№8 Дәріс Дамуында бұзылуы бар балалардың тұлғалық даму ерекшеліктері

бет25/26
Дата10.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#73255
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Дәріс №8

Мұндай баланың басқа адамдармен эмоционалды өзара әрекет ету тәжірибесі өте шектеулі, басқаларға жаны аши білмейді, басқалардың көңіл-күйін түсінбейді. Мұның барлығы, балалардың адекватты адамгершілік бағдарларының қалыптасуына қолайлы жағдай жасамайды, оның ішінде күнделікті жағдайларға сәйкес, «жақсы», «жаман» ұғымдары дұрыс қалыптаспайды.

Күрделі кемістігі бар балалардың жеке тұлғалық қалыптасуы мен эмоционалды-ерікті саласы

Жеке тұлғаның қалыптасуы мен эмоционалды-ерікті саласы, бұл балалардың күрделі сенсорлық кемістіктеріне байланысты өзінше дамиды. Баланың дамуына қамқорлық жасауды, тек оның танымдық мәселелерін шешуге бағыттау дұрыс емес. Күрделі сенсорлық бұзылу жағдайында, баланың жеке тұлғалық дамуында масыл болуға бейімділік, өзімшілдік сияқты жағымсыз қасиеттер қалыптасады. Жеке тұлғаның бұлай даму қаупінің себептері әртүрлі.

Біріншіден – бұл күрделі бұзылумен тікелей байланысты себептер. Балалардың даму кемістіктері, оларды ұжымнан, сыртқы өмірден бөлініп қалуға мәжбүр етеді. Бұл өз кезегінде, міндетті түрде, екінші даму кемістігін туғызады. Адамдардың кең әлемімен, әлеуметтік және эмоционалды қарым-қатынастары бұзылады, бұрмаланады және әлсірейді. Бұдан басқа, балалар күнделікті тұрмыстық жағдайларда, басқалардың көмектеріне тәуелді, тұрмыста қажетті дағдылардың қалыптаспауы (ас дайындау, сауда жасау, көлікпен қатынау), өз таңбасын салады.

Осыдан келіп, балада өмір сүрудің енжар, тіпті басқаға масыл болу ұстанымы қалыптасуы мүмкін. Бұл өзімшілдіктің дамуына қолайлы жағдай тудырады, басқа адамдардың мүдделерінен алыстау, өзінің ғана қажеттіліктері мен мүдделерін алдыңғы орынға қою қалпы орнығады. Екіншіден, қоршаған ортадағы адамдардың балаға деген көзқарасына байланысты. Әдетте, балалардың жақын туыстарында, оның ауыр кемістіктеріне байланысты, шамадан тыс аяушылық, алаңдаушылық сезімдері болады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет