9 Драмалық жанрдың түрлері


М.Жұмабаевтың «Алыстағы бауырым» атты өлеңінің тақырыбы мен идеясын айқындау



бет8/8
Дата27.11.2023
өлшемі39,74 Kb.
#129668
1   2   3   4   5   6   7   8
70. М.Жұмабаевтың «Алыстағы бауырым» атты өлеңінің тақырыбы мен идеясын айқындау.
Алыста ауыр азап шеккен бауырым,
Қуарған бәйшешектей кепкен бауырым,
Қамаған қалың жаудың ортасында
Көл қылып көздің жасын төккен бауырым.
Алдыңда ауыр қайғы жатқан бауырым,
Өмірі жапа шеккен жаттан бауырым.
Түксиген жүрегі тас жауыз жандар,
Тірідей терің тонап жатқан бауырым.
Апырмай, емес пе еді алтын Алтай -
Анамыз бізді тапқан асау тайдай!
Бауырында жүрмеп пе едік салып ойнақ,
Жүзіміз емес пе еді жарқын айдай!
Алалы алтын сақа атыспап па ек,
Тебісіп бір төсекте жатыспап па ек.
Алтайдай анамыздың ақ сүтінен
Бірге еміп, бірге дәмін татыспап па ек.
Тұрмап па еді, біз үшін мөлдір бұлақ
Сылдырап, сылқ-сылқ күліп, таудан құлап.
Даяр боп ұшқан құстай соққан құйын,
Тілеген бір-бір тұлпар бейне пырақ!
Алтайдың алтын Күні еркелетіп,
Келгенде жолбарыс боп, жаңа ержетіп,
Ақ теңіз, Қара теңіз ар жағына,
Бауырым, мені тастап қалдың кетіп.
Мен қалдым - жас балапан қанат қақпай,
Ұшам деп ұмтылсам да дамыл таппай.
Жөн сілтер, жол көрсетер жан болмады,
Жауыз жау қойсын ба енді мені атпай.
Қорғасын жас жүрекке оғы батты,
Күнәсіз таза қаным судай ақты.
Қансырап, әлім құрып естен тандым,
Қараңғы абақтыға берік жапты.
Көрмеймін кеше жүрген қыр-сайды да,
Күндіз - Күн, түнде - күміс нұрлы Айды да.
Ардақтап, шын жібектей арайға орап
Өсірген алтын анам - Алтайды да.
Апырм-ай, айрылдық па қалың топтан,
Шабылып қайтпайтұғын жауған оқтан.
Түріктің жолбарыстай жүрегінен
Шынымен қорқақ құл боп жаудан бұққан.
Шарқ ұрып, ерікке ұмтылған Түрік жаны,
Шынымен ауырды ма бітіп халі?!
От сөніп жүректегі, құрғады ма
Қайнаған тамырдағы ата қаны?!
Бауырым, сен о жақта, мен бұ жақта,
Қайғыдан қан жұтамыз.
Біздің атқа
Лайық па құл боп тұру?
Кел, кетелік
Алтайға, ата мирас, алтын таққа!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет