БЕЛГІСІЗДІК ЕСІМДІГІ
(Неопределенные местоимения)
Белгісіздік есімдік деп белгісіз мәнде айтылатын сөздер аталады.
Белгісіздік есімдікке әр, әлде, бір тұлғалары арқылы сұрау есімдіктерінен
жасалған сөздер жатады: әркім, әрқашан, әрқалай, әлдеқалай, әлдеқашан,
әлдекім, біреу, кейбіреу, қайсыбір, әрбір, бірнеше, бірдеме, әрне, әлдене
т.б.
БОЛЫМСЫЗДЫҚ ЕСІМДІК
(Отрицательные местоимения)
Болымсыз мағынаны білдіретін есімдіктің түрі болымсыздық есімдік
деп аталады. Болымсыздық есімдіктерге еш деген тілдік нұсқа арқылы
сұрау есімдіктерінен және басқа да сөздерден жасалған есімдіктер жатады:
ешкім, ештеме, ешқашан, ешқайда, ешқайдан, ешқайсысы, ешбір, дәнеңе,
дәнеме.
ЖАЛПЫЛАУ ЕСІМДІГІ
(Обобщающие местоимения)
Жалпылау есімдіктері жалпылау мағынасын білдіреді. Жалпылау
есімдіктеріне бәрі, бар, барлық, күллі, бүкіл, барша, түгел деген сөздер
жатады.
СЫН ЕСІМ
Сын есім – заттың сындық белгісін білдіретін сөз табы. Сондықтан ол
зат есімнің алдынан ешбір қосымшасыз келіп, сөйлемде анықтауыш
қызметін атқарады: әсем ән, қызыл алма, қызық кітап.
Сын есім қолданыста заттық мағынаны да білдіре алады, оны сын
есімнің заттануы деп атайды.
Сын есім сөйлемде анықтауыш, пысықтауыш, баяндауыш қызметін
атқарады: Қисықтың көлеңкесі де қисық. Тәжірибелі ұстаз сабақты жақсы
түсіндіреді.
Заттанған сын есім сөйлемнің барлық мүшесі бола береді: үлкенді
сыйла, жақсыдан үлгі ал.
149
Сын есім мағынасына қарай (по значению) сапалық (качественные)
және қатыстық (относительные) болып екі топқа бөлінеді.
Сапалық сын есім деп заттың түрі, түсін, сапасы мен санын, көлемі
мен аумағын білдіретін бір морфемалы сөздер аталады: ақ, көк, үлкен,
жақсы, биік, кең, жалпақ.
Сапалық сын есімнің түрлері:
а) түрі мен түсі (качество, признак цвета): қызыл, жасыл, көк;
ә) сын-сипаты (характер и свойство): жақсы, сұлу, жалқау, жуас,
қатты, өткір, семіз, әлсіз, арық;
б) көлемі мен аумағы (объем, величина, размер): үлкен, кішкене, кең,
тар, биік, аласа, ұзын, қысқа, алыс, жақын, жуан, жіңішке;
в) дәмі мен исі (вкус): ащы, тұщы, тәтті, дәмді, қышқыл, тұзды;
г) пішіні, түрі (формасы): қырлы, түзу, қисық, домалақ, сопақ, жұмыр,
жалпақ, томпақ, дөңгелек.
Қатыстық сын есім деп заттың белгісін басқа бір заттың қатысы
арқылы білдіретін сөздер аталады: таулы жер, қамысты көл, жазғы самал,
бойшаң жігіт, бөрікті адам, күзгі жел.
Қатыстық сын есімдердің жасалуы:
а) -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті жұрнақтары;
ә) -дай/-дей, -тай/-тей;
б) -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік жұрнағы;
в) -сыз/-сіз;
г) -ғы/-гі, -қы/-кі.
Сын есім тұлғасына қарай (по способу образования) негізгі
(непроизводные) және туынды (производные) болып екі топқа бөлінеді.
Негізгі түбір сын есімдер деп құрамы бөлшектеуге келмейтін негізгі
түбір сөз арқылы заттың сындық белгісін білдіретін сөздер аталады:
қоңыр, семіз, жылы, қалың.
Туынды түбір сын есімдер деп сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалған
сөздер аталады: ойлы, күлкішіл, таудай, сырлас, сөзшең, қысқы.
Сын есімдер құрамына қарай (по составу) дара (простые) және
күрделі (сложные) болып тағы да екі топқа бөлінеді.
Дара сын есімдер деп құрамы бір ғана сөзден тұратын сындық
мағыналы сөздер аталады: әдемі, ұзын, таңғы.
Күрделі сын есім деп ең кемі екі сөзден құралып, бір сындық ұғымды
білдіретін сөздер аталады: күрең қызыл, қара ала, қара сұр, ақ сақалды,
түлкі тымақты.
Күрделі сын есімдер өз ішінде қосарлы (парные) және тіркесті
(словосочетания) болып бөлінеді.
Қосарланған сын есімдердің жасалуы (образование парных
прилагательных):
а) бірігу: аппақ, көкпеңбек, сөзқұмар, өркөкірек, бауырмал, тапқыр.
150
ә) қайталану: биік-биік, үлкен-үлкен;
б) қосарлану (қайшы мәндес): ұзынды-қысқалы, жақсы-жаман,
үлкенді-кішілі, ағалы-інілі;
в) бір сыңары мағыналы, бір сыңары мағынасыз (сыңар мәндес);
балалы-шағалы, ұсақ-түйек, жаман-жұтық;
г) бір сыңары -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік жұрнағы арқылы:
қоғамдық-тарихи, идеялық-саяси, әлеуметтік-саяси;
ғ) екі сыңары да -и жұрнағы арқылы: ғылыми-әдеби, әскери-саяси;
д) екі сыңары да -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті жұрнақтары немесе бір
сыңары -сыз/-сіз жұрнақтары арқылы: таулы-тасты, ікелі-балалы,
орманды-тоғайлы, ойлы-шұңқырлы, орынды-орынсыз, ағашты-ағашсыз;
ж) күшейткіш буын арқылы: әп-әдемі, жап-жасыл, ұп-ұзын, топ-
толық.
Тіркесті сын есімдердің (словосочетания имен прилагательных)
жасалуы:
а) сапалық (негізгі) сын есімдер бір-бірімен тіркеседі: сары ала, қара
көк:
ә) негізгі сын есіммен -лы/-лі, -ды/-ді, -ты/-ті формалы туынды сын
есімдер (қатыстық сын есімдер) тіркеседі: қызыл шырайлы, кең маңдайлы,
орта бойлы, шоқша сақалды;
б) бірінші сыңары ІІІ жақты тәуелді зат есім, екінші сыңары сын есім
болады: басы бос, көзі ашық, тілі майда, жүзі жылы, қолы ашық, жөні түзу;
в) күшейтпелі үстеу арқылы: өте әдемі, тым биік, аса терең, нағыз
адал, орасан зор, өте қымбат;
г) зат есім, сан есімдермен -лық/-лік, -дық/-дік, -тық/-тік формалы сын
есім тіркеседі: мерекелік концерт, көңіл көтерерлік, бес жылдық, он адам
сиярлық, екі-үш күндік, амандық хат;
ғ) қатыстық сын есім мен қатыстық сын есімнің тіркесі арқылы:
қазақы мінезді, толықша денелі, сәнді киімді, сапалы білімді.
Достарыңызбен бөлісу: |