А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а



Pdf көрінісі
бет11/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90
 
 
 
 
 
 
 
 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
23
 
ӘОЖ 37.026.9:371.212:371.385.3 
ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫ 
ЖЕТІЛДІРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗДЕРІ 
И.С.Кӛгенбаев – мұғалім, Н.А.Сәндібаева – п.ғ.к., доцент м.а.
(ОҚО, Мақтаарал ауданы Қ.Мүсірепов атындағы жалпы білім беру мекемесі 
Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация: 
Қазақстан Республикасы ӛркениетті елдердің қатарына қосылу үшін, 
жастарымызға жан-жақты сапалы білім, саналы тәрбие беру керек. Мектептің алдында 
тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін және 
танымдық қабілетін барынша ашып, қоғамды дамытуға бар мүмкіндігін жұмсайтын 
қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Берілген мақалада жалпы білім беретін 
мектептердегі ең негізгі пәндердің бірі болып табылатын физика пәнін оқыту барысында 
оқушылардың оқу практикумы арқылы білім деңгейін арттыру мәселесі тілге тиек етілді.

Түйін сӛздер:
физика, үшінші индустриялық революция, оқытуды жетілдіру, 
қоршаған орта, эксперимент, оқу практикумы

физика мұғалімінің кәсіптік деңгейі, 
бақылау.
 
Қазақстан Республикасы ӛркениетті елдердің қатарына қосылу үшін, жастарымызға 
жан - жақты сапалы білім, саналы тәрбие беру керек. Ол үшін біріншіден, бір тұтас білім 
кеңістігін қалыптастыру міндеті тұрса, екіншіден ұлттың этнопедагогика мен 
этнопсихологиялық дәстүрлеріне сүйене отырып, жеткіншектер санасына туған халқына 
деген құрмет пен патриоттық мақтаныш сезімін ұялатып, қазіргі озық технологияларды 
меңгерген, саналы ой иесін қалыптастырып, еліміздің ӛркениетіне үлес қосу – тарихи 
қажеттілік болып отыр. 
Ұлттық даму сан ғасырлық тарих елегінен ӛтіп, бүгінгі таңда қоғамымызда ӛтіп 
жатқан саяси экономикалық ӛзгерістерге байланысты, жаңа талаптарға сай оқушыларды 
техникаға және инновацияларға тәрбиелеу, олардың политехникалық ой ӛрісін жетілдіріп,
қалыптастыруға келешектің біздің алдымызға қойып отырған басты міндеті.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 
Қазақстан Республикасының Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 
Жолдауында «Жетінші сын-қатер - Үшінші индустриялық революция. Адамзат Үшінші 
индустриялық революция табалдырығында тұр, ол ӛндіріс ұғымының ӛзін ӛзгертеді. 
Технологиялық жаңалықтар әлемдік нарықтың құрылымы мен қажеттіліктерін түбегейлі 
ӛзгертеді. Біз бұрынғыға қарағанда мүлде ӛзгеше технологиялық болмыста ӛмір сүріп 
жатырмыз. Цифрлық және нанотехнология, регенеративтік медицина және басқа да 
кӛптеген ғылыми жетістіктер қоршаған ортаны ғана емес, адамның ӛзін 
трансформациялап, күнделікті ақиқатқа айналады. Біз осынау үдерістердің белсенді 
қатысушылары болуға тиіспіз» - деп кӛрсетілген 

1


Сондықтан, елімізді дамытуда кәсіптік-техникалық білім берудің әлеуметтік-
экономикалық және жоғары дамыған елдердің тәжірибесі мен білім берудің мазмұнын, 
әдістерін қолдана отырып, еліміздің білім беру саласының техникалық жағын жаңарту 
және жетілдіру қажеттілігін тудыруда. 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2011ж.) білім беру жүйесінің 
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған рӛлі атап 
кӛрсетілсе, осы заңның 41-бабында: «Педагог қызметкерлер оқушылардың мемлекеттік 
білім беру стандартында кӛзделген деңгейден тӛмен емес білім, білік, дағды алуын 
қамтамасыз етуге, жеке шығармашылық қабілеттерінің кӛрініп дамуы үшін жағдай 
жасауға міндетті» делінген 

2


Сондықтан, мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі – оқушылардың 
қызығушылығы мен белсенділігін және танымдық қабілетін барынша ашып, қоғамды 


24 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
құрып дамытуға бар мүмкіндігін жұмсайтын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Әрбір 
оқушының тұлға ретінде қалыптасып дамуына физика пәнінен алатын білімінің үлкен 
үлес салмағын арттыру. 
Айтылғандарды тұжырымдай келе:
 
1.
физика басқа ғылымдардың дамуының тірегі, қызметшісі бола алады; 
2.
физика қоршаған ортаны білудің басты кӛзіне айналды; 
3.
физика нақты ғылым 
болғандықтан, 
оқушының 
заңға 
сүйеніп, 
ой 
қорытындылауын, заңды сыйлау психологиясын қалыптастырады; 
4.
физика адамның рухани дамуына, ғылыми кӛзқарастарының қалыптасуына, 
логикалық ойлау қабілетінің дамуына кӛмектеседі.
Мектеп физикасын ӛмірмен байланыстыру, бұл пәнді адамдардың практикалық және 
техникалық іс-әрекетіне қолдану үшін мектеп физикасы білімді модернизациялау 
қажеттігін кӛріп отыр. Оның негізі физика пәнін оқыту барысында білім сапасын арттыру 
үшін физикалық оқу практикумын жолға қою. Дегенмен, бұл мәселе қазіргі таңда толық 
шешімін тапқан жоқ. Сондықтан да осы мәселелер жан-жақты зерттеулерді қажет етеді. 
Сонымен қатар мектептерде физика пәнін оқытуда шешілмеген маңызды мәселелер бар.
Оған: жалпы білім беретін мектепте физиканы оқытуды жетілдіруді теориялық-
әдістемелік тұрғыдан негіздеу, физиканы қолданбалы бағытта терең ашу, оқу практикумы 
арқылы оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыру, пәнішілік және 
пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру, қазіргі заманға сай инновациялық оқыту 
әдістерімен физика мұғалімдерінің кәсіби деңгейін кӛтеру мәселелері жатады. Сондықтан 
да физика пәнінен оқу практикумы негізінде оқушылардың қызығушылығы мен 
белсенділігін арттыру мәселесі бүгінгі таңда ең бір ӛзекті мәселелердің бірі болып 
табылады. Мектепте физика пәнін оқытуда жетілдіру негізінде оқушылардың 
қызығушылығы мен белсенділігін арттыру арқылы теориялық материалды терең де 
саналы игеру – оқушылардың физика пәнін оқуда алған білімдерін практикада қолдануға 
дайындау, ӛмір қажеттіліктерінде жүзеге асыруға үйрету және олардың біліктілігі мен 
дағдысын қалыптастыру болып табылады. Сонымен қатар кӛрнекіллік технологиясы 
негізінде және кӛрнекілік тәжірибелер, жұмыс жасайтын техникалық модельдерді 
кӛрсету, қызықты зертханалық жұмыстарды жолға қою, әр түрлі кӛрнекі құралдарды 
қолдану, жалпы сыныптан тыс жүргізілетін үйірме, физикалық кеш, топсеруендер 
(экскурсия) және т.б. арқылы жүзеге асырылады 

3

.
Еліміздің ғылыми және техникалық дамуы, ӛркениетке жол бастауы –мектептің 
техникалық пәні болып табылатын физиканың еншісінде. Сондықтан мектепте физиканы 
сапалы оқыту және оқыту барысында оқу практикумы арқылы – эксперименттік 
қойылымдар мен тәжірибелерді меңгеру, теория мен практиканы ұштастыра оқыту ең 
маңызды заман талабы болып табылады. Мектеп физика курсының міндеттер мен 
талаптары – еліміздің болашақ құнды мамандары болып саналатын қазіргі оқушылардың 
сапалы білім алып, ғылым құндылығын және оқу біліктілігін, дағдысын арттыру 
қажеттілігін қанағаттандырып, болашақтағы кез-келген маманның кәсіби жетілуі мен 
мамандануы үшін қажет талаптарды орындайды. 
Физика пәнінің маңыздылығын ескере отырып, жалпы білім беретін мектепте 
оқушылармен жұмыс жүргізу барысында ұстанатын негізгі қағидалар: 
-
Кӛп тілдік бағытпен бірге, жаратылыстану (физика) бағытын ұстану; 
-
Жеке тұлғаны бағыттауға арнаулы курстар тиімділігін жүйелеу; 
-
Физика пәнінде интерактивті құралдарды оқушылардың толық игеруіне және 
тиімді пайдалануына қол жеткізу және мектепішілік жекелей іс-шаралар түрлеріне байқау; 
-
сынақ жүргізе отырып, білім мазмұнындағы үдерістерді жаңарту; 
-
физика пәнінен оқу үдерісін ақпараттандыруды орталықтандыру; 
-
мектеп физика мұғалімдерінің шығармашылық белсенділігі мен әдістемелік 
шеберліктерін жетілдіру; 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
25
-
Физика мұғалімінің кәсіптік деңгейін кӛтеруге ынталандырылуы (аттестация 
арқылы); 
-
Физика пәнін оқытуда психологиялық қызметтің рӛлін кеңейту, күшейту; 
-
Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын 
жүзеге асыру үшін мектеп білім жүйесінде материалдық-техникалық базаны нығайту.
Бүгінгі таңдағы оқушылардың физика пәні бойынша білімін кӛтерудің ең бастысы 
оның пәнге деген қызығушылығын арттыру мәселесі ӛзектілігін жойған жоқ. Физикалық
заңдарды терең меңгерту, ұғымдарды білу, физикалық шамаларды ажыратуды 
оқушыларға меңгертіп, жалпы физикалық практикум арқылы оқушылардың физикалық 
білім, білік, дағдысының қалыптастырып, логикалық ойлауды дамытуға ықпал ететіні 
мәлім. Ал қызығушылықты тудырудың тәсілдері кӛп, олар: түрлі дидактикалық ойындар, 
оқушылар арасында ӛзара тартысты жарыс, дәстүрлі емес сабақтар, білім бәйгесін, 
кештер, үйірмелер, олимпиадалар ӛткізіп отыру керек 

4

.
Оқушылардың физика пәні бойынша толыққанды білім алуын жолға қою 
мақсатында, оның пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін және физикалық заңдарды 
терең меңгеріп, физикалық ұғымдар мен шамаларды нақты меңгеру қажеттігі – физикалық 
практикумды бағдарламаға енгізе отырып, физика пәнін оқытуда физикалық практикум 
негізінде оқушылардың қызығушылығы мен белсенділігін арттыруды ұсынып отырмыз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 
1.
«Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты 
Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына 
Жолдауы; 
2.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы (2007ж.); 
3.
Н.А.Сәндібаева «Мектепте оқу экспериментін жүргізу әдістемесі» Алматы, 
2010ж.; 
РЕЗЮМЕ 
В 
данной 
статье 
рассматриваются
 
теоретически-методические 
основы 
усовершенствования физики в общеобразовательных школах. А также рассмотрены 
методы формирования активности и интереса учащихся к данному предмету. 
SUMMARY 
This article addresses the issue of making physics laboratory in the educational process in 
physics. As well as the methods of forming activity and student interest in the subject. 
ӘОЖ 536.24.08. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет