9-11 сынып Құрастырған: Рамазанова С. К


-жаттығу Төменде берілген кестені дұрыс шешсеңдер, құрмалас сөйлемнің түрлері шығады



бет11/11
Дата04.05.2023
өлшемі129,38 Kb.
#89785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
12-жаттығу
Төменде берілген кестені дұрыс шешсеңдер, құрмалас сөйлемнің түрлері шығады.



С

А

Қ

Т

А

Ү

Т

Л

Ы

Б

А

С

С

С

Г

І

Ң

Ғ

А

А

Н

І

З

Е

Р

А

Й

Л

Д

Қ

А

М

А

Л

С

Е

М

Е

Р

С

К

А

С

Т

Л

Ы

Л

Ы

Е

З

Е

К

І

Л

Ы

Қ

Т

А

Л

Ғ

А

У

Ы

Т



13-жаттығу
Берілген сөйлемдерді сабақтас құрмалас сөйлемдердің түрлеріне ажырат. Синтаксистік талдау жаса, бағыныңқы, басыңқы сыңарларын ажыратып көрсет.
Бірақ солардың ішінде өз көңіліңе өте ұнап, өзгелерден ыстық болып танылғандары бар. 2. Ал енді ол кітап дүкенге келіп түскенде, сенің қуанышыңда шек болмайды. 3. Оқушы ретінде менің де жан-тәніммен жақсы көрер, өзгелерден ерекше бағалар кітаптарым бар. 4. Отан үшін өз басымды өлімге байлай отырып, мен оларды ажалмен алысуға жұмсадым. 5. Бүркітбаймен қосылып, біржола қалып қояды. 6. Оның ашулы жүзін көрмейін деп, төмен тұқырып алғанмын. 7. Осы кезде үзіліс бітіп, профессор аудиторияға қайта кірді. 8. Меңтайдың ұрыспасына анық көзім жеткеннен кейін, бағана өзі айтқан қызыл көрпенің тарихын білгім келді.
14- жаттығу
Жалаң сөйлемдерді бір бөлек,жайылма сөйлемдерді бір бір бөлек көшіріп жазыңдар.
Екуеі жүгіріп ала жүгірді.Күн жылынды. Қар еріді. Сейтен үйде жоқ болып шықты.Жұлдыздар көрінбейді.Әлдеқайдан поезд айқайлайды.Поезд жақындады.Станцияның басы олай-бұлай жүгірген адамдарға толған. Поезд кілт тоқтады. Поездан адамдар түсе бастады. Есігі жабық тұр.Дәулет кітаптарды әсіресе көркем әдебиетті көп оқитын.


15-жаттығу Жақты және жақсыз сөйлемдерді теріп жазыңыздар.
Бұланбай қозғалған жоқ.Жолшыбай қалың нөсерге тап болдық. Досанның қайтадан тауға барғысы келді. Сені сынайтын жердің орайы жаңа келді.Абайдың да шек сілесі қатты. Әлден уақыттан кейін жұрт аяғы басылды. Үш аттыға көзі тұсті. Қыран балапаны екеуі ұшып жүреді. Бұл екеуі де кішкентай балалар.


16-жаттығу
Толымды ,толымсыз және атаулы сөйлемдерді ажыратыңыз.
Мен күндіз екі кітап алған едім. Мынауың қандай кітап? Сүйіншіні бізге сіз беріңіз. Ал сүйіншіні өздерің қалаңдар.Бізге сіз күй тартып беріңіз.Мен әуелде айдың туғанын байқамай қалдым. Түн. Бұлт астында жылжыған ай. Жаз. Түн.Айсыз ашық аспан.Қажырлы еңбек етуге тура келеді. Онысына Есенай да ыразылық білдірген жоқ. Шыңболаттың өзі жүйрік қасқа айғырға мінбек екен.


17- жаттығу
Тапсырма. Төмендегі сызбаларға сәйкес көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем жазыңдар.

Б
а
ғ
ы
ның
қы


с
ө
й
л
е
мд
е
р









Басыңқы сөйлем





18-жаттығу
Төл сөз бен автор сөзіне байланысты тыныс белгілерін қой.
1. Аға сержант, қайда жол тартып барасың деді. 2. Орта жолдан қайтып келдім, жолдас лейтенант. 3. Шынымды айтайын ба деді оған Бауыржан. 4. Рас, мүңкіп тұр деді оқ-дәрі иісінің қандай болатынын білмесе де. 5. Өзімше орындадым, Мұхит аға деп орнымнан тұрдым. 6. Қызық екен –ау өзі де деп әркімдер осы тұста сүйсіне үн қатысып қалады. 7. Ендеше мұны газетке басудың керегі жоқ деді әдеби қызметкер. 8. Неге дедім мен абыржып. 9. Жоқ, соны айт деді Зайкүл тақымдап. 10. Жиналыстан неге кетіп қалдыңыздар дедім мен Сәукенге.
Тапсырма. Қарамен жазылған сөйлемге морфологиялық талдау жаса, қалаған 3 сөйлемге синтаксистік талдау жаса.
19-жаттығу
Берілген төл сөздерді төлеу сөзге айналдырыңдар.
1. –Лашын өліп қалды, -деді тәтем менің сұрағыма жауап беріп. 2. –Бүркітбай сол үш түлкінің ең қызылын басына тымақ қып киді,- деп тәтем сөзін аяқтады. 3. –Өзің сәлемдесуге шебер екенсің ғой,- дедім Танаға әзілдеп. 4. –Бір ұрыста жау қолына түсіп қалдым,- деп бастапты батыр. 5. –Студент болсам да, жұмыс істесем болатын емес, тұрмыс қиын боп барады,- деп шынымды айттым. 6. –Бұл өлең жаза алушы ма еді?-деді Бәкеңнің сөзіне сенбегендей. 7. –Бұл сенің нешінші қаламақың? -деді Шалдуар ақшаны өзіме қайтарып беріп жатып. 8. –Қыздар, маған бір ой келіп отыр, -деді Меңтай бір үзілістің кезінде.
20-жаттығу
Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауыш мүшелерді ажыратыңыз.Дара бастауыштың жасалу жолын түсіндіріңіз.
Абай аға,мынау-біздің үйлер. Осынша кең үйде жиналған жүк те жоқ.Бұл ұсынысқа сіздің де тез жауап бере қоюыңыз қиын екенін білем.Ойланыңыз,өлшеңіз жауабын содан кейін бересіз.Табалдырықтан бастап төрге дейін төселген түкті кілемдер табаныңнан тартып былқ-былқ етеді.. Әр ауылдың тұсынан қой-қозысы,сиыр-түйесі,мол жылқылары шұбыртады.Біз болсақ бес-алты қырқаны сыртынан бағып отырмыз.Асқардың олай өткенін вагоннан ешкім сезген жоқ.
21-жаттығу
Анықтауышты тауып сапалық, дара, күрделі түрлеріне талдау жасаңыз
Әсіресе ажымы мол үлкендер пішіні бір қызық хикая тәрізді. Бірақ мөлдіреген моншақтай соншалық таза, сондай сүйкімді және ең ыстық, ең сүйікті баласының аузынан шыққан мына сияқты анық кекесін Абайға аса ауыр тиді. Содан кейін әлгі көрініс үріккен құстай қайтып оралмады. Бұл әңгімені ұйып тыңдай отыра Тұрар кенет селк ете қалды. Жер дүние жап-жасыл, әр түрлі мәнері бар кілем жапқан сықылды.Жаманнан жақсы тумай ма,жаманның көзін жумай ма.Жүйріктерінің тізгінін босатып жіберді.Ұлпа көбік қар жер бетін тегіс жауыпты.Үлкендер шәй ішіп. Қызылдың иіскер қауынын жеп жатқанда Раушан өзінің ботасымен қоштасты. Әр тереңнің түбі бар.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет