9-11 сынып Құрастырған: Рамазанова С. К


-жаттығу Төмендегі нақыл сөздердің мағынасын түсіндір. Мазмұнын қара сөзбен жаз. Бұйрықты сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар



бет9/11
Дата04.05.2023
өлшемі129,38 Kb.
#89785
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
4-жаттығу
Төмендегі нақыл сөздердің мағынасын түсіндір. Мазмұнын қара сөзбен жаз. Бұйрықты сөйлемдерге синтаксистік талдау жасаңдар.
1. Ақ көңіл мен адал ниеттен туған іс әсем болмаса да сүйкімді. Айла мен арамдықтан туған іс, әдемі болса-жиіркенішті.
2. Кей адам кілт етпе келеді. Бірақ ол мінез жас балаға, сұлу әйелге ұлы адамға жарасады. Бұл үшеуінен басқаға біткен қыңырлық-қырсықпен тең.
3. Өзің жақсы болсаң- айналаңда досың көп; жаман болсаң- жалғыз жүресің; орташа болсаң-сен де бір жақсының жанын жағалайсың.
4. Досты сырттан іздеме, жақыннан ізде, өзіңнің ішіңнен, ішкі дүниеңнен ізде. Жаның жақсы, жүрегің жылы, ақылың парасатты болса- іздеген досың алыстан өзі келеді
5-жаттығу
Мәтінді оқыңдар. Мәтіннің мазмұны бойынша бір-біріңе сұрақ қойып, жауап беріңдер.
Тапсырма. Мәтіндегі толықтауыштарды тауып, құрамына, тұлғасына, сөз табына қарай талдаңдар.
Өз басынан кешкен оқиғаларды да мүдірмей, жақсы әңгімелейді. 2. Он үшінші номерлі штурмовикпен Талғат тапсырма орындай бастады. 3. Оған қарай совет самолетінен оқ атылмады. 4. Авиацияда қалыптасқан бұл қағиданы Талғат бірінші боп бұзды. 5. Ол штурмовикпен истребительге шабуыл жасады. 6. Бірақ мұны Талғат ешкімге айтып жатпады. 7. Кешікпей оған мені шақырды. 8. Корпус командирі менімен амандасқан соң, «отыр» деді. 9. –Бұл дивизияның атақты мергені Төлеуғали Әбдібековке берген кеңесі.
Тапсырма. Толықтауыштың түрлеріне сөйлем құраңдар. Тура толықтауышты бір бағанға, жанама толықтауышты бір бағанға жазыңдар.
6-жаттығу
Өздерің ойлап табыңдар.
Берілген баяндауыш бойынша сұрақ орнына тиісті толықтауыш тауып, сөйлем құраңдар.
(кімге?) көмектесемін.
(нені?) орындадым.
(неде?) бар.
(неден?) түстік.
(немен?) таныстық.


7-жаттығу
Мәтінді түсініп оқыңдар. Анықтауыш қызметін атқарып тұрған сөз таптарын ажыратыңдар.
1. Сөйтіп менің студенттік дәуірімнің алғашқы күндері өте бастады. 2. Университетке, оның биік-биік аудиторияларына бойым үйреніп, оқушылардың аты-жөнін біліп, біртіндеп көшелі студент қатарына қосылып келе жаттым. 3. Өстіп отырғанымызда бірнеше минут өтті. 4. Осындай ойлар жалғаса береді. 5. Соғыста жеңіл нәрсе, жұмсақ зат ұстап көрмегендіктен аудиторияда қолыма ілінгеннің бәрі жеп-жеңіл көрініп, не құлатып, не қиратып алатын әдетімнен де айыға түстім. 6. Меңтай үйреткен осы әдіс өмірлік әдет болып кетті. 7. Туған елдің дәмін татқаныма қуандым. 8. Кеудемді лапылдаған бір қуаныш кернеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет