А. Амангелді, С. Симбаева


САН ЕСІМ  (Имя числительное)



Pdf көрінісі
бет142/165
Дата07.02.2023
өлшемі53,4 Mb.
#66060
түріОқулық
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   165
САН ЕСІМ 
(Имя числительное
І. Категориялық мағынасы 
Категориальное значение 
Заттың санын, мөлшерін, ретін білдіретін сөз табын сан есім деп 
атайды. Сан есім неше?, қанша?, нешеу? (сколько?), нешінші? (который по 
счету?) деген сұрақтарға жауап береді. 
ІІ. Морфологиялық белгілері 
Морфологические признаки 
1. Сан есім құрамына қарай дара және күрделі (қосарлы (парные) 
және тіркесті (словосочетания), ал тұлғасына қарай негізгі және туынды 
болып бөлінеді. 
2. Сан есім субстантивтенген жағдайда зат есім сияқты септеледі, 
көптеледі, тәуелденеді. Сан есім баяндауыш қызметін атқарғанда 
жіктеледі. Сан есімге көптік жалғауы жалғанғанда болжалдық мағынасын 
білдіреді. 
3. Сан есімнің тек өзіне ғана тән, өзге сөз таптарында жоқ кейбір 
грамматикалық көрсеткіштері бар. Олар: -ыншы/-інші, -ау/-еу, ер. 
4. Сан есім лексика-грамматикалық мағынасына қарай 6 топқа 
бөлінеді. Олар: 1) есептік (количественные), 2) реттік порядковые), 3) 
жинақтық собирательные), 4) топтау (группирующие, разделительное), 5) 
болжалдық приблизительные), 6) бөлшектік (дробные). 
ІІІ. Синтаксистік қызметі 
Синтаксические функции 
1. Сан есім зат есімнің алдында қолданылады. Сан есім заттың санын, 
мөлшерін, ретін білдіргендіктен, сөйлемде анықтауыш қызметін атқарады. 
2. Сан есім субстантивтенгенде сөйлем мүшелерінің барлық қызметін 
атқарады: 
а) сан есім атау септікте тұрып, бастауыш болады. Алтау ала болса
ауыздағы кетер, Төртеу түгел болса, төбедегі келер; 
ә) сан есім жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп, 
баяндауыш болады. Біздің вагон бесінші (нешінші?). Біз бесеу (нешеу 
едік?) едік; 
б) сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің 
бірінде келіп, толықтауыш қызметін атқарады. Олар сағат бестарде 
(нешеде?) келеді. Білек бірді (кімді?), білім мыңды (кімді?) жығады. Сағат 
бестен (нешеден?) он бес минут кетті; 
в) сан есім анықтауыш қызметін атқарады. Төртеуінің (кімнің?) есімі 
жер жүзіне тарады; 
г) сан есім етістіктің алдында келіп, пысықтауыш қызметін атқарады. 
Сабақ оныншы (нешінші?) қазан айынан басталды. Мен студенттерге 
кітапты бір-бірден бердім. 


153 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   165




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет