3-жаттығу Синоним сөздерді тап.
«Залдың ортасында өңкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр»
4-жаттығу Омоним сөздерін тап
«Біздің қарамызды көрген соң, олар қолын бұлғап шақырды»
5-жаттығу Антоним сөздерді тап
«Мұны әлділер әділет деп қуанса, әлсіздер қиянат деп қынжылады» .
6-жаттығу Мақал – мәлелдерден сөздің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыз. «Байлықтың атасы-еңбек, анасы – жер», « Өнерлінің өрісі кең», «Аузы күйген үріп ішер». «Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады»
7-жаттығу Асты сызылған сөздердің омонимін табыңыз. « Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас» (Абай). Арық атқа қамшы ауыр тиеді.
8-жаттығу Көп нүктенің орнына тиісті антоним сөздерін тауып қойыңыз.Түймедей затқа өкпелесең, ..........көретініңіз қалмаған, мырза.Қорлық .......... ерлік өлім артық.Ақымақ бұзуға бар, ....жоқ.
9-жаттығу Синоним сөздерді тап: 1. Қой аузынан шөп алмайды - момын
2. Жүрек жалғау-
3. Төбе шашы тік тұру-
4. Қас пен көздің арасында-
5. Бетінен оты шықты-
6. Қырғи қабақ болу-
7. Бармағын тістеу-
8. Аузына құм құйылу-
9. Ит өлген жер-
10. Тайға таңба басқандай-
11. Ат ізін салмау-
12. Пейілі тар-
10-жаттығу Антонимдерді теріп жазыңыз. Қап-қара түнді көрдім де,
Жап-жарық таңға кездестім.
Қарасыз, сірә мен мүлде,
Аппақтың нарқын сезбеспін. (М. Мақатаев)
***
Жібек мінез, жігері мол қарындас,
Жүрегінде у менен бал аралас.
***
Бұл жалған ойын емес, бейнет жері,
Қылғанға адал еңбек зейнет жері. (М. Жұмабаев)
11-жаттығу Өлеңнен синоним сөздерді тауып, тағы қандай синонимдер бар екенін анықтаңдар. Жас қайыңда жапырақ
Күзде тоңса қалтырап,
Десең қуат, әл алсын,
Жылуын бер жаныңның,
Өйткені, сен адамсың.