№8 Дәріс Дамуында бұзылуы бар балалардың тұлғалық даму ерекшеліктері

бет20/26
Дата10.03.2023
өлшемі1,11 Mb.
#73255
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26
Байланысты:
Дәріс №8

Органикалық инфантилизм құбылыстары, БЦП-ң атониялық-астатикалық формаларында жиі кезігеді, яғни, мұнда мидың маңдай-мишық бөліктерінің зақымдануы мен жетілмеуі орын алады. Мидың маңдай қыртыстары, мақсатты іс-әрекеттердің, мотивацияның дамуын, яғни тұлғалық негіздің орнығуына қажет, психикалық даму деңгейін қамтамасыз етуші рөлді атқарады. Органикалық инфантилизмде, эмоция мен еріктің бұзылуы, үлкен дисгармониямен сипатталады. «Балалық» мінез-құлық белгілерімен қатар, өз бетімен әрекет ете алмау, иланғыштық, импульсивтілік элементтерінің инерттілік көріністерімен ұласуы көзге түседі. Бұл балалардың мектепке дайындығын, клиникалықпсихологиялық тексеруден өткізгенде, олардың тұлғалық дайындығы төмен деңгейді көрсетеді.

Сөйлеуі бұзылған балалардың жеке тұлға ретінде қалыптасуы мен эмоционалды-ерікті саласы

Сөйлеуі бұзылған балаларға арналған мектептердегі 1-сынып оқушыларының жұмыс істеу қабілеттері төмен, айқын стресстік реакциялар жиі кездеседі, кері эмоциялар жетекші рөл атқарады. Арнайы мектепте оқудың 2 жылында, балалардың жұмысқа қабілеті жоғарылайды, эмоционалды реакцияның қолайлы деңгейі жоғарылайды, стресс күйлерге бейімділік төмендейді. Сөйлеу патологиясы бар балалардың, эмоционалды күйлерінің бұлай жақсаруы, мектеп тәртібіне бейімделумен, құрбыларымен тұрақты қарым-қатынас орнатуымен байланысты емес, сондай-ақ, дұрыс ұйымдастырылған түзету-педагогикалық жұмыстардың көмегімен, өзін-өзі бақылау, өз тәртібін реттей білу қабілетінің дамуы болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26

©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет