А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет35/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90
 
 
 
 


84 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
И Н Ф О Р М А Т И К А 
 
 
ӘОЖ 378.016.02:004:517.53/.55(574) 
RGB, LAB ЖӘНЕ CMY ТҤСТІК МОДЕЛІНІҢ ҚОЛДАНУ
МҤМКІНДІКТЕРІ 
 
М.Авдорсолұлы - бағдарламалаушы (Алматы қ., Абай атындағы ҚазҰПУ) 
 
Аннотация: 
RGB, LAB және CMY түстік моделінің қолдану мүмкіндіктері 
компьютерлік графикамен тек кӛркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, ғылым мен 
медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет орындарында 
алуан түрлі ақпаратты кӛрнекі түрде кӛрсету үшін сызбалар, графиктер, диаграммалар 
жасау үшін қолданылу әдістері қарастырылады. 
Түйін сӛздер: 
RGB, LAB, CMY, графиктер, диаграммалар, World, Wide, Web. 
Дербес компьютерді пайдаланушылардың қатарында компьютерлік графикамен 
айналысатындардың саны күн санап артып келеді. Қазіргі кез келген мекемеде кей 
уақытта газеттер мен журналдарға жарнамаларға тапсырыс беру немесе жарнамалық 
парақшалар мен буклеттер басып шығару қажеттілігі туындайды. Олардың кейбіреулері 
осындай жұмыстарды арнайы дизайнерлік бюролар мен жарнамалық агенттіктерге 
тапсырса, кейбіреулері қолда бар программалық құралдарын пайдаланып, ӛз күштерімен 
жасауға тырысады [1,2]. 
Қазіргі танымал программалардың ешқайсысы компьютерлік графикасыз жұмыс 
істемейді. Статистикаға сүйенсек, жаппай қолданыста жүрген программаларды жасап 
шығарушы программистік ұжымның қызметкерлері ӛз жұмыстарының 90 % уақытын осы 
графикамен шұғылдануға жұмсайды екен. 
Графикалық программаларды кең кӛлемде қолдану қажеттілігі Интернеттің және 
бірінші кезекте миллиондаған Интернет парақтарын бір «ӛрмекпен» байланыстырған 
World Wide Web қызметінің пайда болуынан туындады. Ӛйткені компьютерлік 
графикасыз безендірілген web-парақтың бүкіләлемдік желіде басқалардың кӛзіне түсіп, 
танымал болуы екіталай [3]. 
Қазіргі компьютерлік графика тек кӛркемдеу мен безендірумен үшін ғана емес, 
ғылым мен медицинаның барлық саласында, коммерциялық және әкімшілік қызмет 
орындарында алуан түрлі ақпаратты кӛрнекі түрде кӛрсету үшін сызбалар, графиктер, 
диаграммалар жасау үшін қолданылады. 
Конструкторлар автомобильдің немесе ұшақтың жаңа үлгілерін құрастырған кезде 
олардың соңғы кӛрінісін алу үшін үш ӛлшемді графикалық объектілерді қолданады. 
Архитекторлар монитор экранында болашақ ғимараттың кең кӛлемді кескінін жасап, 
оның жер бедерімен қалай жанасатынын алдын ала болжай алады. Кӛзге кӛрінетін және 
кӛрінбейтін кескіндерді компьютер дисплейінде бейнелеуде түстік модель маңызды роль 
атқарады. Түс арқылы барлық объекттерді бір-бірінен ажыратамыз, әрбір объектінің 
тереңдігін, қисықтығын кӛре аламыз.
И.Ньютон тәжірибесі.
 
Ақ жарық шыны призмадан ӛткен кезде бiрнеше түске 
жiктелетiнiн алғаш рет И.Ньютон бақылап, зерттеген болатын. Мұндай монохроматты
(бiр түстi, мысалы, қызыл, кӛк, күлгiн т.с.с.) жарық одан әрi басқа түстерге жiктелмейдi. 
Ал ендi осылай ақ жарықтың монохроматты жарықтарға жiктелуiнiң себебi неде? Ол 
мынада. Жарық дегенiмiз – электромагниттiк толқындар. Әртүрлi түстегi жарықтар бiр-
бiрiнен толқын ұзындығының, немесе онымен байланысты жиiлiгiнiң әртүрлi болуымен 
ӛзгешеленедi. Ал жарықтың шыны призмадан ӛткенде әртүрлi түске жiктелуiнiң себебi 
қандай да бiр ортадағы жарық жылдамдығының (немесе онымен байланысқан сыну 
кӛрсеткiшiнiң) жарық жиiлiгiнен тәуелдiлiгiмен байланысты. Сыну кӛрсеткiшiнiң жарық 
жиiлiгiнен осындай тәуелдiлiгiн 
дисперсия 
құбылысы деп атайды (1-сурет). Бұл 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
85
құбылысты түсiндiруге Максвеллдiң электромагниттiк теориясын қолдану оң нәтиже 
бермедi [4, 5]. 
1-сурет. Сыну кӛрсеткішінің жарық жиілігі кӛрсетілген 
Себебi, бұл жердегi мәселе тек электромагниттiк толқынның қасиетiнде ғана емес
сонымен қатар ол толқындардың затпен әсерлесу сипатымен де байланысты болатын. 
Қазіргі кезде компьютер дисплейінде бейнені шығаруда, графикалық бейнелерді ӛңдеуде, 
графиктік немесе мәтіндік мәліметті қағаз бетіне басып шығаратын құрылғылар белгілі 
бір түстік моделмен жұмыс істейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет