9 Драмалық жанрдың түрлері


З.Ахметовтің әдебиет теориясына қосқан үлесі



бет5/8
Дата27.11.2023
өлшемі39,74 Kb.
#129668
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
9-16

14 З.Ахметовтің әдебиет теориясына қосқан үлесі
Зәки Ахметұлы Ахметов (4 мамыр 1928, Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Ұзынбұлақ ауылы — 17 желтоқсан 2002, Алматы) — кеңестік–қазақстандық аса көрнекті әдебиеттанушы-ғалым, профессор (1966), Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі (1983). Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (1978), І дәрежелі Ш.Уәлиханов ат. премия сыйлығының (1980), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік премияның лауреаты (1996) («Абай» энциклопедиясын жасаушылардың бірі ретінде).
15 Ода, элегия, сатиралық лирика т.б. тән жанрлық ерекшеліктер
Элегия (грекше elegia – мұңды, қайғылы ән) медитативті немесе эмоционалдық, көбінесе мұңды мазмұндағы лирикалық өлеңдер. Элегияға өмірге деген көңіл толымсыздығы тән. Бірінші
жақтан жиірек баяндалады. Грецияда алғаш б.з.б. 7 ғ. (Каллин,Тибулл, Овидий) пайда болды. Орыс поэзиясында 18 ғ. В.Тредиаковский, А.Сумароков, кейін В.Жуковский, А.Пушкин
шығармашылығында көрініс тапты.Қазақ әдебиетіндегі үлгілері: М.Жұмабаевтың элегиялық
мазмұндағы «Алдамшы өмір», М.Шахановтың «Отырар элегиясы», Ж.Әбдірашевтың «Мұхтар Әуезов кешінде» оптимистік элегиясы, «Қайран жиырма» т.б. өлеңдерін атауға болады.
Ж.Әбдірашев «Қайран жиырма» элегиясында жастық күндерін мұңды сағынышпен еске алады:
Қызыққа толы көп күндер,
Қызыл, сары көбелек,
Ғайыпқа ұшып кеттіңдер,
Кеттіңдер ұшып, не керек!
Қол бұлғайсыңдар түсімде,
Түсімде елес қармаймын...
Жайқалған орман ішінде –
Жалаңаш қалған талдаймын!
Қызыққа толы көп күндер,
Қызыл, көк, сары, жапырақ,
Қайтейін, ұшып кеттіңдер,
Қоңыр күз келмей жатып-ақ! (Ж.Әбдірашев)
Ода (грекше ode - ән) – елге еңбегі сіңген, жұртқа танымал, аты әйгілі адамдарды, жеке тұлғаларды ұлықтаған, дәріптеген ерекше құбылысты мақтап-мадақтаған асқақ лептегі, мазмұны көңілді, патетикалық (көтеріңкі әуенді) жырлар. Араб, парсы классикалық поэзиясында есімі мәлім адамдарға арналған маақтау өлеңдер қасида деп аталады.Оданың антика әдебиетінде алғашында терминологиялық мағынасы болмады да, кейіннен салтанатты сарындағы хор өлеңдері осылай аталды (Гораций, Овидий, Пиндар шығармашылығы). Қайта өрлеу дәуірінде бұл ұғым антикалық үлгілерді бағдар тұтқан, патетикалық, көтеріңкі лептегі лирикалық шығармаларға байланысты қолданылды. Ода жанры классицизм дәуірінде (17-18 ғғ.) поэзияда қарқын алып, жаңа биіктен көрінді. «Жоғары жанрлар» қатарына кірген ода канондық тақырыптарға арналып, жоғарғы стильдің жетекші жанрына айналды. Ода жанрын дамытушы классик ақындар қатарында Ж.Б.Руссо, Ф.Малерб, Э.Лебренді атаймыз.Ресейде ХҮІІІ ғасырда Ломоносов, Державиннің одалары туып,кейіннен осы жанр рухына А.Пушкиннің «Чаадаевқа» өлеңі,Ю.Лермонтов, Рылеев өлеңдері сай келді. Қазақ әдебиетінде оданың жанрлық табиғатына Қазтуғанның «Мадақ жыры», Жиенбеттің «Жолымбетке», Үмбетейдің «Бұқарға», Байтоқтың «Жәңгірге» т.б. мадақ толғаулары жауап береді. Ода белгілі бір тұлғаларды мадақтау, ғибраттық ой айту, образдылық, табиғатқа арнау сияқты өзінің жанрлық табиғатынан туындайтын маңызды белгілерін сақтай отырып, қазіргі қазақ поэзиясында да салтанатты дауыс ырғағы мен жоғары, көтеріңкі стилін жаңғыртуға тырысады. Қазіргі әдебиетте Ж.Бөдешұлының «Қарғаларға ода», Ж.Ерманның «Жарыққа ода», Д.Қанатбаевтың «Оралманға ода», А.Өтегеновтың «Арал теңізіне ода», Ұ.Есдәулетовтың «Әнге ода» т.б. шығармаларын атауға болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет