9 Драмалық жанрдың түрлері



бет6/8
Дата27.11.2023
өлшемі39,74 Kb.
#129668
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-16

16 Реализм
Реализм (лат. realis – нағыз, заттай) – әдебиет пен өнерде кең қанат жайған, өмір құбылыстарын бар қалпында,нақтылық сипат-белгілерін сақтай отырып, жинақтап, тұжырымдап, шыншылдықпен бейнелеуді мақсат ететін көркемдік әдіс. Реализмнің негізгі өзгешелігі өмірдегі типтік жағдайларды кеңінен қамтып, қай құбылыстың болсын даралық белгілерін де, жинақталған көптеген құбылыстарға ортақ сипаттарын да нанымды суреттеп, нағыз типтік дәрежедегі көркем образдар, бейне-тұлғалар жасау дейміз. Реалистер өнердің мақсаты өмір құбылыстарын шыншылдықпен бейнелеу деп біледі.
ХХ ғасырда реализм бағыттан біртіндеп көркем шығармашылықтың моделіне айналды. Реализм – осы аттас түрлі бағыттардың (сыншыл реализм, социалистік реализм, итальяндық неореализм, латын америкалық «магиялық» реализм және т.б.) Кеңес дәуірі тұсында социалистік реализмнен басқа әдеби әдістер еленбей, көлеңкеде қалды, олардың әдебиетке әкелген
жетістіктері мен мүмкіншіліктері жете бағаланбады. Әдебиеттануда «реализм және реализмге қарсы әдістер» теориясы үстемдік етті. Кеңес оқулықтарында оларды бір-біріне қарсы қою жүйесі қарапайым еді: реализм – шынайылық, адалдық, тарихилық, мазмұндылық, ал буржуазиялық әлемдегі басқа әдістер: «керітартпа» романтизм, модернизм, постмодернизм т.б.
«измдер» - керісінше, өмір шындығынан алыс әкететін, идеализмді, дарашылдықты дәріптейтін мазмұнсыз, зиянды деп біржақты бағаланды. Бірін-бірі ауыстырып отырған әдеби ағым бағыттар белгіленіп қойғандай, олардағы реализм үлесінің азкөптігіне байланысты бағаланды. Ал іс жүзінде әр алуан әдістәсілдерді бірінен бірін жоғары қою, я төмен қою түбірімен дұрыс емес. Қазіргі әдебиетте қаламгер қандай әдіспен жазамын десе де, шығармашылық еркіндікке ие.
ХХ ғ. реализмнің кең өріс алған негізгі ұстанымдары: шынайылық, психологизм, тарихилық, философиялық, деректілік сипаттар. Олардың әрқайсысы қазірге дейін қалыптасып, жаңа реңге ие болды.
66. Сюжет пен композиция ұғымдарының айырмашылығы мен ортақ белгілерін айқындау. С.Мәуленовтің төмендегі өлеңінің сюжеті мен композициялық құрылымын талдау.
Сюжет (фр. sujet) - әдеби шығармада бейнеленетін оқиғалардың тізбегі, яғни уақыт пен кеңістік өлшеміндегі бірін-бірі ауыстырып, өзгеріске түсетін жағдайлардағы кейіпкерлер өмірі.
Көркем шығарманың құрылымында сюжет түрлі функцияларды атқарады. Негізгі оқиғаны құрайтын оқиғалар қатарының құрылымдық мәні бар. Ол барлығының басын бір арнаға біріктіріп,
бір-біріне жалғайды, суреттелетін нәрсенің іргетасын қалайды. Сонымен қатар сюжеттің шығарма қаһармандарының характерін бейнелеуде маңызы зор. Сюжеттің тағы бір қызметі өмірлік
қайшылықтарды бейнелеумен байланысты. Сюжет - эпикалық, драмалық және лироэпикалық жанрлардың басты ұйымдастырушы элементі. Ол кейде лирикалық шығармаларда да маңызды қызметке ие, алайда бұл жағдайда ол мейлінше жинақы, ықшам, детальдық сипаттамасы сараң сипат алады.
Композиция – көркем шығармадағы элементтердің, құрамдас бөліктердің, образдардың белгілі бір тәртіппен, рет-ретімен, жүйелі орналасуы. Әдеби туындыларға қатысты «композиция» ұғымының түрлі деңгейдегі синонимдері ретінде кейбір жағдайларда «архитектоника», «құрылым», «диспозиция» терминдері де қатар жұмсалады. Ол шығарма мазмұнымен тікелей байланысты. Кемел композициясыз жақсы шығарма тууы мүмкін емес. Композиция – көркем шығарманың пішіндік құрылымын ғана реттеп қоймай, ішкі әлемін де үйлесімге келтіреді. «Нағыз кемел туындыда, - дейді Л.Н.Толстой, - бір өлеңді, бір көріністі, бір айшықты сөз тіркесін, бір бөлшекті шығарманың тұтастығына, бүтін бітіміне нұқсан келтірмей, өз орнынан басқа
жерге ауыстыра алмайсыз».Ойшылдың бұл пікірі, ең алдымен,шығарма композициясына, оның тұтастық сипатына қатысты.
Өзіндей ұяңсын сен ар-ұяттың,
Өзіндей қиялсың сен табиғаттың.
Өзендей көкірегімде ағып жаттың,
Жалындай көкірегімде жанып жаттың.
Кешкілік серуен құрып бақта жүріп,
Сыр шерттің ақ жаныңмен ақтарылып:
Нұрымен көздеріңнің қалды сонда,
Жазылып жүрегіме автогроф. С.Мәуленов


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет