№8 Дәріс Дамуында бұзылуы бар балалардың тұлғалық даму ерекшеліктері



бет22/26
Дата10.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#73255
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
Дәріс №8

Бұл балалардың беделін сақтап қалуға деген ұмтылысы немесе қорғаныс реакциясы. Әсіресе, ынта деңгейінің өте төмендігі, 1 сынып оқушыларында жиі кездеседі. 2 сыныпта одан гөрі жоғарырақ, ал 3 сыныпта оқушылар мақсатты, қажетті іс-әрекетке деген ынталарын жоғарылата біледі. Демек, оқушылардың жасына сәйкес, нақты ынта деңгейі қалыптасады.

Сөйлеуі бұзылған балалардың эмоционалды ерікті және жекетұлғалық саласындағы бұзылулар, олардың жұмыс істеу қабілетін төмендетіп қана қоймайды, сонымен бірге, мінезқұлықтың өзгеруіне, әлеуметтік дезадаптацияға әкеліп соғады. Сондықтан, дифференциалды психологиялық алдын-алу жұмысы, бұл балаларда кездесетін эмоционалды-тұлғалық даму ерекшеліктеріне орай, психокоррекция жұмыстарын жүргізу өте маңызды.

Сөйлеуі бұзылған балалардың эмоционалды ерікті және жекетұлғалық саласындағы бұзылулар, олардың жұмыс істеу қабілетін төмендетіп қана қоймайды, сонымен бірге, мінезқұлықтың өзгеруіне, әлеуметтік дезадаптацияға әкеліп соғады. Сондықтан, дифференциалды психологиялық алдын-алу жұмысы, бұл балаларда кездесетін эмоционалды-тұлғалық даму ерекшеліктеріне орай, психокоррекция жұмыстарын жүргізу өте маңызды.

Аутизмі бар балалардың жеке тұлғалық және эмоционалды-ерікті саласының ерекшеліктері

Эмоционалды-ерікті саласының бұзылуы, ЕЖБА синдромының негізгі белгісі болып табылады, ол бала туғаннан кейін кешікпей байқалады. Аутизмде балалардағы ең алғашқы әлеуметтік қарым-қатынас жүйесі – жандану кешені (комплекс оживления) күрт тежеледі. Сәби балалар, ересектердің сөзіне, күлкісіне, іс-әрекеттеріне ешқандай көңіл аудармайды, мүлдем жауап реакциясын жасамайды, көз тоқтатып қарамайды. Баланың жасы өскен сайын, жақын ересек адамдармен эмоционалды байланысы әлсірей береді. Ересектердің өзін қолға алып көтеруін сұрамайды, тіпті анасының қолында тұрғанда, қажетті күйде анасына жанасып тұрмайды.

өте енжар, селсоқ, күйде болады. Ата-анасын басқа адамдардан ажыратып таниды, бірақ ешқандай жақындық сезімдерін байқатпайды. Тіпті, олардан қорқуы мүмкін, ондай кезде ұрып жіберу, тістеп алу сияқты көріністер байқалады, әдейі жасауы мүмкін. Бұл балаларға барлық балаларға тән құбылыс – ересек адамдардың көңілінен шығу, ұнау, мақтау есту, тәрізді ұмтылыстар болмайды. «Мама» немесе «папа» сияқты сөздері кейін пайда болады, ата-анасына қатысты айтылмауы мүмкін. Жоғарыда аталған симптомдардың барлығы, аутизмнің алғашқы патогендік факторларының бір көрінісі болып табылады, оның ішінде, сыртқы өмірмен байланыс жасаудағы эмоционалды жайсыздықтың күшеюі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет