СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
(Словообразующие суффиксы имен прилагательных)
1. ЕСІМДЕРДЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
(Словообразующие суффиксы прилагательного от имен)
-лы/-лі – пайдалы, балалы, үлгілі, өнерлі;
-ды/-ді – ақылды, құмды, білімді, көлді;
-ты/-ті – тасты, ағашты, көрікті, шөпті;
-лық/-лік – қалалық, орталық, өлкелік, кісілік;
-дық/-дік – жылдық, қоғамдық, шешендік, күндік;
-тық/-тік – азаматтық, жолдастық, көйлектік, кәмелеттік;
-лас/-лес – сырлас, бауырлас, тілеулес, көршілес;
-дас/-дес – ауылдас, мұңдас, дәмдес, елдес;
151
-тас/-тес – туыстас, қанаттас, қызметтес, серіктес, әріптес;
-сыз/-сіз – ақылсыз, суысыз, білімсіз, көліксіз;
-қы/-кі – қысқы, сыртқы, ішкі, кешкі, түскі;
-ғы/-гі – жазғы, ауызғы, күзгі, түнгі;
-дай/-дей – таудай, судай, үйдей, әкедей, түлкідей;
-тай/-тей – аттай, қыстай, құстай, сүттей;
-шыл/-шіл – арманшыл, ұйқышыл, көпшіл, күлкішіл;
-шаң/-шең – бойшаң, ашушаң, көйлекшең, сөзшең;
-и – әдеби, мәдени, тарихи, әскери, діни;
-қой – сәнқой, әзілқой, кәсіпқой, әуесқой;
-қор – жемқор, жалақор, ызақор, бейнетқор;
-паз – өнерпаз, білімпаз, талғампаз;
-кер/-гер – табыскер, айтыскер, шипагер, найзагер;
-дар/-тар – қарыздар, білімдар, хабардар, борыштар
-мал – бауырмал
2. ЕТІСТІКТЕРДЕН СЫН ЕСІМ ТУДЫРАТЫН ЖҰРНАҚТАР
(Словообразующие суффиксы прилагательного от глаголов)
-қақ/-кек – жабысқақ, майысқақ, ұрысқақ
-ғақ/-гек – тайғақ, құрғақ, тоңғақ;
-ақ/-ек – қорқақ, қосақ, кесек, ирек;
-ық/-ік – сынық, ашық, жатық, ісік, бітік;
-қ/-к – ақсақ, ширақ, дөңгелек, сирек;
-қыш/-кіш – тапқыш, айтқыш, кескіш, көргіш;
-ғыш/-гіш – болжағыш, байқағыш, сезгіш, білгіш;
-шақ/-шек – мақтаншақ, қызғаншақ, еріншек, сүріншек;
-ыңқы/-іңкі – басыңқы, жатыңқы, кебіңкі, көтеріңкі;
-ңқы/-ңкі – салбыраңқы, шашыраңқы, желбіреңкі;
-ынды/-інді – туынды, ағынды, түйінді;
-нды/-нді – жасанды, асыранды, серпінді;
-малы/-мелі – таңдамалы, жинамалы, төгілмелі, үрлемелі;
-палы/-пелі – ауыспалы, аспалы, көшпелі, серіппелі;
-ымды/-імді – жағымды, жарасымды, үйлесімді, келісімді;
-мды/-мді – ұстамды, шыдамды, жарамды;
-улы/-улі – санаулы, жинаулы, ерттеулі, бүктеулі, ілулі;
-уық/-уік – жылауық, маңырауық, сыбырлауық, тістеуік;
-ма/-ме – құрама, қынама, жиналма, бұрама, көтерме;
-ба/-бе – қызба, тұнба;
-па/-пе – аспа, даурықпа, бөспе;
-аған/-еген – қабаған, қашаған, сүзеген, тебеген;
-қыр/-кір – ұшқыр, тапқыр, өткір;
-ғыр/-гір – алғыр, қадалғыр, білгір;
-кілікті – жеткілікті, кешкілікті;
-ғылықты – тұрғылықты
152
Достарыңызбен бөлісу: |