13-жаттығу
Мәтіндегі сөздерді буынға бөліп, тасымал жасаңыз. Тасымалданбайтын сөздердің неге тасымалданбайтынын түсіндіріңіз.
Жиын,Алматы,Астана,уыз,бек,сап,іш май, бес кг,лаж жоқ,ТМД,БҰҰ,электр шамы,үлкен үй, куә бол,күлу,күнде,бүгін,М.Ю.Лермонтов,Александр Бек,суық су,жалт-жұлт,қант,бұлт,орамал,он га,ҚХР,қиын,думан той, жиналыс,уыт,улану,уыттысөз,күйлі мал,әдемі қыз,гүл,нұр,сұр,ертіс,экспедиция,кел,жол,екі-үш жыл,жылы кеш, көшіп келді.
14-жаттығу
Төмендегі шарттарды орында
а)Жуан және жіңішке буынды сөздерді тап
ә) Қатаң,ұяң, үнді дыбыстарға біткен түбір сөздерді тап
б)Ашық, бітеу, тұйық буынды сөздерді ажырат
Кеше нөсерлеп жаңбыр жауды.Жаңбырдан кейін кемпірқосақты көрдім.Кемпірқосақ алуан түсті екенін байқадым.Аспаннан күн сәулесі түскенде,сен оны аппақ жарық ретінде көресің.Кемпірқосақтың жеті жолағы бар. Кемпірқосақ жолақтары қызыл,қызғылт, сары,жасыл,көк,көгілдір,күлгін түсті болады.
15-жаттығу
Қосымшасы қатаң,үяң,үнді дыбыстардан басталған сөздерді іріктеп жаз.
Үйде,дастарқанға,кәмпиттер,сандыққа,суретшілердің,апамның,кісілерге,оқушылар,балықшылар,кітапханада,бірлік,жастық,тәрбиеші,көңілсіз,жақын.
,
Лексика тарауына арналған жаттығулар
1-жаттығу Синонимдік қатарды жалғастырыңыз.
1. Сұлу, ажарлы,.................................................................................................... қыз.
2. Батыр, ержүрек,...............................................................................................жігіт.
3. Сабырлы, салмақты,............................................................................................дос.
2-жаттығу Мақал - мәтелдерді аударыңыз. Антонимдерді теріп жазыңыз.
Көп сөз – күміс, аз сөз - алтын. Ала сөйлеп, ұлыққа жаққанша, адал сөйлеп,
жұртқа жақ. Шын - бір сөз, өтірік – мың сөз. Жаман сөз – жанға кірген тікен,
жақсы сөз – таптырмайтын ем. Ашу түбі – кейіс, ақыл түбі – кеніш. Ақылы
аздың – ашуы көп.
Достарыңызбен бөлісу: |