Жұмыстың қорытындысын жазу:
7 зертханалық сабақ
Каталаза мен пероксидазаның белсенділігін анықтау
1. Пероксидазаның белсенділігін анықтау
Құрал-жабдықтар, реактивтер, материалдар:
Су моншасы немесе электр плиткасы немесе спиртовка, 50 мл-лік стакандар, үккіш (терка), капрон матасы немесе дәке (марля), пробиркалар, штативтер.
1 %-тік гидрохинон, 3 %-тік сутегі асқын тотығының (Н2О2) ерітіндісі.
Картоп.
Жұмыстың орындалу барысы.
Аршылған картопты қырғыштан өткізіп, келіге салып үстіне 20 мл дистильденген суды аз-аздан қосып езеді де, 2-3 қабат дәке арқылы сығып өткізіп, стаканға сұйығын бөліп алады. Осыдан кейін 4 пробирка алып, олардың әрқайсысына төмендегі тәртіппен ерітінділер құяды.
Проб.
№
|
Картоп шырыны
(мл)
|
Н2О2
(мл)
|
Гидрохинон (мл)
|
Пробиркалардағы ерітінділердің түсі
|
1
|
1 мл (қайнатылмаған)
|
1
|
5
|
|
2
|
-
|
1
|
5
|
|
3
|
1 мл (қайнатылмаған)
|
-
|
5
|
|
4
|
1 мл (қайнатылған)
|
1
|
5
|
|
Гидрохинон хинонға айналғанда ерітінді күрең түске боялады. Бірақ біраз уақыт тұрып қалған картоп шырыны, гидрохинон мен сутегінің асқын тотығын қоспаса да, жайлап өздігінен күреңденеді. Мұндай түстің пайда болуы картоп ұлпасындағы полифенолоксидаза ферменті мен ауадағы оттегі молекуласының қатысуымен іске асатын полифенолдардың тотығуымен байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |