А. А. Айдарбекова магистр, аға оқытушы, Н. А. Сәндібаева п.ғ. к., доцент м а


ФИЗИКА ПӘНІНЕН ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТЕРДІ



Pdf көрінісі
бет13/90
Дата15.12.2023
өлшемі4,01 Mb.
#138042
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   90
ФИЗИКА ПӘНІНЕН ДЕМОНСТРАЦИЯЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТТЕРДІ 
ҦЙЫМДАСТЫРУ НЕГІЗДЕРІ 
 
Н.А.Сәндібаева – п.ғ.к., доцент м.а., Г.Ж.Биғараева – 4 курс студенті
(Алматы қ., Қазмемқызпу)
Аннотация: 
Бұл зерттеу жұмысы жалпы білім беретін мектептерде физика пәнін 
оқытуды оңтайландыру мақсатында жүргізілді. Зерттеу барысында алынған нәтижелер 
нақты эксперименттер арқылы айқындалады. Зерттеу жұмысы толық анықталмаған кейбір 
зерттеу міндеттеріне сәйкес қосымша ақпараттар жинақталуда.
 
Түйін сӛздер: 
Физикалық эксперимент, демонстрация, практикум, бақылау.
 
Зерттеу жұмысының мақсаты: Жалпы білім беретін мектептерде физика пәнін 
оқытуда 
демонстрациялық 
эксперименттерді 
ұйымдастыру
 
негіздері
 
арқылы 
оқушылардың танымдық қабілетін арттыра отырып, оқушыларды жаңашылдыққа баулу. 
Қазақстан 
Республикасының 
президенті 
Н.Назарбаев 
«Терең 
білім 
– 
тәуелсіздігіміздің тірегі, ақыл-ой – азаттығымыздың алдаспаны» - деп атап ӛткендей, 
білімді, ақыл-ойды жетілдіру қазіргі кезде заман талабына айналды. Осы қағиданы бетке 
ұстай отырып, әрбір болашақ маман ертеңгі күннің нақты заманға сай, құзыретті 
тұлғасына айналу үшін аянбай тер тӛгіп, еліміздің «алтын ғасырындағы» білім 
алушыларға әлемдік деңгейде білім беруге ұмтылуы тиіс. 
Мектептегі 
физика 
курсы 
бойынша 
демонстрациялық 
эксперименттерді 
ұйымдастыру – бұл физика ғылымының негізі болып табылып, ғылыми зерттеу әдісінің 
кӛрінісі ретінде айқындалады. Физикалық демонстрациялық эксперименттерді 
ұйымдастыруды негізге алып, құбылыстарды оқып үйрену – оқушылардың ғылыми 
кӛзқарасының қалыптасуын, физикалық заңдарды неғұрлым тереңірек меңгеруін, мектеп 
оқушыларының пәнді оқып-үйренуде қызығушылығын арттыруға, құбылыстарды 
кӛрнекілеуге және ӛлшеу икемділіктері мен дағдыларын меңгеруге себін тигізеді. 
Мектептегі физика пәнінің демонстрациялық эксперименттерін ұйымдастыруды 
қолға алу арқылы оқушылар ғылыми зерттеу әдісі туралы түсінік алады. Сабақта 
тәжірибелерді демонстрациялау, олардың кейбіреулерін кино және теледидар, компьютер 
арқылы кӛрсету, оқушылардың зертханалық жұмыстар жасауы, мектептегі эксперименттік 
оқыту әдісінің негізі болып табылады. 
Мектепте физика демонстрациялық эксперименттерін ұйымдастырудың тәрбиелік 
мәні де зор, ол оқушыларды алдына қойған мақсатқа жетуге, жұмыста ұқыптылыққа, 
қарастырып отырған құбылысты бақылауға және одан қорытынды шығаруға, оның негізгі 
белгілерін бӛліп ала білуге және т.б. үйретеді. Сондай-ақ оқушыларға терең де нақты білім 
беру үшін, оларда практикалық ебдейліктер мен дағдыларды қалыптастыру кезінде 
әртүрлі оқу практикумын қолданып, ауыстырып отыру қажет. 
Физиканы оқыту үрдісіне демонстрациялық эксперименттерді енгізу теория мен 
практиканы байланыстырушы элемент ретінде қарастырылады. Оларды орындау 
оқушылардың эксперименттік және практикалық ебдейліктері мен дағдыларын 
қалыптастыруға кӛмектеседі. Сонымен қатар, оқушылардың танымдық қабілеттерін, әрі 
белсенділігі мен ӛз бетімен жұмыс істеу дағдысын дамытады. Алайда кез келген сабақты 
жүргізуде бұл мақсаттар орындала бермейді. Егер оқушылар мұғалімнің толық, нақты 
түсіндіруінен кейін, тек кӛрсетілген іс-қимылдарды қайталайтын болса, оларда қарапайым 
ебдейліктер мен дағдылар қалыптасады. Мысалы, зертханалық жұмысты ӛткізу 
барысында оқушылар электр шамынан ӛтетін ток күшін есептейтін электр сызбасын 
мұғалім демонстрациялық үстелде кӛрсетіп бергендей жинайды, олар біршама икемдіктер 
мен дағдылар алады, бірақ жалпылама сипаттағы ебдейліктер қалыптаспайды және ӛздері 
әрекет етуге үйренбейді. Мұғалім зертханалық жұмысты ӛткізу әдістемесін мұқият 


30 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
талқылап, оқушыларға оны ӛз бетінше және ықыласпен орындауға мүмкіндік беруі керек, 
тек сонда ғана ол оқушылардың таным қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғыза алады. 
Сондықтан жоғарыда аталған кемшіліктер орын алмауы үшін, оқушылардың 
берілген нұсқаумен ӛз бетінше, дұрыс жұмыс істей алуы, құралдардың тӛлқұжаты 
бойынша оның қалыпты жұмыс тәртібін анықтай алуы, ӛзінің жұмыс орнын дұрыс 
пайдалануы, оқу тапсырмасы бойынша жұмысты ыңғайлы жоспарлауы, қойылған 
мәселені тиімді жолмен шешуі, орындалған тәжірибелердің нәтижелерін дұрыс жазуы 
және оны түсіндіруі, қорытындылауы – жұмыс дұрыс ұйымдастырылғанда мүмкін 
болады. 
Физиканы оқыту үрдісінде демонстрациялық эксперименттерді – зертханалық 
жұмыстардың күрделі түрі, сондықтан да ол жоғарғы сыныптарда ӛтіледі. Мұнда 
оқушылардың әр тобы түрлі жұмыстар орындайды. Физикалық эксперимент жұмысы 
білімді жүйеге түсіруге, оқушылардың ебдейліктері мен дағдыларын жетілдіруге 
арналады. 
Практикум жұмыстарын ӛткізуді ұйымдастыруда алдын ала, жұмыстың нұсқауы 
жазылған карточкалар, қажетті құрал-жабдықтар алдын-ала дайындалады. 
Физиканы оқыту үдерісі барысында демонстрациялық эксперименттер түрлерін 
үйлесімді қолданған дұрыс. Мұғалім оқушылардың ӛткізілген демонстрациялық 
эксперименттерге кӛп кӛңіл бӛліп, оқу үдерісіндегі зерттеу сипатындағы кӛрнекілеулерді 
енгізіп, оларды кӛбінесе оқушылардың дұрыс қабылдауын қадағалайды. Оқушылар 
орындалған әрбір жұмыста олардың алған білімдерін тереңдетуге, нақтылауға және 
практикада қолдана білуге ұмтылады. Оған қоса әрбір жұмысты орындағанда оқушылар 
жаңа бір нәрсені білуге ұмтылуы тиіс: шамаларды ӛлшеудің тиімді әдісін қолдану; 
олардың басқа шамалармен жаңа тәуелділігін орнату; бір шаманы ӛлшеуді келесі бір 
ӛлшеуге ауыстыру ебдейлігін жүзеге асыру және тағы басқалар.
Оқушыларға жалпылама жоспар бойынша жұмыс істеуді үйрету ӛте тиімді. Мысалы, 
барометр-анероид деген құралға мынадай жоспар жасалады: 
-
құралдың пайдаланылуы; 
-
құралдың құрылысы; 
-
құралдың жұмыс істеу принципі; 
-
қолданылу саласы; 
-
құралды қолдану ережелері. 
Физикалық құбылысты оқып үйренуде оқушылардың ӛтілген материалға деген 
қызығушылығын арттыра отырып, танымдық белсенділігін де арттыруға болады. Мұнда 
сұрақ қоя отырып оқушының кӛңілін маңызды түсініктерді қалыптастыруға аударамыз. 
Басқаша сӛзбен айтқанда, оқушылар жұмысты орындағанда бұрынғы ӛздері білетін 
тәсілдерді қолдану арқылы, ертеректе меңгерген әдістерін жетілдіреді. Оқушылардың іс-
әрекетіндегі жүйелі түрде жүргізілетін мұндай жұмыстар, олардың ойлауы мен 
шығармашылық қабілеттілігін дамытуға кӛмектеседі. Жұмыс барысында оқушылардың 
тапсырманы ӛз бетімен орындауы және белсенді түрде атқаруы – оның мақсаты мен 
міндеттерін толық түсінуінің алғы шарты болып табылады. Егер оқушы не істеу керектігін 
анық білетін болса, онда тапсырманы орындау жолдарын табандылықпен іздейді. 
Мысалы, диффузия құбылысын зерттеуде оқушылардың кӛңіл күйін иістің таралуына 
аударып, сол берілген екі түрлі сұйықтың араласуын байқату арқылы әртүрлі 
кӛрсетілімдер жасауға болады. Сондықтан, диффузия бӛлшектердің хаосты қозғалысымен 
түсіндіріледі. Физикалық құбылыстың механизмін шығарып алған соң, оған сандық 
сипаттама беру керек. Мысалы, бірқалыпты түзу сызықты қозғалыс, жүрілген жол, 
қозғалыс уақыты, олардың ӛзара байланысы болып табылады. Сондай-ақ әрбір 
құбылыстың табиғатта, техникада, күнделікті тұрмыста қолданылуын түсіндіреді. 
Мектептегі физикалық демонстрациялық эксперимент арқылы оқушылардың 
шығармашылық іс-әрекетін қалыптастыру мүмкіндіктері қарастырылған. Оқушылардың 
ғылыми негізделген эксперименттер жасауы барысында жобалау, бақылау, ӛздігінен 


Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің Хабаршысы №1(43), 2013
31
шешім қабылдау, талдау, тексеру, салыстыра білуі және олардың ӛздігінен алған білімін 
кеңейтіп, тереңдететін, ӛзін-ӛзі дамытатын, саналы ойлайтын, ӛздігінен тұжырым 
жасайтын, жаңалық ашу біліктілігі мен дағдылары бар, ӛмірлік тәжірибелерінде 
кездесетін проблемаларды ӛздері шеше алатындай деңгейге шығаруға мүмкіндік 
туғызады. 
Аталмыш зерттеу жұмысы негізінен тәжірибеден ӛткізілген Алматы қаласы Медеу 
ауданы 73-гвардиялық қызыл тулы Сталинград - Дунай атқыштар дивизиясы атындағы 
№64 жалпы білім беретін мектепте, Ш.Смағұлұлы атындағы дарынды балаларға арналған 
мектеп-интернатында физика пәнінен 10
Ә
және 11
А
сынып оқушыларының 
шығармашылық және танымдық іс-әрекетінің қаншалықты қалыптасқанын сауалнамалар, 
тест тапсырмаларын жүргізу, демонстрациялық эксперимент арқылы анықталып, білім 
сапасының дәрежесі айқындалды. Зерттеу тақырыбына берілген тапсырмалар негізінде 
оқушылардың ынтасының артып, танымдық белсенділігінің артқанын анықтадық. 
Алынған нәтижелер бойынша оқушыларға кӛптеген тапсырмалар жиынтығы дайындалды. 
Оқушылардың демонстрациялық экспериментті қабылдау деңгейіне сәйкес 
танымдық қабілетін жетілдіру мақсатында тапсырмалар дайындалып, мектептің оқу 
үдерісіне енгізілді 

1, 2, 3

.
Демонстрациялық эксперимент арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін 
қалыптастыруға 
негізделген 
тәжірибелік-эксперимент 
жұмыстарының 
мақсаты: 
демонстрациялық эксперимент арқылы оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін 
қалыптастырудың әдістемесін жасап, оны мектептің педагогикалық үдерісіне ендіру 
арқылы шығармашыл тұлғаны даярлау. Бақылаулар мен тәжірибелер кӛрсеткендей, 
оқушылардың танымы мен белсенділігін іске асыруға мүмкіндік беретін демонстрациялық 
эксперимент, олардың физикаға қызығушылығын арттырады және терең білім алуына 
кӛмектеседі 

3,4


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. А.Қ.Ершина, Н.А.Сәндібаева «Оқу экспериментін ұйымдастыру және зертханалық 
жұмыстар» Алматы, 2010ж. 
2. Н.А.Сәндібаева «Мектепте оқу экспериментін жүргізу әдістемесі» Алматы, 2010ж.
3. Н.А.Сәндібаева Развитие творческих способностей у школьников с помощью 
учебного эксперимента по физике. Москва, 2009 С. 408-411. 
4. Л.С.Выготский Развитие высших психических функций. М. Изд.АПН. РСФСР, 
1960.-500с. 
5. http:// www.google.kz  
6. http:// www.kk.wikipedia.org  
РЕЗЮМЕ 
В данной работе рассматривается демонстрационные эксперименты, которые 
применяются в средних школах для улучшения заинтересованности учащихся на уроках 
физики. А также для привлечения будущих технических кадров.
SUMMARY 
In with work a looking of the demonstration experiment, in the school for interesting of the 
physics lectures. In time work a education of the experiments works, perfect Jung humans with 
the of education, science and industrializations. 


32 Вестник Казахского государственного женского педагогического университета №1(43), 2013 
ӘОЖ 37.026.9:371.212:371.385.3 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет