
Шикізатты дайындау ұнды ситодан өткізу және складтағы металл қосылыстарын тазалау. Тұзды суда арнайы аппараттарды ерітеді, содан соң тазалайды. Қантты қосылысты қант еріткіште дайындайды.