70. ҚАзақ тілі фонетикасын оқыту әдістемесі


КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАУ ЖОЛДАРЫ



бет17/22
Дата19.06.2023
өлшемі1,53 Mb.
#102347
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
85. КӨРКЕМ ШЫҒАРМАНЫ ТАЛДАУ ЖОЛДАРЫ

  1. Көркем туынды оқу сияқты, оны талдау да әдебиетті оқытудың маңызды, күрделі жұмыстарының бірі. Көркем туындыны талдау, әрине, мұғалім басшылығымен жүргізіледі, ең басты қызмет те мұғалімдікі. Дегенмен талдау оқушылардан да көп нәрселерді талдау дағдыларын, іскерлігі, машықтарын талап етеді. Мұғалім талдау барысында ең негізгі екі түрлі қызмет атқарады:

  1. Көркем туынды көтерген проблемалар, автор ойы, оның көркем компоненттері туралы, яғни талдау нені талап етеді, соны орындату.

  2. Оқушыны оқыған шығармаларын талдай білуге машықтандыру, дағды-іскерліктерін жетілдіру, әдеби талдауды үйрету қызметін атқарады.

Көркем мәтінді талдау жолдары.

  1. Жан-жақты, толық талдау көркем туындыны тұтастай қарастырып талдайды. Әсіресе, бұл талдау кейде мәтіндік талдау деп те аталады. Жан-жақты талдау уақытты көп алады, дегенмен, оның тиімділігі көркем туындыны жанды бір организмдей тұтас қарастырады. Шешуші бір эпизодтар, не суреттеу, баяндау, кейіпкер монологі, сөйлеу тілдері негізге алынады. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, ол үнемі мәтінге жүгініп отырады. Сондықтан мұғалім көркем туынды идеясын ашатын оқиға, эпизодтар, кейіпкерлер сөзі, іс-әрекеті, оны ашатын мәселелерді назарға алып отырады.

  2. Талдаудың келесі бір түрі – шолу бағытындағы талдаулар. Бұл талдаудың өзіндік ерекшелігі сол, мұғалім көркем туындыны жалпылама, шолу бағытында қарастырады. Проблемалық сұрақтарға немесе белгілі бір эпизодтарға арнайы тоқталмайды. Көркем шығарма сюжеті, композициясы, тілі, көтерген тақырыбы тұтастай қамтылады. Оқушылар көркем мәтінмен емін-еркін жұмыс істей алады.

Талдаудың тағы бір түрі – сұрыптап талдаулар. Бұл талдау көбіне проблемалық сұрақтар, проблеманы шешу айналасында ұйымдастырылады. Мұғалім шығарма негізіндегі ең басты проблемаларды сұрыптай отырып, талдауды соны шешуге бағыттайды.

  1. Мектепте әдебиетті оқытудың күре тамыры көркем мәтінді оқу мен талдау жұмыстары болып табылады. Көркем мәтінді оқыту, оны талдауға баулу — әдебиет мұғалімінің де ең негізгі қызмет, мақсаты. Оқу мен талдау – бір ананың егіз баласындай, жанды бір организмдей туыстас, әрі бірліктегі мәселе. Көркем мәтінді талдау оны оқусыз жүзеге аспайды. Оқу әр оқушының өз еңбегіне, оны қабылдай білу, түсіне білуіне, яғни әр баланың қабілеті, дарыны, ой-өрісіне байланысты жүреді. Бұл жұмыс төменгі сыныптан, яғни 5 сыныптан басталып, жүйелі жүріп отыруы керек. Мысалы, 5 сыныпта Абайдың «Күзін» сыныпта талдап, оқу алдында оны үйден оқып келу тапсырылады. Лирикалық шығармаларды оқу, қабылдау әрі ол туралы пікірі, ойын айту – аса күрделі мәселе. «Күз» өлеңін өз бетімен оқу үшін, мынадай көмек-нұсқау үлестірмесін ұсынуға болады:

  1. Өлеңді асықпай, әр сөзіне назар аудара отырып, оқып шық, бірнеше рет оқысаң, тіпті жақсы.

  2. Күз суреті берілетін сөздерге назар аудару.

  3. «Күздегі» адамдар іс-әрекеті, әсіресе, кедейлер тірлігін еске сақта.

  4. Өлеңді оқи отырып, қандай көңіл-күйде болғаныңды айтып беруге тырыс.

  1. Көркем шығарманы талдау сынып ұжымының қатысуы арқылы жүргізіледі. Талдауда мұғалім көпшілік балалардың пікірімен, ойымен танысуға мүмкіндік алады. Әрі бұл жұмыста мұғалімнің басшылық – «көсемдік» орны да ерекше. Оқу баланың тікелей өз еңбегі, өз ісімен жүзеге асса, талдау мұғалім арқылы, оның ұйымдастыруы, ойластыруы арқылы іске асады. Талдауда оқушының жеке жұмысы ұжымдық жұмыспен үндеседі, байланысады да, бір мақсатты көздейді. Біріншіден, оқушының көркем туындыны қабылдауы, әсері, эмоциясын танып-білу, оларды дамыту мақсаты. Екіншіден, көркем шығармаға деген эстетикалық көзқарасын қалыптастыру, көркем туындыны өнер туындысы ретінде түсінуіне әсер ету.

Үшіншіден, талдау арқылы оқушының танымын, қабілетін, қорыта айтқанда, оның ойлау белсенділігін, бүкіл іс-әрекетін дамыту. Сондай-ақ ең басты мақсат – көркем туындыны талдау жолдарын меңгерту, көркемдік-эстетикалық ерекшелігі, оның көтерген тақырыбы, образды жүйесін т.б. бірлікте, кешенді түрде қарастыра отырып, талдауға баулу.
Талдау әрі жүйелі, әрі тұтас, көркем шығарманың барлық нәрі, дәнін аша алатындай, нанымды да ғылыми мазмұнда жүргізілуі керек. Мектепте әдеби талдаудың үш жолы бұрыннан-ақ тәжірибеде кеңінен пайдаланып келеді. Олар: а) автор ізіме талдау, бұны тұтастай, толық талдаудейді; б) кейіпкерлерге талдау жасау, в) тақырыпты проблемалық талдау. Көпшілік мұғалімдер аралас талдауды тиімді деп табады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет