15 -жаттығу .Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз, тәуелдік жалғауымен тұрған сөздерді көшіріп жазыңыз. Менің аты-жөнім... . Жасым... . Ұлтым... . ... қаласында тұрамын. ... інілерім,
ағаларым, қарындастарым бар. Мен оларды жақсы көремін, сыйлаймын.
17-жаттығу Тәуелдік жалғауларын жалғаңыз Бала... Апа...
Ата-ана... Ата...
Менің Ата... Біздің Сіңлі...
Сенің Әже... Сендердің Жұбай...
Сіздің Бауыр... Сіздердің Нағашы...
Оның Қарындас... Олардың Дос...
Әйел... Көрші...
Іні... Отбасы...
18 -жаттығу Тиісті сөздерді қойыңыз. ... балам. Менің ...әжең
... қыздары Сенің ...сіңлісі
... ұлдарың Сіздің ...ағаңыз
... отбасымыз Оның ...бауырларыңыз
Біздің
Сендердің
Сіздердің
Оладың
19 –жаттығу Тиісті жалғауларды жалғаңыз. Мен мұғалім... , сен дәрігер..., сіз озат студент..., ол жақсы әріптес..., біз
еңбекқор құрылысшылар..., сендер тәжірибелі спортшы..., сіздер білікті
маман..., олар атақты ғалымдар... .
20-жаттығуСөз тіркестерімен сөйлем құраңыз.
Ертерек кетпекші, бармақ емессің, қолөнер үйренбек, мал шашпақ, айтып
қоймақ, өнер шашпақ.
21 –жаттығу Берілген етістіктерден мақсатты келер шақ жасап, әрқайсысымен сөйлем құраңыз. Үлгі: Аш-ашпақ. Наданның көңілін қойып, көзін ашпақ. (Абай)
Шаш, үйрен, қой, сөйле.
22-жаттығу Етістіктерді салыстырыңыз, шақтарын анықтаңыз. Ол университетте оқиды. Ол болашақта осы университетте оқиды.
Жұмыскерлер бастыққа барады. Күте тұрса, бастық та келеді.
Ол Алматыға барады. Ол есейгенде Алматыға барады.