Қарым-қатынас орнатуда, кәдімгі үйреншікті заттар мен құбылыстардың (кейбір ойыншықтар, тұрмыстық құралдар, судың немесе желдің шуы тб.), сондай-ақ, кейбір адамдар балада үнемі үрей сезімін туғызады. Жылдар бойы жалғасатын үрей сезімі балалардың өздерін қоршаған ортада таныс жағдайларды сақтауға тырысуға, әртүрлі қорғаныс мақсатындағы әдетсипатындағы қимыл-қозғалыс жасауға әдеттендіреді. Айналасындағы заттардың алмасуы, үйдегі жиһаздың орындарын ауыстыру, күн тәртібінің өзгеруі, бұл балаларда күшті эмоционалды кері реакция тудырады. Бұл құбылыс, «тепе-теңдік феномені» деген атқа ие болды.
Жоғарыда айтылғандармен бірге, ЕЖБА бар баланың өзін-өзі сақтау сезімі қалыптаспаған, керісінше, өзіне деген агрессия элементтері байқалады. өздерін-өздері жарақаттау, кенеттен жолдың көлік жүретін бөліктеріне жүгіріп шығуы, әбден мүмкін, өткір және ыстық заттың қауіптілігі тәрізді тәжірибе нашар бекітіледі т.б. Бұл категориядағы балаларда жаппай балалар ұжымына, құрбыларына деген ұмтылыс жоқ. Бала өзінің әлеуметтік қарымқатынасында өте талғампаз. Баланың үнемі ішкі сезімдеріне еніп кетуі, сыртқы әлемнен бөлектенуі, оның жеке тұлғалық дамуын қиындатады.

Мұндай баланың басқа адамдармен эмоционалды өзара әрекет ету тәжірибесі өте шектеулі, басқаларға жаны аши білмейді, басқалардың көңіл-күйін түсінбейді. Мұның барлығы, балалардың адекватты адамгершілік бағдарларының қалыптасуына қолайлы жағдай жасамайды, оның ішінде күнделікті жағдайларға сәйкес, «жақсы», «жаман» ұғымдары дұрыс қалыптаспайды.