Негізгі ұғымдар: жеке адам, индивид, жеке тұлға, даралық, даму, қалыптастыру, жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуының факторлары, қозғаушы күштері, заңдылықтары, тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие, іс-әрекет, қарым-қатынас, белсенділік, өзін-өзі тәрбиелеу.
Семинар сабағының жоспары. 1.Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы туралы ұғым. 2.Жеке тұлғаны тәрбиелеу және қалыптастырудағы мақсат пен міндеттер, оның тарихи және бүгінгі жағдайы. 3.Жеке тұлғаның дамуына және қалыптасуына ықпал жасайтын биологиялық және әлеуметтік факторлар: тұқым қуалаушылық, орта, тәрбие, олардың өзара байланысы. 4.Жеке тұлғаның дамуында іс-әрекеттің, қарым-қатынас пен белсенділіктің рөлі. 5.Балалардың жас және дара ерекшеліктері. Акселерация және тұлғаның әлеуметтік есею мәселесі. Негізгі әдебиеттер. 1.Педагогика. –Алматы: “Нұрлы Әлем”, 2003. – 368 бет. 2.Педагогика. Лекциялар курсы. /Ред. басқарған Б.Р.Айтмамбетова, А.А.Бейсенбаева. –Алматы, 1991. 3.Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. Педагогика. –Астана: Л.Н.Гумилев атындағы ЕАУ, 1998. –378 бет. 4. Әбенбаев С., Әбиев Ж. Педагогика: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2009. – 336 бет. 5.Балаларды жас кезеңдерге бөлу қаншалықты маңызды және онда қандай өлшемдер Студенттердің өздік жұмыстары. 1.Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына ықпал ететін факторларды кесте негізінде мазмұндау.
2.Тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеудің жолдары мен шарттарын сызба арқылы сипаттау.
3.Жеке тұлғаның дүниетанымы қалыптасуының жолдарын сызба арқылы негіздеу.
4.Проект жұмыстарын қорғау.
5. Жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының құрылымдық-мазмұндық моделін құру.
Бақылауға арналған сұрақтар.
1.Тұлғаның дамуы дегеніміз не?
2.Тұлғаны дамытудың мәні не?
3.Тұлғаның дамуында жетекші факторлар қандай?
4.Жеке тұлғада туа біткен қабілет бола ма?
5.Жеке тұлғаның өмірлік ұстанымының қалыптасуына не ықпал етеді?
6.Өзін-өзі тәрбиелеу деген ұғымды қалай түсінесіз?
7.«Адам», «индивид», «даралық», «жеке тұлға» ұғымдарын қалай түсінесіз және олардың бір-бірінен айырмашылықтары қандай?